Жексенбі, 12 Мамыр 2024 13:20

Ордабасы ауданындағы трактор зауыты 304 дана трактор, 6 комбайн құрастырып шығарған

Ордабасы ауданына облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен келіп, Бадам ауылдық округіндені «KazKioti» трактор құрастыру зауытының жұмысымен танысты.

Зауыт басшылығы облыс әкімінің орынбасарын зауыттың қуаттылығы және алдағы даму бағыты туралы ақпараттандырды.Айта кету керек, зауытта 50 адам жұмыс істейді.

Олар 2023 жылы 304 дана трактор, 6 комбайн құрастырып шығарған. Ал, осы жылдың бірінші тоқсанында 120 дана трактор құрастырған. 2023 жылы Алматы, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалаларында зауыттың филиалдары мен дилерлік орталықтары ашылды.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету екенін ерекше атап өткені белгілі.

Бұл орайда, өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беру аса маңызды. Қазіргі таңда Түркістан облысы Ордабасы индустриалды аймағында шығарылып жатқан тракторларға сұраныс жоғары. «KAZKIOTI» ЖШС кәсіпорны бүгінде өз өнімдерін Түркістан облысы және Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Орал, Ақтөбе қалаларына жіберуде. Аталған кәсіпорын екі жылдан бері қытайлық Dongfeng және Wuzheng компанияларымен бірлесе қосалқы бөлшек алып, ауыл шаруашылығы техникасын құрастырып шығарады.

Трактордың ішкі және сыртқы дизайны өзгерген. Оның ішінде дыбыс оқшаулау жүйесі орнатылып, жайлы да заманауи жүргізуші орны жасақталған. Сондай-ақ желдеткіш қарастырылған. Бұл зауыт жылына 600 дана трактор шығарады.

Бүгінде зауытта 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында өндірілетін өнімдер ауылшаруашылығы саласын қамтитындықтан, шаруалар тарапынан көктем, жаз, күз айларында жер жырту мақсатында тракторларға сұраныс артады.

Айта кетерлігі, техниканы сатып алған жағдайда мемлекет тарапынан сатып алушыға 30 пайыз субсидия беріледі. Яғни, сатып алуға жұмсалған қаражаттың 30 пайызы кәсіпкерге қайтарылады.

Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапармен барып, бірқатар өндіріс орындарын аралаған болатын. Сапар барысында облыс әкімі Ақбұлақ ауылындағы «KAZ KIOTI» ЖШС-інде болып, ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауыттың жұмысымен танысқан болатын. Жоба құны – 7,2 млрд. теңге. Кәсіпорын жылына 2000 дана техника шығаруға қауқарлы. 2015 жылы салынған зауыт «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. Компанияның серіктестері – ауылшаруашылық техникасының әлемдегі жетекші өндірушілері. Олар: «DongFeng» және «WUZHENG». Бүгінде Ордабасы индустриалды аймағында құрастырылатын тракторларға сұраныс жоғары. Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауыт трактордың 5 түрін жинап шығаруда. Қосалқы 3 және 4 корпусты соқа (плуг) шығарып жатыр. 2023 жылы 200 трактор жиналып, оның 175-і сатылды. «KAZKIOTI» компаниясы арнайы лизинг бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама шарттары бойынша 15 пайыздан бастап алдын ала төлем жасалады. Лизинг мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін. Дархан Сатыбалды кәсіпорынның жұмысын оң бағалап, индустриалды аймақтарда осындай жобаларды көбейтуді тапсырды. Инвестициялық штабта жобаларды талқылап, қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сапар барысында өңір басшысы алюминий профиль бұйымдарын шығаратын «GOLD ALUMINIUM» ЖШС-інде болып, жұмыс барысын бақылады. Зауыттың құрылысымен танысқан өңір басшысы кәсіпкерлермен пікірлесіп, мемлекеттен тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді. «Инвесторларға қолдау көрсетіледі. Әр жобаны жоспарға сай уақтылы әрі сапалы атқару керек. Аудан, қалалардағы жобалар іске асса, облысымыздың экономикасының дамуына үлес қосады деп үміттенімін», – деген болатын өңір басшысы. Жылдық қуаттылығы – 10 мың тонна. Жоба «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан. 2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында мемлекеттік қабылдаудан өтіп, іске қосылған. Газ құбырына қосылуға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-нан техникалық шартты осы жылдың маусым айында алып отыр. Инвестициялық құны 3 млрд. теңгені құрайтын бұл жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары өз қаржысы есебінен жүргізіліп, өткен жылы мемлекеттік қабылдаудан өтті. Кәсіпорын 100 жаңа жұмыс орнымен іске қосылды. Зауытта боялған және боялмаған алюминий профильдері шығарылады. Айта кетейік, «Gold Aluminium» зауыты – еліміздегі әртүрлі мақсаттағы алюминий профильдерін және одан жасалған бұйымдарды шығаратын компаниялардың арасында көшбасшы.

Ал 2019 жылы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында жылына 70 трактордың тіркемесін жасап шығаратын өндіріс орны іске қосылған болатын. Сол кезде мемлекеттен қайтарымсыз 225 млн. теңге грант жеңіп алған «Центр сервис СХМ» өндірістік кешені аграрлы аймаққа қажетті тіркемелерді шаруаларға тиімді бағада шығаруды көздеді.

Ескі техникаларды пайдалану шығынды көбейтеді және егінді толық жинап алуға мүмкіндік бермейтіні айдан анық. Осы олқылықтарды жою үшін мемлекетіміз тарапынан техникаларды жасаушы отандық кәсіпорындарды қолдау шаралары белгіленді. Солардың қатарында отандық техника жасаушыларға өз өнімдерін ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге арзандатып сату үшін субсидиялар беру, қосымша құн салығынан жеңілдіктер жасау, гранттар беру сияқты жұмыстар атқарылуда.

3D қондырғылардың арқасында қажетті торлы сымдар мен қаңылтыр жасап шығарылып, көлемі 8 тоннадан аса жүк сиятын трактор тіркемелері құрастырылуда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына қажетті соқалар мен тырмаларға өзге де техникаларға қажетті қосалқы бөлшектерді жасау үшін шетелден әкелінген қондырғылардың пайдасы зор.

Бұл ретте, өткен жылдың соңына таман Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бастаған делегация TOO «BNK Group LTD» компаниясының «RAGNAR», «YTO», «LUTONG» маркалы тракторлар шығаратын зауыттарына барды. Онда өндірушілермен бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыратын бірлескен зауыт салу мәселесі де қозғалды.

Ордабасы ауданында бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға 27,9 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 22,5 пайызды құрады. Бірыңғай индустрияландыру картасына аудан бойынша 111 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілд.і Аталған жобалар толығымен 2025 жылдың соңына дейін іске асырылады деп күтілуде.  Нәтижесінде, 1 305 жаңа жұмыс орны құрылады. Былтыр 1,2 млрд. теңгеге 2 жоба іске қосылып, 71 жұмыс орны ашылды.

Атап айтқанда: «Батсу Водоканал» компаниясы темір бетон бұйымдарын өндіреді, құны 1 млрд. теңге, 61 жұмыс орны ашылды. «Ордабасы Арт» спорт клубы құны 200 млн. теңге, 11 адам жұмыспен қамтылды. Оған қоса, «Gold Aluminium» компаниясы алюминий бұйымдарын өндіру жоспарлап отыр.Жобаның құны 3 млрд. теңгені құрайды, 100 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, «RZN» компаниясы автоклавталған газоблок өнімдерін өндіру жоспарлап отыр.Жобаның құны 1,5 млрд. теңге, 40 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Іске асатын жобалар ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Жыл соңына дейін 26 млрд. теңгеге 20 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда. Нәтижесінде, 540 жаңа жұмыс орны құрылады.

Жұмыспен қамту мәселесі басты назарда. мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды (жоспар мың адам), оның ішінде мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.

Ордабасы ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды.  Ауыл шаруашылығында 55,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артты.  Жалпы, 71,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда 105,1 гектарда жылыжайлар орналасқан, (оның ішінде ағымдағы жылы іске қосылғаны 10,1 гектар), егістік жерлерді игеруде 501 гектарға тамшылатып суғару, 530 гектарға жаңбырлатып суғару жүйелері қолданылуда. Ағымдағы жылы қосымша  гектарға жылыжайлар салынып, жалпы алаңы 1 мың 577 гектардан асты, 117 мың тонна өнім өндірілді.

Егіс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда гектарға артып, мың гектарға жетті (2022 ж. –мың га). Дала жұмыстары толығымен аяқталды. Жыл соңына дейін көкөніс, бақша, картоп өнімдерін тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.  Бүгінгі күнге  мың тонна картоп, мың тонна көкөніс, тонна бақша өнімдері жиналды.

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша гектарға жоба жүзеге асырылып, мың тонна көкөніс өнімі жиналды.  Ауданда ағын су мәселесі өзекті болып келеді. Каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін  7 млрд. 277 млн. теңге қаралып, 9 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған нысандардың құрылысы 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 7 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыру мәселесін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Былтыр 21 каналдың 44,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, «Боралдай» су қоймасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынуда. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады.

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен осы жылы қазан айында аудан әкімі жергілікті кәсіпкерлермен Қытай Халық Республикасына іс-сапарға барды. Іс-сапардың басты мақсаты – экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру. Іс-сапар барысында Ордабасы ауданы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында кәсіпорындарын құру мүмкіндігі талқыланды.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 18,2 млрд. теңгеден асып, 5,4 пайызға артты (НКИ). Өсім негізінен:

– өңдеу өнеркәсібі (11,9 млрд.теңге немесе 106,8%);

– электр энергиясын өндіру (33,3%-ға);

– суды жинау, өңдеу және таратудың (100,4%) есебінен қалыптасты.

Бүгінде Ордабасы ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты деңгейде. Жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 793 мың теңгеден келеді. Жалпы өңірлік өнім құрылымының 39 пайызы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке 29 пайызы, саудаға 19 пайызы, құрылысқа 13 пайызы тиесілі.  2023 жылдың қорытындысымен өсім +2% деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Өңдеу өнеркәсібінде жүзеге асырылған, асырылатын жобаларды жазу керек.

2024 жылға арналған міндеттер:

– Өнеркәсіп өнімінің көлемін 28 млрд. теңгеге жеткізу;

– Өңдеу өнеркәсібінде өндіретін өнім көлемін 270 млрд. теңгеге жеткізу.

Жыл басынан «Еңбек» бағыты бойынша  мың адам субсидияланған жұмыс орындарына жолданды, оның ішінде:

–  «Жастар практикасы» арқылы;

–  «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы;

–  қоғамдық жұмыс орындарына жолданды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 102 жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде, жастар арасында кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында биыл жасқа несие беру көзделді.Несие жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін беріледі. Бүгінгі таңда, комиссияда жастың жобасы мақұлданып, кәсіпкерлігін дамытуға қолдау тапты. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Жалпы, Түркістан облысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 30,2 млрд теңге болатын 20 жоба іске асырылып, 594 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Бүгінде 384 жаңа жұмыс орнымен жалпы құны 11 млрд теңге 10 жоба іске қосылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Өңірде ірі жобаларды іске асыру есебінен өзіндік кірістерді алдағы 5 жылда қосымша 100 млрд теңгеге көбейту көзделіп отыр. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, бүгінгі таңда 10 жоба іске қосылды (11 млрд теңге, 384 жұмыс орны).

Облыс экономикасына тартылған инвестиция көлемі 1,4 есе артып, 751 млрд теңгеден асты. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 225,3 млн АҚШ долларына жетті. Жалпы құны 3,3 трлн теңге болатын 194 инвестициялық жобалардың пулы қалыптасты. Олар 2023-2026 жылдар аралығында іске қосылып, 16 467 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Биыл 51 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, жыл басынан 39 жоба іске қосылды. 1230 жұмыс орны ашылған.

Жиһаз өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өткен жылы осы өңірдің жиһаз өнеркәсібіне 13,2 млрд теңге инвестиция салынып, республикалық деңгейдің 76,8 пайызын құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Түркістан облысында осы салаға 1,4 млрд теңге инвестицияланған. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, бір жылда саладағы инвестиция көлемі тоғыз еседен астам (9,1) өсім көрсетіп отыр. Мұндай жоғары көрсеткіштер кеңселер мен сауда кәсіпорындары үшін жиһаз өндірісіне (+5,8 есе - 6,3 млрд теңгеге дейін) және басқа да жиһаздарға (+18,9 есе - 6,9 млрд теңгеге дейін) инвестициялар көлемін арттырудың арқасында мүмкін болды.

2023 жылы Түркістан облысының экономикасына 972 млрд. теңге тартылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 126,1%-ға артты. Оның ішінде жеке инвестициялар 705,1 млрд. теңге болса, бюджеттік инвестициялар – 266,9 млрд. теңге. Өсім динамикасы бойынша облыс республикада 3-орында тұр. Үкіметпен бекітілген жоспар (908,2 млрд. теңге) 107%-ға орындалды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірді дамытуда инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту, өндірісті дамыту және туризм саласына басымдық беріп отыр. Оның ішінде инвестиция тартуға айрықша көңіл бөлінген.  Өңірлік инвестициялық штаб тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Штаб отырысында инвесторлармен тікелей байланыс орнатылып, нақты келісімдер жасалады.

– Экономиканы көтеру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды. Инвесторларға, отандық кәсіпкерлерге жағдай жасауға басымдық берудеміз. Мен кәсіпкерлерді күтіп отырмаймын, алдына өзім барамын. Тіпті, өңірде жобасын жүзеге асырғысы келетін кейбір кәсіпкерлерді әуежайдан өзім күтіп алып жүрмін. Мақсат – өндіріс орындарын көбейту. Біз кәсіпорындарды көбейту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Осы мақсатта өңірде шағын өнеркәсіптік аймақтар құруды бастадық. Жобаға сәйкес алдағы 3 жылда 42 өндірістік ғимаратты салу көзделіп отыр. Жалпы алаңы 66 528 шаршы метрге жетеді. Қазір 11 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізіліп, кәсіпкерлерге жеңілдетілген талаптармен ұсынылды. Мұнда шағын кәсіпорындар жұмысын бастайды. Біздің басым бағыттарымыз – инвестиция тарту, өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері бұл бағыттағы жұмысты әлі де жандандыра түсуі керек. Инвестиция тарту жұмысы жыл, он екі ай бойы үздіксіз жүргізілсін. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда жүйелі мәселелер бар. Нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді тіркеп, есепке алу қажет. Шағын және орта кәсіпкерлікке тұрғындарды ынталандыру, қолдау көрсету жұмыстарын жандандырыңыздар – деген болатын Дархан Сатыбалды.

Биылғы І тоқсанда облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Көрсеткіштер жақсарған. Бірақ жекелеген аудан, қалаларда бірқатар индикатордың орындалуы төмен деңгейде болды. Басты бағыттар – инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту. Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында оң динамика сақталды. Жалпы рейтингте 37 индикатор жоспарланған.

Өнеркәсіп өнім көлемін есепті кезеңде 226,1 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, ол 274,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 107,1% деңгейінде орындалды. Жоспарға қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің есепті кезеңде 103,3 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, нақты 122,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 114,8% деңгейінде жүзеге асқан. Ауыл шаруашылығында өнім көлемін122,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, нақты 128,8 млрд. теңгені құрап, артығымен орындалған. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның І тоқсандағы межесі 105,5 млрд. теңге болса, нақты 132,3 млрд. теңгені тартылып, артығымен атқарылған.

Құрылыс жұмыстары көлемінің жоспары 31,5 млрд. теңге болса, нақты 36,7 млрд. теңгені құрап, жоспарға қол жеткізілді. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер жоспары 120,1 мың шаршы метр болса, нақты 150,3 мың шаршы метр үй пайдалануға тапсырылған. Ішкі туристер саның ұлғайту мақсатында І тоқсанға 45 490 адамға жеткізу жоспарланған, орындалуы 46 683 адамды құрап аудан, қалаларда межеленген жоспар толығымен орындалды.

АЕМ-ді мобильді интернетпен қамту көрсеткіші бойынша аудан, қалаларда межеленген жоспар толығымен атқарылған. Сонымен бірге қанайналым жүйесі мен қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім төмендеген. Жалпы рейтингтік бағалау нәтижесінде көшбасшылар қатарында Сауран, Кентау, Сайрам және Түркістан әкімдіктері орналасқан.

Сондай-ақ, бүгінде Түркістан облысының даму стратегиясы дайындалып жатыр. Яғни, Түркістан облысының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының кешенді жоспары әзірленуде. Өңірдің дамуының негізгі мақсаттары, алда қол жеткізетін көрсеткіштер, басты бағыттар мен экономикалық бастамалар осы құжатқа енгізіледі.

Бұл мақсатта ауқымды зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Құжатты дайындау үш кезеңнен тұрады. Жоба жұмысына бір топ сарапшылар атсалысып жатыр. Маңызды құжатты дайындауда өңір дамуындағы проблемаларды ескере отырып, дамыған елдер тәжірибелері де ескерілуде. Аталған құжатта 8 негізгі стратегиялық бағыт айқындалып, сол бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды.

Стратегиялық құжатты әзірлеу барысы былтыр қазан айында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. Жиынға қатысушылар жоспарды іске асыру мәселелерін және асырудың одан арғы қадамдары туралы өз ойларын ортаға салды. Жоба теңгерімді аумақтық даму, адами капиталдың сапасын арттыру, халыққа қолжетімді инфрақұрылым, халықтың табысын арттыру, тұрақты экономикалық өсу секілді стратегияны іске асыру алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, басымдықтарды дамытуға және өңір тұрғындарының әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Басты стратегиялық мақсат ретінде алдағы жылдарға облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру саналады. Дамудың басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласы.Халықтың табысын арттыру – басты назарда. Аймақ басшысы экономиканы әртараптандыру мен өңдеу өнеркәсібіне басымдық берудің маңыздылығын айтты. Тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын жеткізді.

– Өңірімізді дамытудың әр сатысына арналған жоспар нақты көрсетілуі тиіс. Батыл қадам жасау арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болады. Халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрақты жұмыспен қамту – басты назарда. Бұл – әр аудан, қала әкімінің міндеті. Негізгі мақсаттар бір құжатта нақты көрсетіліп, бекітіледі. Соның аясында жұмыс істеп, күш салу керек. Бұл құжат өңірдің 7 жылдық даму жоспары ретінде қызмет етіп, индикаторлар орындалуы тиіс, – дейді облыс әкімі Дархан Сатыбалды. Құжатқа қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен ұлттық жобаларына енгізілген барлық іс-шараны көздейтін кеңейтілген даму бағдарламасы енеді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 120 рет