Сейсенбі, 28 Мамыр 2024 12:10

Ордабасы: жер телімдерін кәсіпкерлік және өндіріс мақсатында жеке меншікке сатудан 2024 жылы бюджетке түсетін жоспарлы түсімдер жайлы айтылды

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, жер қатынастары бағыты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстары, сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі кеңінен талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков баяндама жасап, жер телімдерін кәсіпкерлік және өндіріс мақсатында жеке меншікке сатудан, аукцион арқылы өткізуден және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден 2024 жылы бюджетке түсетін жоспарлы түсімдерге тоқталды. Сондай-ақ ортақ жайылым көлемін ұлғайту, елді мекен шекарасын кеңейту мақсатындағы атқарылып жатқан жұмыстарды сөз етті.

Аудан басшысы бөлім басшысы мен ауылдардың әкімдеріне кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерді аукцион арқылы айына бір рет шығарудың мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, суармалы жерлерге талдау жүргізу, мақсатсыз пайдаланып жатқан жерлерді мақсатына сай жүргізу үшін иелеріне хабарлама беру керектігін айтты. Бұл мәселе бойынша заңды талаптар орындалмаған жағдайда жерлерді мемлекетке қайтару шараларын пысықтауды тапсырды. Одан бөлек елді мекендердің шекарасын кеңейтуге байланысты да бірқатар тапсырмалар берілді.

Екінші мәселедегі сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ баяндама жасап, аудан бойынша көрнекі ақпарат құралдарының (бибордтар) саны, тозығы жеткендері мен мерзімі өткендері туралы ақпарат берді.

Аудан әкімі аталған мәселедегі кемшіліктерді жою үшін ауыл әкімдеріне, тиісті бөлімдерге тапсырмалар беріп, аудан орталығындағы баннерлердің жарықтандырылуын, беттерінің шынылануын тапсырды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ардақ Талдыбаев баяндама жасады. Ол бөлімнің 2024 жылғы индикаторларына кеңінен тоқталып, атаулы әлеуметтік көмек, кедейлік деңгейі, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау, ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау бағыттарындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.

Аудан басшысы атаулы әлеуметтік көмек тағайындамай тұрып жұмысшы топ тарапынан отбасыларға талдау-саралау жұмысы жүргізілуі тиіс екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ аудан әкімі ауылдық округтердің әкімдеріне, салалық мекеменің жауапты мамандарына елді-мекендердегі санитарлық-тазалық (бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, егілген көшеттерді күтіп ұстау, әктеу, сырлау), абаттандыру жұмыстарын ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жекелеген елді мекендердің ортақ жайылымын ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Ордабасы ауданы әкімдігі мен Ордабасы ауданы прокуратурасы бірлесе отырып, аудан көлеміндегі Бадам, Бөржар, Қажымұқан, Жеңіс, Қараспан, Төрткөл ауыл округтеріндегі елді мекендердің іргесінде орналасқан жалпы көлемі 4515,61 гектар жайылымдық жер учаскелерін пайдаланушы 20 жеке және заңды тұлғаның жайылымдық жер учаскелері анықтады.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі тарапынан жер иеленушілермен келіссөздер жүргізу нәтижесінде жалпы көлемі 490 гектар жайылымдық жер учаскесі Ордабасы ауданы әкімдігінің қаулысымен ауданның арнайы жер қорына қайтарылды. Сонымен қатар қосымша келіссөздер арқылы 3 жер пайдаланушының 512,84 гектар жері де қайтарылады деп жоспарлануда. Игі іске қолдау білдіріп, өз еркімен 330 гектар жерді қайтаруға ниет білдірген 2 жер иеленушінің өтініші де қаралып, жайылым жер ұлғаймақ. Нәтижесінде ауданның арнайы жер қорына қайтарылған жайылымдық жер учаскелері, аудан көлеміндегі жекелеген елді мекендердің ортақ жайылымына, тұрғылықты ауыл округі әкімі аппаратының теңгеріміне түпкілікті бекітіліп берілетін болады.

Ауыл-аймақ үшін, әсіресе, жайылым жер қашан да өзекті екені түсінікті. Жалпы, Ордабасы ауданының барлық жер көлемі 265 561 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 208 662 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 71273 гектар, оның ішінде суармалы егістік — 32 711 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер — 1 490 гектар, тыңайған жерлер — 18 954 гектар, ал жайылымдар 103 992 гектарды құрайды.

Жер санаттары бойынша тоқталсақ:

ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері — 208662 гектар;

елді мекендердің жерлері — 19854 гектар;

өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы емес, басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 15411 гектар;

ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 49958 гектар;

орман қорының жерлері — 4821 гектар;

су қорының жерлері — 8522 гектар;

Ордабасы ауданының 5738 гектар жерін Бәйдібек ауданы және 392 гектар жерін Төлеби ауданы пайдалануда.

Жоғарыда айтқандай, Ордабасы ауданында жалпы жайылымдық жер 103992 гектарды құрайды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мал басына шаққандағы жайылымды есептей келе барлығы 1 284 725 гектар жайылым жер учаскесі қажет екендігі анықталып отыр.

Жайылым жер туралы айтқанда, мал басы жөнінде ақпарат берген жөн. Аудан бойынша барлығы 431684 бас (60600 ірі қара, 20008 жылқы, 351076 уақ мал, 478 түйе) көлемі 103992 гектар жайылымды пайдаланады, осы көрсетілген малдардың ішінде барлығы 17603 бас (5869 ірі қара, 1697 жылқы, 10037 уақ мал) мал бір орында, қоралық жағдайда ұсталалып, бордақыланады.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Ордабасы ауданында жалпы 431684 бас малға көлемі 1 180 733 гектар жайылым жер жеткіліксіз екендігі байқалады. Жергілікті билік Ордабасы ауданындағы жайылымдық жердің жеткіліксіздігін шешу үшін, жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені азайтып, мал өсіруді жайылымдық-қоралық жүйеден жайылымды қажет етпейтін мал өсіру жүйесіне (қорада ұстап бағу, бордақылау) ауыстыру қажет деген ұйғарымға келіп отыр.

Аудан басшысының сөзіне сенсек, Ордабасы ауданында 2023 жылы ортақ жайылым көлемі 8 700 гектарға ұлғайтылған. Бүгінде 2 157 гектар жайылым аудандық қорға қайтарылыпты. 

Орайы келгенде еске салайық, Түркістан облысында 3,1 миллион гектар жайылымға қажеттілік бар. Былтыр 1 миллион 12 мың гектарды қайтару жоспарланған еді. Оның 405 мыңы мемлекетке қайтарылды да, 600 мыңнан астам гектар жайылым иелерімен меморандумға тұру арқылы елдің ортақ пайдалануына ұсынылды. Жаңа бастамаға орай Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының хабарлауынша, Ордабасы ауданы Ақсары ауылында 17 мың гектар жайылым жер қайтарылып, халықтың талабы орындалған.

Төрткөл ауыл округі, Ақсары ауылына жақын орналасқан жайылым алқаптары 910 гектарды құрайды. Бұл жер көлемі ауыл тұрғындарының шаруамен айналысуына аздық етеді.

Өз кезегінде аудан әкімі тиісті сала мамандарына кейбір мәселелердің заңдылығын қарап, мүмкіндігінше жылдамдатып шешуді, ретке келтіруді тапсырды. Жалпы, әрбір көтерілген мәселенің ұдайы бақылауда болатындығын айтып, рет-ретімен шешімін табатындығын жеткізді.

Жалпы, Түркістан облысында жайылымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағыттағы тапсырмасының орындалу барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте де кеңінен талқыланды.

Жаңа форматта өткен отырыста баяндалған тақырыпқа қатысты шешілмеген мәселелер бөлек қаралды. Яғни, әрбір баяндамаға қатысты облыс әкімі аппараты тарапынан сараптама жасалып, кемшіліктер сараланады. Былтыр Түркістан облысында 412,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, меморандум арқылы 622,6 мың гектар жер елге ортақ пайдалануға берілген. Осылайша, 1 млн. гектардан астам жайылым тапшылығы шешімін тапқан.

– Жайылым жер тапшылығы мәселесін шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру керек. Бұл – ел үшін аса маңызды. Бірнеше аудан, қала әкімдіктері тарапынан жерді қайтару жұмыстарында кемшілік анықталып отыр. Бекітілген жер телімдеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, мақсатсыз пайдаланылған жерді мемлекетке қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын. Жайылым жерлерлерді конкурс арқылы беру барысында ең бірінші кезекте елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету ескерілуі қажет. Бұл күнделікті жұмыс болуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.

Еліміздегі жалпы мал басының 18 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Биыл өңірде жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құрады. Осы бағытта ортақ жайылымның көлемін ұлғайтып, елді мекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру, аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын арттыру көзделген. Нәтижесінде 2024 жылға облыстағы жайылым тапшылығы төмендеп, 1107,8 мың гектарды құрайды.

Өткен жылдың қорытындысымен 333,2 мың га жер учаскесі ортақ жайылымға қайтарылып, елді мекендердегі жайылым жүктемесінен 681,8 мың га кеміді. Ортақ жайылым жерлерді қайтару барысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысының баяндамасы тыңдалды. Түркістан облысында жайылым жердің жалпы аумағы 8 млн. 860 мың гектардан асады. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. Негізгі мәселе – мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылығында.Облыс әкімі көптің көкейіндегі мәселенің шешілуі қатаң бақылауда екенін айтты. Төрт түлігімен күн көрген ауылдағы ағайынға жетпеген жайылым проблемасына қатысты жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

«Қолжетімді жайылым» жобасы аясында облыс әкімдігі облыстық прокуратура мен бірлесе іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмысшы топ құрамы бекітілді. Жұмысшы топ тарапынан ауылдардағы нақты мал басына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық округтердің жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Зерделеу жұмыстарының барысында «Ауыл шаруашылығы жануарларды бірдейлендіру» (ИСЖ) базасындағы жұртшылықтың нақты мал басымен ауылдық округ әкімдерінің статистикалық басқармаға ұсынған ақпаратында айырмашылықтар анықталуда.

– Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі ведомствоаралық жұмысшы топтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесе 2023 жылға 330,0 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспары бекітілген болатын, – дейді Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген.

2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мақсатына сай пайдалануына космомониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 4543 жер пайдаланушының 560,6 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінің мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталған. Жалпы, облыста мал шаруашылығы көрсеткіштері оң динамиканы көрсеткенімен, жайылым жерлердің тапшылығы бар. Тапшылықты жою үшін ортақ жайылым көлемін биыл 1 миллион 15 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту аясында жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені төмендету мақсатында басымдық мал бордақылау алаңдары мен сүт-тауарлы фермаларын ашуға беріледі. Бұл бағыттарда биыл бірқатар ірі инвестициялық жоба іске асырылады.

Атап айтқанда, мал бордақылау алаңдарының саны артады. Биыл 8 млрд теңгеге 37 мың 350 мал сиятын 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда. Сондай-ақ, 13 миллиард теңгеге 2 мың 380 малға арналған сүт-тауарлы фермалары салынып, 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазіргі мемлекеттік қолдау шаралары мал шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын сақтауға мүмкіндік берді. «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында мал бордақылау бағыты бойынша 695 миллион теңгеге 157 жоба, сүт-тауарлы фермалары бағыты бойынша 788 миллион теңгеге 170 жоба мақұлданды. Бұл бағыттағы мәселелер — тұрақты бақылауда.

Түркістан облысында 412,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, меморандум арқылы 622,6 мың гектар жер елге ортақ пайдалануға берілген еді. Осылайша, 1 миллион гектардан астам жайылым тапшылығы шешімін тапқан. Осы аталған бағытта мемлекет басшысы жайылым жерлерді мемлекетке қайтару жайында тиісті тапсырмалар берген болатын. Жүктелген тапсырмалар аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды былай деді: «Жайылым жер тапшылығы мәселесін шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру керек. Бұл – ел үшін аса маңызды. Бірнеше аудан, қала әкімдіктері тарапынан жерді қайтару жұмыстарында кемшілік анықталып отыр. Бекітілген жер телімдеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, мақсатсыз пайдаланылған жерді мемлекетке қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын. Жайылым жерлерлерді конкурс арқылы беру барысында ең бірінші кезекте елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету ескерілуі қажет. Бұл күнделікті жұмыс болуы тиіс».

Айта өтсек, еліміздегі жалпы мал басының 18 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Биыл өңірде жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құрады. Осы бағытта ортақ жайылымның көлемін ұлғайтып, елді мекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру, аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын арттыру көзделген. Нәтижесінде 2024 жылға облыстағы жайылым тапшылығы төмендеп, 1107,8 мың гектарды құрайды. Жыл қорытындысымен 333,2 мың гектар жер учаскесі ортақ жайылымға қайтарылып, елді мекендердегі жайылым жүктемесінен 681,8 мың гектарға кемиді. Ортақ жайылым жерлерді қайтару барысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысының баяндамасы тыңдалды. Түркістан облысында жайылым жердің жалпы аумағы 8 миллион 860 мың гектардан асады. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. Негізгі мәселе – мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылығында.

 Облыс әкімі көптің көкейіндегі мәселенің шешілуі қатаң бақылауда екенін айтты. Төрт түлігімен күн көрген ауылдағы ағайынға жетпеген жайылым проблемасына қатысты жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. «Қолжетімді жайылым» жобасы аясында облыс әкімдігі облыстық прокуратура мен бірлесе іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмысшы топ құрамы бекітілді. Жұмысшы топ тарапынан ауылдардағы нақты мал басына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық округтердің жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Зерделеу жұмыстарының барысында «Ауыл шаруашылығы жануарларды бірдейлендіру» (ИСЖ) базасындағы жұртшылықтың нақты мал басымен ауылдық округ әкімдерінің статистикалық басқармаға ұсынған ақпаратында айырмашылықтар анықталуда.

Еліміз жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-орында болғанымен, жердің жетіспеуіне қатысты мәселе жиі бой көрсететін болды. Соның бірі – ауылдағы ағайынға мал жаятын жайылымның тапшылығы. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Бас прокуратураға бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Бұл іске «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді атсалысты. Комиссия мүшелері еліміздің әр өңірін аралап, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтарумен айналысып келеді. Мысалы, өткен жылы еліміз бойынша 5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне өтсе, оның 3 миллион гектары «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен іске асқан. Жер мәселесіне қатысты Түркістан облысында қандай жұмыстар атқарылғаны жайлы облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Аманкелдіұлы былай дейді:  «Өткен жылы республикалық «Жер ама­наты» комиссиясы жұмыс тобының төра­ғасы, «AMANAT» партиясының хат­шы­сы Дәулет Кәрібек, партияның фрак­ция мүшелері Ерлан Сайыров, Жанарбек Әшім­жан және Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі Жер ресурстарын басқару ко­ми­тетінің төрағасы Мұрат Теміржанов об­лыс­­тық «Жер аманаты» жұмыс тобымен бір­лесіп бірқатар жұмыс атқарды. Атап айт­сақ, Ордабасы ауданы Ақсары елді ме­ке­ніне, Бәйдібек, Отырар, Төлеби ау­дан­дары және Арыс қаласы тұрғын­дары­мен кездесіп, республикалық деңгейде ор­тақ жайылымды ұлғайту бойынша ат­қа­рылып жатқан жұмыстар туралы түсін­дір­ме жұмыстарын жүргізді.

«Жер аманаты» комиссиясының мін­деті – ауыл тұрғындарына жайылымның қол­жетімді болуын қамтамасыз ету. Жұ­мыс тобы облыстық Жер қатынастары бас­қармасымен және аудан, қала әкім­дік­те­рімен бірлесе отырып, елді мекендердегі ор­тақ жайылым көлемін ұлғайту мақ­са­тын­да 412,2 мың гектар жайылымды мем­­­лекет меншігіне қайтарды. Өткен жылғы 1 қарашадағы жер ба­­­­лансы есебі бойынша, ауыл шаруа­шы­лы­ғы мақсатындағы жер көлемі – 4518,5 мың гектар. Оның ішінде егістік – 875,3 мың гектар, көпжылдық екпелер – 27,5 мың гектар, тыңайған жерлер – 96,1 мың гек­тар, шабындық – 68,6 мың гектар, жайылым – 3333,6 мың гектар, өзге де жер­лер – 117,4 мың гектар. Ауыл шаруашылығы кәсі­п­орын­да­рын­дағы мал басына жайылым жеткілікті. Негізгі мәселе облыс елді мекендеріндегі жайы­лым тапшылығында болып отыр. 2021 жылы аудан, қалалар кесіндісіне сәй­кес, 174 ауылдық округтегі 826 елді ме­­­кенге талдау жасалып, жайылым тап­шылығы 3 867,8 мың гектар екені анық­тал­ған болатын. Содан кейін жайылымды қай­тарудың қадамдық алгоритмі бекі­ті­ліп, бірінші кезекте ең өзекті жайылым мә­селелері бар елді мекендерге басымдық бе­рілді. Нәтижесінде, 133 елді мекен маңын­дағы 135,8 мың гектар жер ортақ жайы­лым ретінде ауыл әкімшіліктерінің тең­гері­міне бекітілді. Облыс бойынша ортақ жайы­лым­ның көлемі – 748 мың гектар. 70 ауыл­дық округ (247 елді мекен) жайы­лым­мен қамтамасыз етілген соң жайы­лым тапшылығы 3119,8 мың гектар бол­ды. 2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайы­лым көлемін 1 012,0 мың гектарға ұл­ғайту жоспарланып, қосымша 42 ауыл­дық округті (164 елді мекен) ортақ жайы­лым­мен қамтамасыз ету көзделген бола­тын. Осыдан кейін елді мекен тұрғындары 1 034,8 мың гектар ортақ жайылыммен қам­тамасыз етіліп, жоспар толығымен орын­далды.

Жайылым тапшылығын жою үшін ауқымды жоспар құрылды. Мы­салы, елді мекен тұрғындарының жеке қо­салқы шаруашылығындағы мал басын шек­теу мен мал ұстау тәртібін белгілеу бойын­ша «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасына ұсыныстар енгізу. Со­нымен қатар Президенттің ауылдар­да­ғы шағын кәсіпкерлікті дамытуға ба­ғыт­талған 2,5 пайызбен несие беру тап­сыр­ма­сына дайындық ретінде жайылым қо­ры шектеулі аудандарда шағын мал бор­дақылау алаңдарын ашу және де коопе­ратив­терге біріктіру бағыттарында жұмыс жүргізу арқылы жайылым тапшылығын азайту. Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде жеке қо­салқы шаруа­шы­лықтардың малын шал­ғайдағы жайы­лымдарда маусымдық жаю арқылы жалпы жайылымдарға жүктемені төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер­лер­ді ай­н­а­лымға енгізу үшін ұйымдас­ты­ры­латын конкурсты электронды формат­қа ауыс­тыру да маңызды міндет болып отыр.

Қалай десек те, жайылым мен егістік алқаптардың жетіспеушілігіне қатысты туындаған дау жақын арада толық шешімін табады дегенге сену қиын. Өйткені елімізде жер пайдалануға қатысты қордаланған мәселе бір жылда пайда болған жоқ және оның түйінін шешуге де аз уақыт жұмсалмасы анық. Есесіне, егін егу мен мал жаюға жер таппаған ауылдағы жұрттың сұранысы артып келеді. Ал мұның зардабы ауыл шаруашылығын дамытуға тиіп отырғаны анық.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген талдау мен әкімдіктердің деректеріне сәйкес, жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымға жайылатын 5,7 миллион шартты бас ауыл шаруашылығы жануарлары бар. Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормативтері бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын жаю үшін қосымша 8,9 миллион гектар жайылым қажет.

Жергілікті халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында кешенді шаралар қабылдау қажет. Бүгінгі таңда жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге деген немқұрайлықтарынан эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 90 миллион гектардан асады, оның 29,3 миллион гектары іс жүзінде эрозияға ұшыраған және одан әрі пайдалануға жарамсыз. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп жердің одан әрі тозуын болдырмау, әсіресе елді мекендердің маңындағы жемшөп алқаптарын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдан бастап 205,4 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жүргізілді, бұл республиканың 272,5 миллион гектар аумағының 75%-ын құрады. Цифрлық ауыл шаруашылығы картасы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлерін қамтиды, контурлар, жол желісі, гидрография, инфрақұрылым объектілері туралы мәліметтермен толтырылып, жергілікті халықтың жайылымдарға байланысты проблемалық мәселелерін шешу үшін жерлердің жемшөп сыйымдылығы туралы ақпаратты қамтитын болады.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жайылымдармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы шеңберінде ұйымдасқан шаруашылықтардың жүктелмеген жайылымдарын қайта бөлуге бағытталған 1 немесе 2 жыл мерзімге Жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларды әзірлеуде және бекітеді.

Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, облыстағы жалпы жер қоры — 11,6 миллион гектар. Оның ішінде: 

ауыл шаруашылығы жерлері — 4,5 миллион гектар;

орман қорының жерлері — 3 миллион гектар;

елді мекендер аумағы — 799,7 мың гектар;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер — 430,4 мың гектар;

өнеркәсіп, көлік, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер — 125,1 мың гектар;

су қорының жерлері — 134,5 мың гектар;

бос жерлер — 2,6 миллион гектар.

Ауыл шаруашылық жерлерінің ішінде: 

жайылым — 3,3 миллион гектар;

егістік — 875,3 мың гектар;

тыңайған жер — 96,1 мың гектар;

шабындық — 68,5 мың гектар;

көпжылдық екпелер — 27,8 мың гектар;

өзге жерлер — 117,2 мың гектар;

2021 жылы аудан, қалаларға қарасты 174 ауылдық округтердегі 841 елді мекендер бойынша талдау жасалынып, жайылым тапшылығы 3,9 миллион гектарды құрады.

Облыс бойынша ортақ жайылымның көлемі 748,0 мың гектарды құрап, 70 ауылдық округ (247 елді мекен) қамтамасыз етіліп, 2022 жылдың  1 қаңтарына жайылым тапшылығы 3,1 миллион гектарды құрады. Тапшылықтың 35,4%-дан астамы (1,1 миллион гектар) жайылымдық алқаптары жоқ 3 ауданға тиесілі.

Әкімдіктің мәліметінше, 2023 жылға жалпы жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құраған. Осыған байланысты, 2023 жылға ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспарының жобасы әзірленіп, аудан, қала әкімдіктерімен нақтыланып, жұмыс толық орындалған. Ведомствоаралық кіші топ тарапынан 2022 жылдың қорытындысы бойынша 521,7 мың гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. 2023 жылы облыс бойынша мақсатына сай пайдаланылмаған 330,0 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылған.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 331 рет