Жұма, 24 Мамыр 2024 12:56

Ордабасы ауданы: инвестициялық штабтың отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға жауапты сала басшылары мен инвесторлар қатысты.

Отырысқа шетелдік және жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жүзеге асырылатын бірнеше инвестициялық жобаның мәселесі (инфрақұрылым тарту, жердің аумағын нақтылау және т.б.) қаралды.

Мәселен, шетелдік инвестор «Central Asia Aluminum» ЖШС-ы Бадам индустриялды аймағында альюминий профильдерін өндіру жобасын қолға алмақ. Жоба 2024 жылдың аяғында жүзеге асса, 200 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның құны 4,4 млрд.теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кеткен.

Жиында бұдан бөлек, балаларға арналған ойын алаңшаларын жинау, металл өнімдері мен керамзит өндіру, тоқыма фабрикасы мен медициналық бұйымдарды шығару жобалары талқыланды.

Аудан әкімі шетелдік және отандық инвесторлармен бірлесе жұмыс жасауға дайын екенін айтып, жер мен инфрақұрылым мәселесі бойынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін кез-келген мәселелер аясында тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Ауданда бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарды және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға биыл 9 айда 28 млрд теңге инвестиция тартылған. Бүгінгі таңда, инвестициялық құны 10 млрд теңгені құрайтын 9 жоба 302 жұмыс орнымен іске асырылуда. Жалпы, бюджеттік инвестициялардың үлесі – 21,4%, жеке инвестициялардың үлесі – 78,6% құрап отыр. Одан бөлек, ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 102,2 млрд теңгені құраған. Оның 59%-ы — ауыл шаруашылығына, 24,8%-ы — өнеркәсіпке, 8,5%-ы — саудаға, 7,7%-ы —құрылысқа тиесілі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында 55,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Айта кетейік, ауданда 57 елді мекеннің 51-і сапалы ауыз сумен, 9-ы табиғи газбен және толықтай орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген.

«Бадам» индустриалды аймағында инвестициялық құны 21 млрд 234 млн теңге құрайтын 439 жұмыс орны бар 6 кәсіпорын орналасқан. Жыл соңына дейін 2 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның бірі «Gold Aluminum» ЖШС – алюминий профильдерін өндіру жобасы. Инвестициялық құны 3 млрд теңгені құрайтын бұл жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталу үстінде. Кәсіпорын жыл соңына дейін 100 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады. Сондай-ақ, «RZN» ЖШС – автоклавталған газоблок бұйымдарын өндіру жобасы. Биыл желтоқсан айында 25 жұмыс орнымен іске қосылады. Бұл жобаның инвестициялық құны – 1,5 млрд теңге. Сондай-ақ, инвестициялық құны 400 млн теңгені құрайтын тағы 2 жобаның құжаттары рәсімделуде, – дейді Азат Әбдіғалиұлы.

Сондай-ақ, Бадам-Шұбар автожолының бойында, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінен 500 метр қашықтықта орналасқан аумақта инфрақұрылым тартылады деп жоспарланып отыр. Қуаттылығы 25 МВТ қосалқы станция, 1,5 шақырым электр жүйесі, 2,1 шақырым су жүйесі, 0,7 шақырым газ жүйесі, ұңғыма құрылысы жүргізілуі тиіс.

Ордабасы ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселесі облыс әкімінің назарынан тыс қалған емес. Мәселен, былтыр қараша айында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәжіліс өтті. Ауданға арнайы барған өңір басшысы жауапты басқарма басшылары мен аудан әкіміне жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді.

– Биыл көзделген 6 инвестициялық жобаны іске асыруды тапсырған болатынмын. «Ордабасы Сапар» орталығы мен «RZN» компаниясының газоблок өнімдерін өндіру жобасы бүгінгі күнге іске асырылмаған. Ауданға инвестиция тарту, жаңа зауыттар мен кәсіпорындар ашу жұмыстарын күшейту қажет. Аудан әкімі жуырда делегация құрамында Қытайға барып, кәсіпорындарымен танысып келді. Енді сол сапардан нәтиже көрсетіп, жаңа өндіріс орындарын ашуға бар күш-жігеріңізді салып, ауданның инвестициялық климатын жақсарту керек. Бұл үшін барлық ресурс бар. Атап айтқанда, индустриалды аймақ ашылған. Мүмкіндіктерді пайдаланған жөн. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында қордаланған мәселелер бар. Соңғы жылы пайдалануға тапсырылған инфрақұрылым нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктер бойынша баяндауды тапсырамын, – деген Дархан Сатыбалды басшыларға бірқатар міндет жүктеген болатын.

Атап айтқанда, кіріс көздерін ұлғайту, жұмыссыздықты азайту, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жүктелді. Құрылысы созылған 3 мектептің жай-күйі де айтылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында заманауи озық технологияларды енгізу туралы тапсырма берілді. Кемшіліктер ашық айтылды. Ағын су жүйелерінің тозығы жеткен, қоқысқа толып қалған. Механикалық тазалау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген. Пайдаланылмай жатқан және заңсыз пайдаланудағы жер телімдерін қайтару жұмыстары баяу жүргізілуде.

Жалпы, Ордабасы ауданында кәсіпкерлікпен айналысамын дейтін азаматтарға қолдаулар көрсетіліп жүр. Мәселен, былтыр жыл аяғында аудан әкімі Азат Оралбаев «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізіне іргелес 10 гектар аумақтан өз кәсібін ашуға ниетті аудан кәсіпкерлерімен пікірлесіп, әкімдік тарапынан көрсетілетін қолдау туралы айтып бергені есімізде.

– Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен Қытайға сапарымызда ондағы аудан-қалалар іргесінде шоғырланған шағын өндіріс ошақтарымен танысқан болатынбыз. Сол жобаны ауданымыздың шарт-жағдайына сәйкес жүзеге асыру үшін Шұбар ауылдық округі аумағынан 10 гектар аумақты арнайы өндіріс аймағы ретінде белгіледік. Ендігі мақсат – өндіріспен айналысуға қажетті жобасы мен қаржысы бар азаматтарға сол аумақтан тегін жер телімін беру арқылы жергілікті тауар өндірушілердің қатарын көбейтіп, жұмыссыздық деңгейін төмендету, – деген болатын аудан әкімі.

Өткен жылдың соңына дейін ауданда инвестициялық құны 10,8 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаны іске асырып, 328 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын. Ол жоспар толығымен орындалды деп айтуға болады. Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін 27 гектарды құрайтын инфрақұрылыммен қамтылған индустриялды аймақ құрылған. Индустриялды аймақта 1 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда ауданға 1,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, құрылған жұмыс орындарының саны 150-ден асады.

Ордабасы ауданында халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар қарқынды атқарылуда. Соңғы 3 жылда 685 гектар жер жаңа үйлерді салу үшін инфрақұрылыммен қамтылып (ауыз су, электр желісі), 1 851 жер телімі бөлінді. Темірлан елді мекеніндегі 70 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің (ауыз су, электр желісі) құрылысы жүргізілуде (жалпы құны 234,3 млн. теңге). Ағымдағы жылдың қыркүйек айында нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, жер кезегінде тұрған 261 адамға жер беріледі.Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Былтыр жалпы құны 150 млн. теңгеге 11 ойын, спорт алаңшалары пайдалануға берілді.

Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 55 пайызға жеткізу жоспарлануда. 2025 жылы аудан тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен 100% қамтылады. Аудан бойынша 25 елді мекеннің газ жүйесінің құрылыстарына биыл 3,8 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 17 елді мекен газға қосылады. Тағы 15 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қажымұқан ауылындағы С.Ысмайлов мектебі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде ауданда жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарлануда.

Бүгінде Ордабасы ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты деңгейде. Жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 793 мың теңгеден келеді. Жалпы өңірлік өнім құрылымының 39 пайызы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке 29 пайызы, саудаға 19 пайызы, құрылысқа 13 пайызы тиесілі.  2023 жылдың қорытындысымен өсім +2% деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Ордабасы ауданында бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға 27,9 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 22,5 пайызды құрады. Бірыңғай индустрияландыру картасына аудан бойынша 111 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілд.і Аталған жобалар толығымен 2025 жылдың соңына дейін іске асырылады деп күтілуде.  Нәтижесінде, 1 305 жаңа жұмыс орны құрылады.

Ордабасы ауданында «RZN» компаниясы автоклавталған газоблок өнімдерін өндіру жоспарлап отыр. Жобаның құны 1,5 млрд. теңге, 40 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Іске асатын жобалар ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Жұмыспен қамту мәселесі басты назарда. мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды (жоспар мың адам), оның ішінде мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.

Ордабасы ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды.  Ауыл шаруашылығында 55,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артты.  Жалпы, 71,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда 105,1 гектарда жылыжайлар орналасқан, (оның ішінде ағымдағы жылы іске қосылғаны 10,1 гектар), егістік жерлерді игеруде 501 гектарға тамшылатып суғару, 530 гектарға жаңбырлатып суғару жүйелері қолданылуда. Ағымдағы жылы қосымша  гектарға жылыжайлар салынып, жалпы алаңы 1 мың 577 гектардан асты, 117 мың тонна өнім өндірілді.

Егіс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда гектарға артып, мың гектарға жетті (2022 ж. –мың га). Дала жұмыстары толығымен аяқталды. Жыл соңына дейін көкөніс, бақша, картоп өнімдерін тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.  Бүгінгі күнге  мың тонна картоп, мың тонна көкөніс, тонна бақша өнімдері жиналды.

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша гектарға жоба жүзеге асырылып, мың тонна көкөніс өнімі жиналды.  Ауданда ағын су мәселесі өзекті болып келеді. Каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін  7 млрд. 277 млн. теңге қаралып, 9 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған нысандардың құрылысы 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 7 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыру мәселесін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

былтыр 21 каналдың 44,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, «Боралдай» су қоймасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынуда. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады.

Бағдарлама 6 бағытта жүзеге асырылуда.Өсімдік шаруашылығын дамыту; 2.Мал шаруашылығын дамыту; 3. Құс шаруашылығын дамыту; 4.Балық шаруашылығын дамыту; 5.Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау; 6. Тұрғындардың өз кәсібін ашу.Ордабасы ауданынан бұл жобаға 5 ауылдық округтері еніп отыр (Бадам, Шұбар,Шұбарсу, Бөржар, Қараспан).

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен осы жылы қазан айында аудан әкімі жергілікті кәсіпкерлермен Қытай Халық Республикасына іс-сапарға барды. Іс-сапардың басты мақсаты – экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру. Іс-сапар барысында Ордабасы ауданы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында кәсіпорындарын құру мүмкіндігі талқыланды.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 18,2 млрд. теңгеден асып, 5,4 пайызға артты (НКИ). Өсім негізінен:– өңдеу өнеркәсібі (11,9 млрд.теңге немесе 106,8%);– электр энергиясын өндіру (33,3%-ға);– суды жинау, өңдеу және таратудың (100,4%) есебінен қалыптасты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 102 жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде, жастар арасында кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында биыл жасқа несие беру көзделді.Несие жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін беріледі. Бүгінгі таңда, комиссияда жастың жобасы мақұлданып, кәсіпкерлігін дамытуға қолдау тапты. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 315 рет