№12 емханада оба ауруының алдын алуға арналған семинар өтті

Шымкент қалалық №12 емханада медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіруге және жұқпалы аурулардың алдын алу бағытындағы ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуге арналған дәстүрлі апталық семинар ұйымдастырылды.

Шымкентте «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті

2026 жылғы 9 қазанда Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында жастардың басын қосқан «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған ауқымды шарада еліміздің әр өңірінен келген командалар өнер көрсетіп, заңға құрмет, адалдық пен жауапкершілік тақырыптарын әзіл арқылы көрермен назарына ұсынды.

МӘМС жүйесінде бақылауды күшейту медициналық көмек көрсетуге қосымша қаражат бағыттауға мүмкіндік берді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына берілгеннен кейінгі бірінші кезектегі міндеті қаржылық шығындарға жол бермеу мен қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету болды. Азаматтарды емдеуге жұмсалатын қаражат медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің негізділігі мен нақты көрсетілуіне сәйкес жетуі тиіс. 

Шымкентте жаңа жолайрық ашылды

Шымкент қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту және жол қозғалысын оңтайландыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. БүгінБәйдібекбидаңғылыменТөлеметовкөшесініңқиылысындажаңажол-көлікайырығыныңэстакадасыарқылыкөлікқозғалысыіскеқосылды.

Адам папилломасы вирусы: өзіңізді қорғауды ұмытпаңыз!

Шымкент қалалық №12 емхана мамандары адам папилломасы вирусының (АПВ) алдын алу және оның адам денсаулығына тигізетін зияны туралы тұрғындарға ақпарат беруде. Мамандардың айтуынша, АПВ – әлемде кең таралған вирустық инфекциялардың бірі. Оның кейбір жоғары онкогенді түрлері адам ағзасына еніп, уақыт өте келе қатерлі ісік ауруларының дамуына себеп болуы мүмкін. Соның ішінде жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі – адам папилломасы вирусы. 

Әлемдік кітап нарығына жол тапқан Сүндет

Топты жарып, жетістікке жеткен жастардың еңбегіне қуанатынымыз бар. Бірі өнерімен, бірі білімімен, енді бірі спорттағы жеңісімен ел абыройын асқақтатып жүр. Әсіресе туған жерден түлеп ұшқан талантты жастардың еңбегі шетелге жетіп, есімі халықаралық деңгейде атала бастағанда, оның қуанышы тіптен бөлек екен. Бір жастың ғана жетістігі емес, ортаның, қазақ жастарының ізденісі мен мүмкіндігінің көрінісі. Осындай қуаныштың бірін бүгінде ақын, жазушы әрі аудармашы Сүндет Сейітовтің шығармашылық жолынан көруге болады. Шымкентте тұратын жас қаламгердің кітаптары мұхит асып, АҚШ, Ұлыбритания, Австралия және әлемнің бірқатар елдеріндегі кітапханалар мен кітап дүкендерінің каталогына еніп отыр. 

Шымкенттен тағы 27 азамат әскерге аттанды

Шымкент қаласында мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Қаланың 27 азаматы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына аттанды.

Тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталды

Күзгі-қысқы кезеңде тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) таралу қаупі артады. Осыған байланысты тұрғындардың денсаулығын сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және халық арасында вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 

Конституция – күнделікті өміріміздің құқықтық негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы сөз қозғағанда, оны тек заңгерлер мен мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық құжат ретінде қабылдауға болмайды деп ойлаймын. Конституция – әрбір азаматтың күнделікті өмірімен тікелей байланысты негізгі құжат. Біздің білім алуымыздан бастап, еңбек етуімізге, медициналық көмек алуымызға, өз пікірімізді білдіруімізге және мемлекет өміріне араласуымызға дейінгі көптеген мәселелердің құқықтық негізі Конституцияда бекітілген.

Менің түсінігімде, Конституцияның басты құндылығы – адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталуында. Азамат өз құқығын білген кезде ғана оны талап ете алады, ал өз міндетін түсінген кезде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінеді. Сондықтан Конституцияны білу – тек заң талаптарын білу емес, өзіңнің азаматтық мүмкіндіктерің мен жауапкершілігіңді түсіну.

                                                                                                                                                                                                   Белгібай Мария Имансарықызы, 

                                                                                                                                                                                                   Отырар ауданының ардагер ұстазы.