Шымкентте «Дәстүр – ұлт ұстыны» байқауы өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Дәстүр – ұлт ұстыны» атты этнос өкілдері арасындағы байқау өтті. Іс-шара қазақ жеріндегі түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталды.

Сауран ауданының әкімі жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлермен маңызды кездесу өткізді. Жиында аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Алмат Абидинов қатысты. Кездесудің басты мақсаты – жер қойнауын пайдалану саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын бірлесе қарастыру болды.

Шымкенттік дәрігерлер түркіменстандық азаматтың өмірін аман алып қалды

Түрікменстан азаматы ауыр халде Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Жарақаты мен денсаулық жағдайына қарай дәрігерлер 27 жастағы науқасқа бірнеше операция жасады.

Шымкент: Қаратау ауданында 350 көше жарықтандырылмақ

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы аумағында 2025 жылы жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жобаның аясында 15 елді мекендегі 350 көше жарықпен қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру жұмыстарының басты мақсаты — тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, ауданның эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ӨТТІ

Бауыр трансплантациясы – қазіргі заманғы хирургиядағы ең күрделі оталардың бірі. Алайда профессор Б.Баймаханов басқарған А.Сызғанов атындағы ҰҒХО мамандарының жоғары біліктілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі операция сәтті өтті.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 115 МЕКТЕП ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКІЗІЛЕДІ

Түркістан облысында білім саласына жан-жақты қолдау көрсетіліп, білім сапасын көтеруге жағдай жасалуда. Осы ретте мектептерді жаңғырту жобасына Түркістан облысынан 115 мектеп енгізілген. 2025-2027 жылдары 115 мектептің ғимараттарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және асхана, кітапхана, спорт зал, сынып бөлмелерін жабдықтау, қауіпсіздік жүйесімен, пән кабинеттерімен, жиһаздармен қамтамасыз етуге болжаммен 64,3 млрд. теңге қаржы қажет екені анықталған.

ТҮРКІСТАН: НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ – ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Бүгінде мемлекет халықты жұмыспен қамту бағытына ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе тұрғындарының 75 пайыздайы ауылды жерлерде тұратын Түркістан облысы үшін айрықша маңызға ие. Сол себепті облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмыспен қамту жұмыстарының жүйелі әрі сапалы түрде орындалуын өзі бақылап отырады.

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ШАҒЫН СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі» деп атап өткен болатын.