Асқазан ауруларын анықтау үшін қандай тексерулерден өтуге болады?

Асқазан мен асқорыту жүйесінің аурулары бүгінгі таңда жиі кездесетін денсаулық мәселелерінің бірі. Іштің ауыруы, қыжыл, жүрек айну, тәбеттің төмендеуі немесе ас қорытудағы жайсыздық сияқты белгілер байқалса, оларды елемей, дәрігерге уақытылы қаралған дұрыс.

Түркістан қаласында халықаралық шахмат күніне орай ашық турнир ұйымдастырылды

Түркістан қаласында 20 шілде – Халықаралық шахмат күніне орай ашық турнир ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға қала тұрғындары мен облыстың әр өңірінен келген шахматшылар қатысып, өзара мықтыны анықтауда.

Сауран ауданында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін заманауи зауыттың құрылысы басталды

Түркістан облысында өндіріс пен фармацевтика саласын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба қолға алынды. Сауран ауданындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағына қарасты «Ораңғай» қосалқы экономикалық аймағында «Orzax Central Asia» ЖШС-нің биологиялық белсенді қоспалар өндіретін заманауи зауытының уақыт капсуласы салынды.

Шымкентте қалдықты қайта өңдейтін кешен бой көтермек

Шымкентте қатты тұрмыстық қалдықты термиялық түрде өңдеп, электр энергиясын өндіретін заманауи кешеннің құрылысы басталатын жерде капсула салу рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd компаниясының басшылығы қатысты.

Түркістандағы көне қалашықтың қорғанына реставрация жұмыстары жүргізілуде

«Қазқайтажаңарту» РМК мамандары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында орналасқан көне қалашықтың қорғанына ғылыми-реставрациялық жұмысты жүргізіп жатыр. Қабырғаны қалпына келтіру туралы шешім мониторинг нәтижесінде қабылданды. Бақылау барысында жыл сайын оның 10-15 сантиметрге ығысатыны анықталған.

Кентау: Шоқтас елді мекенінде асфальтобетон жабынын төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылының Шоқтас елді мекенінде көше-жол желісін дамыту және тұрғындардың көлік қатынасына қолайлы жағдай жасау мақсатында асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Түркістан облысы республикада көш бастап, Сауран ауданы облыста үздік атанды

Түркістан облысы 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығын жоғары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен аяқтады. Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық өсім 126,3 пайызды құрап, өңір республика бойынша 1-орынға шықты. Жалпы өңірлік өнім көлемі бірінші тоқсанда 1 трлн 129,9 млрд теңгеге жетіп, өсім 109,6 пайызды құрады.

МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді білу – денсаулыққа деген жауапкершіліктің бір көрінісі

Қазіргі қоғамда адамның денсаулығына деген жауапкершілігі тек дұрыс тамақтану немесе салауатты өмір салтын ұстанумен ғана шектелмейді. Медициналық көмекті дер кезінде алу мүмкіндігі де денсаулықты сақтаудың маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан әрбір азамат өзінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесін біліп жүргені жөн.