Түркістан қаласының ұстаздары ұлықталды

Әлемдегі мыңдаған кәсіптердің ішінде Ұстаздық – ең ұлағатты кәсіп. Себебі, ұстаздар жастардың болашағын айқындайтын, тәрбие нәрін себетін, білім үйрететін ұлы тұлға екендігін жақсы білеміз. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Педагогтар тек білім беру ісінде ғана емес, мемлекеттің кез-келген саласында белсенді қызмет атқарып, еліміздің дамуы мен гүлденуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан бірегей мамандық иегерлері.

Шымкент: Сайрамда мобильді қабылдау өтті

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен Сайрам тұрғын алабында мобильді қабылдау өтті. Жиынға қатысқан азаматтар өздерінің түйіткілді мәселелері мен арыз-шағымдарын жеткізіп, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.

Түркістан қаласы: мектеп бітірушілер Президенттік олимпиадада бақтарын сынады

Осымен он жетінші рет өткізіліп отырған жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада бастау алды. Бүгін мектеп бітіруші 11-сынып оқушылары М.Шоқай атындағы №24 жалпы білім беретін мектепте өткен олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысып, білімдерін сынады.

Түркістан қаласы: ғасыр жасаған ұстазды «Мұғалімдер күні» мерекесімен құттықтады

Ибрагимова Гулсин әжеміз қаламыздағы ғана емес, облысымыздағы ең көп өмір сүрген ұлағатты ұстаздардың бірі. Бірі кем бір ғасырдың жүзін көрген ұстазымыз 1944 жылдан бастап Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте биология және еңбек пәнінің мұғалімі болып 44 жыл үздіксіз еңбек еткен.

Түркістан қаласы: пилоттық жоба жоспары таныстырылды

Бүгін Түркістан қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында маңызды басқосу өтті. «Көрсетілген білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобасын жүзеге асыру қадамдары тақырыбында өткізілген басқосуға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу департаментінің директоры М.Елекеновна, Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Е.Илясұлы, «Smart Nation» орталығының маманы Г.Есет және ата-аналар қатысып, тақырыпқа сай мәселені талқылады.

Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында несие мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қаржысы талқыланған жиын өтті. Оған Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Үсен Исаев, «Даму» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Жомарт Ермағанбет, кәсіпкерлер қатысты.

ҚХА жанындағы Сауран аудандық құрылымдардың IV тоқсандық отырысы өткізілді

Аталған жиынға «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сауран аудандық филиалының басшысы,Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Байғазыұлы, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі, Жастар ресурстық орталығының мамандары, Білім бөлімі,құқық қорғау органдары және өзбек этномәдени бірлестігі қатысты.