Шымкент: Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік пысықталды

Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы «Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.

Шымкент: Кәмілетке толмағандар арасында қылмыс саны артқан

Бүгін «Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚУ-да арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты. Жастармен кездесу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының тапсырмасы аясында көпшіліктің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық санасын жоғарылату мақсатында қалалық прокуратура, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, қалалық Жастар орталығының бірлесуімен өтті. 

Шымкентте пробациялық есепте тұрған жастар арасында шағын футболдан турнир өтті

Шаһарда жастар арасында шағын футбол бәсекесін өткізу дәстүрге айналған. Қылмыстық жазасын өтеген жастарды оңалту және бейімдеу мақсатында «Жаңа өмір» жобасы аясында шағын футбол турнирі өтті. Сайысты қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Қорған-М» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Шымкентте емхана қызметі жақсарып келеді

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков №6 емхананың қызмет көрсету сапасын тексеру мақсатында арнайы барды. Ол емхананың галерея бөлігін, күндізгі стационарды, гинекология және жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімшелерін аралап, емдеу мекемесінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Шымкент: Тұрғын үй субсидиясын алушылардың шарттарға сай келуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде

Мемлекет басшысының  тапсырмасына сәйкес азаматтардың жекелеген санатының баспана мәселесін жедел шешу мақсатында жалға алған тұрғын үйді субсидиялау тетігі іске қосылғаны белгілі. Осы орайда Шымкент тұрғындарын   баспанамен қамту шаралары да өз нәтижесін беріп келеді. Баспана кезегінде тұрып, өздері жалдамалы пәтерді паналап жүрген отбасыларды қолдау мақсатында жалдау ақысының 50 пайызын субсидиялау жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде

Білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүдделі қызметтердің қатысуымен қаладағы барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дәрістер өткізілуі жалғасуда.

Шымкент: Сейсмонығайту жұмыстары жүргізілетін үйлер анықталды

Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту бүгінгі мақсатты жұмыстың маңызды салаларының бірі болып табылады.  Осы бағытта 2021 жылдан бастап 233 көппәтерлі тұрғын үйге сейсмонығайту мақсатында техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.  Нәтижесінде:сейсмонығайтуды қажет ететін - 68 үй, апатты жағдайда - 67 үй, тұрақты жағдайда – 98 үй анықталған.

Шымкент: 111 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады

Биылғы жылы Шымкент қаласы құрылыс  басқармасы тарапынан 163,07 млрд. тенгеге 114 жоба немесе 146 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 111 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 35 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.