ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КАРАТЭШІЛЕРІ 2 АЛТЫН, 1 КҮМІС ОЛЖАЛАДЫ

Жазғы Азия ойындарында шымкенттік каратэшілер бүгін 1 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. 84 келіде Данияр Юлдашев күміс жүлдені қоржынға салды.

Кеше 60 келі салмақ дәрежесінде Қайсар Алпысбай ел қоржынына алтын жүлде салған еді.

Осылайша Шымкент қаласының каратэшілері Азия ойындарын 2 алтын, 1 күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысты. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін бақ сынасты. Бұл дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысып тұр.

Байрақты бәсекеде құрлық чемпионы атағымен қатар, спорттың 8 түрінен Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынды.

Шымкент қаласынан 33 спорт түрінен 64 спортшы Азия ойындарына қатысты. Олардың қатарында Әлем және Азия чемпиондары бар.

Бокс – 34 лицензия (ерлер – 7 салмақта финалға шыққан 14 боксшы, әйелдер – 50, 54, 57, 60 келіде жартылай финалға шыққандар, 66, 75 келіде финалға шыққан боксшылар);

Садақ ату – 5 лицензия (ерлер — 1,2-орын алғандар, әйелдер — 1,2-орын алғандар, аралас команда — 1-орын алған құрама);

Қазіргі бессайыс – 10 лицензия (ерлер 5 лицензия және әйелдер 5 лицензия);

Брейк-данс – 2 лицензия (ер — 1 және әйел — 1);

Үлкен теннис – 5 лицензия (ер, әйел, жұптық ерлер, жұптық әйелдер, аралас жұптар; тек жеңімпаздар лицензия алады);

Су добы – 2 лицензия (ерлер — 1 және әйелдер құрамасы — 1);

Әртістік жүзу – 2 лицензия (әйелдер дуэті — 1, командалық сайыс — 1);

Көгалдағы хоккей — 2 лицензия (ерлер — 1, әйелдер құрамасы — 1);

Жүзу, жеңіл атлетикада белгілі бір уақыт нормативін орындаса, Олимпиада жолдамасы беріледі.

Ал Париж Олимпиадасына кіретін өзге спорт түрлерінен Азия ойындарында жүлделер сарапқа түссе де, лицензия берілмейді. Кей жарыстар спортшылар үшін рейтингтік ұпай беруге көмектеседі. Медаль көп сарапқа салынатын күрес түрлерінен жолдама Әлем чемпионаты мен келесі жылы өтетін іріктеу додаларында ойнатылады.

ШЫМКЕНТТЕ БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласында «Таза қала – өзіңнен басталады» атты акция аясында алғашқы жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте Шымкент қаласы Абай ауданына қарасы Жаңаталап елі мекенінің тұсынан ағып өтетін Бадам өзенінің жағалауы тазаланды.

Тазалық шарасына шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков бастап қала әкімі аппаратының, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысты. Сонымен қатар Бадам өзенінің жағалауын тазалауға Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ және Алтынтөбе елді мекендерінің тұрғындары да атсалысты.

Сенбілікке жиылғандар өзен сағасын күл-қоқыстан тазартып, арнайы техниканың көмегімен сыртқа шығарды. Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманқұловтың айтуынша, бүгін сенбілік ұйымдастырылып жатқан Бадам өзенінің жағалауына алдағы уақытта ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуі жоспарланып отыр.

Айта кетейік, «Таза қала – өзіңнен басталады» атты акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасып, осындай ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

«Таза қала — өзіңнен басталады» атты акциясына қала бойынша 50 мыңға жуық тұрғын атсалысып, 81 елдімекенде тазалық шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ тұрғындар, көшелер мен үйлердің басқарушылары, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметшілері белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілікте депутаттар, кәсіподақ, қоғамдық кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер және ерікті жастар да белсенділік танытты.

Келесі жалпысенбілікте Әл Фараби ауданы аумағына басымдық беріледі. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша шеткі аумақтардағы қоқыс үйінділерінде тазалық шаралары күшейтіледі.

Ал қараша айында тал егу жұмыстары басталады. Қаланың орталықтары, Тұран елдімекені және аэропорт аумағына жапырақты, қылқан жапырақты түрлі декоративі ағаштар отырғызылады.

Бұл акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасады.

ШЫМКЕНТТЕ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Жеңіл атлетикадан ХІХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Кобловты Шымкент темір жол вокзалынан жерлестері күтіп алды. Іс-шараға спорт мектебі басшылары, спорт жанкүйерлері қатысты.Д.Коблов 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында 3-ші орын алған болатын. Биыл Ханчжоуда өткен бәсекеде де командалық сайыста (эстафета микс) қола жүлдегер атанды.  Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Шоқан Әбдіхалықов жүлдегер спортшыны құттықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік тіледі. Іс-шарада Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Коблов мұнымен тоқтамайтынын, келесі Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалатынын атап өтті. Айта кетсек, Д.Коблов халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2016 және 2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Айта кетейік, каратэші Софья Берульцеваның алтын медалінен кейін Қазақстан Азия ойындарының медальдық есебінде көтерілді. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 10 алтын, 20 күміс және 44 қола медаль бар. Қазақстан қазір медальдық есепте 9-орында. Естеріңізге сала кетейік, 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда ХІХ Жазғы Азия ойындары өтуде.  Қытайда Азиада-2022 өткізу туралы шешімді Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) 2015 жылғы 16 қыркүйекте қабылдады. Ойындар бастапқыда 2022 жылы жоспарланған болатын, бірақ коронавирустық пандемияға және алдыңғы жылдардағы ірі турнирлердің ауысуына байланысты жарыс  2023 жылға ауыстырылды. Азия ойындарының бағдарламасында олимпиадалық спорт түрлері де, аквабайк, бридж, джиу-джитсу, курес – белбеу күресі, пенчак силат жекпе-жек өнері, каббади, сепатакрау малай волейболы, драгонботтарда есу бар. Садақ ату, синхронды жүзу, бокс, брейкинг, допты хоккей, қазіргі бессайыс, желкенді спорт, теннис және су полосындағы жарыстар да 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу болып табылады. Барлығы 19 Жазғы Азия ойындарында 474 медаль жиынтығы ойналады, оның 381-і олимпиадалық спорт түрлерінен, 93-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен. Жарыс 61 спорттық пән бойынша өтеді, оның ішінде 45 - олимпиадалық, 16 - олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша.

Түркістан: жемқорлыққа қарсы жұмыстар өңірде тұрақты түрде жүргізіліп келеді

Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев келіп, облыс активі мен құзырлы орган басшыларымен кездесті. Жиынды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жүргізіп отырды.

Түркістан: ауыл шаруашылығы саласында 110 инвестициялық жоба іске асады

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында аграрлық салаға аса басымдылық беріп, инвестициялық-инновациялық тартымдылығын арттыру, Қазақстанды Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналдыру міндетін қойып отыр. Ол үшін алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу көзделген. Бұл бағытта Түркістан облысында жоспар жасалып, ауқымды жұмыс атқарылмақ.

Түркістанда дін мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші Ұлттық құрылтайдың отырысында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты тақырып аясында көтерген рухани мәселелерді жүзеге асыруды мақсат еткен дөңгелек үстелге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Н.Тағанұлы, Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Закиева, ҚМДБ жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының өкілдері және құқық қорғау органдарының өкілдері, дін (мешіт) қызметкерлері, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелері, оңалту саласына жауапты дінтанушы-теолог мамандар, қала, аудан әкім орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің дін саласына жауапты қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.