Отырар ауданы: Қоғам және Қарғалыдағы ауыз су, ағын су мәселелерін шешу бойынша жұмыстар атқарылуда

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан тұрғындарымен кезекті кездесу жиыны  Қоғам және Қарғалы ауыл округтерінде өтті. Кездесуде аудан басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қос ауыл округінде көтерілген мәселелердің іске асу барысы туралы айтып өтті.

Сауран ауданында 4 млрд. 460 млн. теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан, қала тұрғындарымен есепті кездесулері Сауран ауданында жалғасты. Ашық форматта өтіп жатқан шара барысында өңір басшысы халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндірді.

Саурандық жиһаздарға сұраныс жоғары

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Сауран ауданындағы оңалту орталығына арнайы келді. Облыс басшысы ауданның қарияларымен жүздесіп, талап-тілектерін тыңдады.

Түркістан облысында жаңа мақта сорты өсіріле бастады

Мақтаарал ауданы экономикасының негізгі драйвері - ауыл шаруашылығы. Биыл жергілікті диқандар 61 мың гектар жерге егін екті. Оның ішінде 36,3 мың гектары мақта дақылы. Мақта дақылынан алынатын өнімділікті және сапасын арттыру мақсатында Өзбекстандық «Globаl Textile» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, алғаш рет жаңа «Намаган-77» тұқымдық шит егілген.

Түркістан облысы: заңсыз карьер иелеріне қарсы күрес күшейе түспек

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес күшейтілді. Облыс аумағында 100-ден астам карьерлердің жұмыстары жаппай тексеріліп жатыр. Рейдтік шаралар өткізіліп, айыппұл салынуда. Жыл басынан бері келісімшарттық міндеттемелерін толық орындамаған және су қорғау белдеуінде орналасқан 11 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Түркістан облысы: медиаторлардың біліктілігі басты назарда

Елімізде дау-жанжалды шешудің жаңа әдісі медиацияның енгізілгені белгілі. Бірнеше бағыттағы арыз-шағымдарды қарастыратын медиация әдісі бүгінде халық арасында кең көлемде насихатталып, ауқымы күн санап кеңейіп келеді. Қос тараптың шағымын бейтарап тарапта қарастырып, сотқа дейін шешуді мақсат тұтатын медиаторлардың да біліктілігі бүгінде басты назарда.

Түркістан облысы: Кентауда 1,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан, қала тұрғындарымен есепті кездесулері Кентау қаласында жалғасты. Кездесу барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттары түсіндірілуде. Өңір басшысы тұрғындарға жүргізілген жұмыстардың қорытындылары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы есеп берді. Өңірдің даму көрсеткіштері мен аудан, қалаларды аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша баяндады.

Кентауда 55 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына іссапармен барып, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін тұрғындардың өзінен сұрады. Шаһар халқымен есептік кездесуге келген өңір басшысы көпқабатты тұрғын үйлерге жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын пысықтады.

Түркістан: «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында 11 медициналық пункт пайдалануға берілген

Түркістан облысында дәрігер мамандар тапшы. Әсіресе өңірде бейінді мамандар арасында 258 маман, анестезиолог-реаниматолог, офтольмолог, лор, кардиохирург, травматолог, кардиолог, неврпатолог, нефролог, онколог, патологоанатом, радиолог, неонатолог, жедел жәрдем дәрігері секілді кадрлар жетіспейді.