Түлкібас ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 31 жоба қаржыландырылған

Биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бүгінде Түркістан облысында аталған жоба бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие берілуде.

Сауран ауданының экономикасына соңғы 2 жылда 38,3 млрд. теңге инвестиция тартылған

Сауран ауданында мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Бірлескен отырыста бір мәселе қаралды. Депутаттар Сауран ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебін тыңдады. Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров баяндады.

Отырарда «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 19,6 шақырым жол жөндеуден өтеді

Отырар ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын ала бастады. Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың ауыл округтерде өткен кездесулерінде тұрғындардың айтқан ұсыныс-пікірлері ескеріліп, соның негізінде ағымдағы жылы «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен аймақтағы жалпы 39 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған болатын.

Түркістан: төлебиліктер көтерген 14 мәселенің 12-сі шешімін тапқан

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесіп, өтініштері мен мәселелерін тыңдады. Өңір басшысы ауданды дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларға тоқталды.

Түркістан облысында жайылымдарды елге қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында жайылымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағыттағы тапсырмасының орындалу барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.

Отырарлық кәсіпкер тәулігіне 2 тоннаға жуық тары өңдейді

Бүгін Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов Балтакөл және Маяқұм ауыл округтерінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Алдымен Балтакөл ауылындағы «Досжан ата» тары өңдеу цехының жұмысымен танысқан аудан басшысы ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзіне айналған кәсіпті дамыту жайын талқылады.

Түркістан: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары сараланды

Түркістанда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың мәжілісі өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық жасап, жүргізіп отырды.