Сауран ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты.