Жасы ғасырға жуықтаған әжеге күрделі ота жасалды
Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада 97 жастағы науқасқа күрделі хирургиялық операция жасалды. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен әжей ауыр жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлер науқастың жағдайын жан-жақты бағалап, консилиум қорытындысы бойынша шұғыл түрде хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылдаған.