Super User

Super User

Шымкенттік Бейбіт Сейдуалы қоланы місе тұтты

13 қараша Тараз қаласындағы “Тараз-Арена” спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан Кубогының 3-жарыс күні мәресіне жетті. Бозкілемде әйелдер күресінен барлық салмақтағы чемпион мен жүлдегерлер анықталды. 

Шымкенттік палуандар грек-рим күресінен 5 алтын, 2 күміс,1 қола медаль жеңіп алды

Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтіп жатыр. Бұл жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан және Алматы, Астана мен Шымкент қалаларынан спортшылар қатысуда. Әрбір күрес түрінен бірнеше салмақ санаттарында бәсекелер ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Туризм және спорт министрлігінің кубогымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталуда.

Жерлесіміз Санжарәлі Бегалиевке Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді

Министр Ербол Мырзабосынов әлем чемпионаттарында үздік нәтиже көрсеткен жас боксшылармен кездесті. Министр жас боксшылардың әлем чемпионаттарындағы табысын ерекше атап өтіп, еліміздің болашағы үшін бұл жеңістің маңызы зор екенін айтты.

Шымкент: Республикалық лекторий Аймақтық инновациялық университет базасында жалғасуда

Шымкентте қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуді мақсат тұтқан республикалық лекторий Аймақтық инновациялық университет базасында жалғасуда. 

Лекторийде модераторлық жасаған қалалық ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова  бірлікке бастайтын байсалды бастамалар қоғамды біріктіретінін айтты. Келер жылы құрылғанына 30 жыл толатын Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қарым-қатынастар саласында маңызды институтқа айналғанына тоқталды. 

– Еліміздегі барша этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыұлттық бірлікті бекемдеу, этносаралық қарым-қатынасты нығайту және этнос жастары арасында қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытында жүйелі жұмыс істеп келеді, – деді  басқарма басшысы.

Университет оқытушылары мен студенттер алдында этносаясаттың басым бағыттары түсіндірілген лекторийде профессор Тілектес Мейрамов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Астана қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығының» төрағасы Аскер Пириев және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дың департамент директоры, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Шымкент университетінің факультет деканы, география ғылымдарының кандидаты Алтынбай Сәулембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке негізделген саясат аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы маңызды міндеттер туралы лекция оқыды. 

Айта кетейік, 13-14 қараша күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған лекторийге республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысуда. Екі күнге жалғасқан лекторий бүгін өз мәресіне жетеді.

Осы RSS каналға жазылу