Шымкент: Тыл ардагерлеріне жоспарлы медициналық көмек көрсетілді
Шымкент қаласы №2 қалалық ауруханасының мамандары тыл ардагерлерін жоспарлы медициналық тексеруден өткізу жұмыстарын жалғастыруда. Аталған іс-шара Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, оның аясында медициналық қызметкерлер тыл еңбеккерлерінің үйлеріне арнайы барып, скринингтік тексерулер жүргізді.