Шымкент: Еңбекші ауданында "Таза Қазақстан" акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті

Шымкент қаласында жалпы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала бойынша ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Бұл шараға қала тұрғындары белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысты.

Шымкентте ЮНИСЕФ-тің волонтерлер мектебі ашылды

2025 жылғы 22 шілдеде Шымкент қаласында жастар үшін маңызды әлеуметтік бастама – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Волонтерлер мектебі ресми түрде ашылды. Бұл жоба «Балалар мен жастардың құқықтары мен әл-ауқаты үшін» атты кездесу сериясының алғашқы шарасы аясында жүзеге асып отыр.

Түркістанда қайырымдылық қоры 50-шы баспананың кілтін табыстады

Бүгін «Үлес» қайырымдылық қоры өзінің игі істерінің жалғасы ретінде Түркістан қаласында тұратын  І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Ахлиддинов Арман мен жұбайы Лена Ахлиддиноваға жаңа баспана табыстады. Бұл — қор тарапынан берілген 50-ші баспана. 

Түркістан: Қазығұртта қос ақынның жыр кеші өтті

«Түнгі кітапхана» жобасы Қазығұрт ауданында жалғасты. Мұнда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауераты, «Ерен еңбегі үшін»төсбелгісінің иегері  Бақытжан Алдиярдың шығармашылық кеші өтті. 

Сарағаштық коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қолдау көрсетілді

Қазақстан бойынша кең көлемде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, патриоттық рухты арттыру және табиғатқа жанашырлықпен қарау, құндылықтарын насихаттау.

Шымкент: Цифрландыру мен инновацияларды енгізу процесі ойдағыдай нәтиже көрсетуде

Қазіргі таңда, қаланы цифрландыру «Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталонды стандарты аясында жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қала аумағында барлығы 3177 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Түркістан: Шардарада биыл 35 шақырымға жуық көше жөнделеді

2025 жылы Шардара ауданында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағындағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 603,06 шақырымды құрайды. Оның ішінде 165 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар болса, 58,23 шақырымы аудандық маңызға ие. Сондай-ақ, 379,83 шақырымы елді мекен көшелері мен ішкі шаруашылық жолдары.