Түркістан облысындағы «Dala Fruit» агроөнеркәсіптік кешені табысты жұмыс істеуде

Қазақстанның оңтүстігіндегі Түркістан облысы – табиғи-климаттық жағдайы ауыл шаруашылығына аса қолайлы өңір. Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып отырған өңірдегі кәсіпорындардың бірі – «Dala Fruit». Компания Сайрам ауданы Қарасу ауылында орналасқан және бүгінде заманауи агроөнеркәсіптің жарқын үлгісіне айналып отыр.

Түркістан облысында қызғалдақтарды қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған экоакция ұйымдастырылды

Түркістан облысында қызғалдақтарды қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Қазақстан – қызғалдақтар отаны» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Науқанға қатысушылар тау баурайында жайқалған грейг қызғалдақтарын тамашалап, нәзік жаратылысты жан-жақты таспалады.

Түркістан облысында жылыту маусымы сәтті аяқталды

Түркістан облысы әкімдігі және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақтылы әрі толық көлемде орындады. Кәсіпорын нысандарының жылыту маусымына дайындығы аясында регламенттік жұмыстар, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары атқарылды.

«Таза Қазақстан»: Түркістанда өткен ауқымды экоакцияда 2 мыңнан астам ағаш егілді

Түркістан қаласында таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды іс-шара өтті. Игі бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылығы мен ұжымы, мемлекеттік қызметшілер, қала тұрғындары, тазалыққа жауапты мекеме жұмысшылары және Түркістан қаласы әкімдігі мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров табиғат жанашырларымен кездесіп, бірге көшет екті.

Мақтаарал ауданында «М-39» Ташкент–Термез автожолының қазақстандық учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары қарқын алды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында халықаралық және өңіраралық маңызы жоғары «М-39» Ташкент–Термез автожолының қазақстандық учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жоба – Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды инфрақұрылым нысандарының бірі.

Түркістан: қала сыртындағы 23 лагерьде 35 мыңнан астам бала демалады

Түркістан облысында балалар мен жасөспірімдердің жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың басты назарында. 2026 жылғы жазғы маусымды жоғары деңгейде өткізу мақсатында өңірлік ведомствоаралық штаб құрылып, 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Аталған жоспар балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету, сапалы тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету және жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Түркістан облысында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында павлония егу жұмыстары қарқынды жүруде

Түркістан облысында экологиялық ахуалды жақсарту, жасыл аймақтарды кеңейту және өңірдің көгалдандыру әлеуетін арттыру мақсатында «болашақ ағашы» аталып кеткен павлонияны егу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Түркістан облысында қуаты 300 МВт ірі күн электр станциясы салынуда

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Sauran Solar Power» ЖШС басқарма төрағасы Шао Юэбомен кездесіп, Сауран ауданында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобасының іске асырылу барысын талқылады. Ауқымды инвестициялық жоба аясында тараптар құрылыс жұмыстарының кезеңдері, іске асыру мерзімдері және туындаған өзекті мәселелерді шешу жолдары бойынша пікір алмасты.

Түркістан облысында шегіртке дернәсілдеріне қарсы күрес жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде

Түркістан облысында шегіртке дернәсілдеріне қарсы күрес және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралар облыс әкімі Нұралхан Көшеров бақылауында іске асырылып отыр.

Түркістан облысында өзіндік кірістер көлемі ұлғайып, экономикалық көрсеткіштер жақсара түскен

2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыс бюджетіне түсімдер жоспары 118%-ға орындалып, 58,3 млрд теңгеге артығымен қамтамасыз етілген. Жоспардың асыра орындалуы негізінен өзіндік кірістер есебінен қалыптасты. Өзіндік кірістердің нақты түсімі 70,8 млрд теңгені құрап, жоспар 10,6 млрд теңгеге артық орындалған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 млрд теңгеге немесе 8%-ға өсіп отыр. Сонымен қатар субвенциялар, бюджеттік кредиттерді өтеу және республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер жоспары толықтай 100% орындалды.