Шымкентте кәсіпкер әйелдердің басын қосқан форум өтті
Шымкент қаласында Орталық Азияның кәсіпкер әйелдеріне және «TalpynUp 3.0» халықаралық тәлімгерлік бағдарламасының түлектеріне арналған форум өтті.
Шымкент қаласында Орталық Азияның кәсіпкер әйелдеріне және «TalpynUp 3.0» халықаралық тәлімгерлік бағдарламасының түлектеріне арналған форум өтті.
Қала әкімі осы аптада өткен халықпен есептік кездесулердің нәтижелері бойынша бірнеше нысанды аралады. Кездесулер барысында тұрғындар «Күншығыс» шағынауданында автотұрақ салуды сұраған болатын. Әкім аталған аумақты қарап, аудан әкімдігіне заң аясында автотұрақ салу мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.
Биыл Қазақстанның кәсіби сурет өнерінің шебері, дарынды суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толды. Оның қолтаңбасы бар үш мыңнан астам картина қазақ көркемсурет өнерінің баға жетпес қазынасына айналды. Өз заманында ғана емес, ғасырлар өтсе де, Қастеевтің туындылары өз көркемдігін және маңыздылығын жоғалтпай келеді.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2019 жылдан бері Шымкентте вело шеру ұйымдастырылып келеді. Карантиндік шектеулерге байланысты бұл шара уақытша тоқтатылған еді, бірақ биыл еліміздегі ең ірі вело шеру қайта жанданды.
Тұрсынбаев Мұқағали Нурполатович - Шымкент қаласы бойынша ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ филиалының "Қызыл–Әскер" трассалық медициналық–құтқару пунктінің фельдшері. Жалпы еңбек өтілі – 11 жыл, филиалда – 8 жыл.
Биыл Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесінің құрылғанына 29 жыл толып отыр. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін 19 қазанда атап өтеді. 1995 жылдан бастап бұл күн Құтқарушылар күні болып белгіленді, ал осы уақыт ішінде шымкенттік құтқарушылар көптеген адамдарға қиын сәттерде көмек көрсетіп, өз жұмыстарын абыроймен және құрметпен атқарып келеді.
«Достық» үйінде Шымкент қаласының кәрістер қауымдастығына 35 жыл толуына орай мерекелік шара өтті. Іс-шара Шымкент қаласындағы корейлер туралы мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер көрмесінен басталып, «Шымкент және Түркістан өлкесінің корейлері бұрынғы және қазіргі уақытта» кітабының тұсаукесері және кәріс шығармашылық ұжымының концертімен жалғасын тапты.
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында Бадам өзені үстінен өтетін көпірдің құрылысы 1974 жылы аяқталып, қолданысқа берілген еді. Арада қанша жыл өтіп көпір жаңа кейіпке енді. Жап-жаңа көпірдің ашылу салтанатына қала әкімі Ғ.Сыздықбеков қатысты.
Кездесулерде Спорт, Ақтас, Жаңаталап, Айкөл, Агроферма Қарасу шағын аудандары мен Добролюбов көшесі тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды. Қаңғыбас иттерді аулау, су бұру жүйелері, жер қатынастары, аула аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру мәселелері көтерілді.
Шымкентте Орталық Азияда алғаш рет әлемдік блокчейн индустриясының ең ірі хакатондарының бірі – Decentrathon 2 өтуде. Astana Hub халықаралық технопаркі және аймақтық Shymkent Hub және Blockchain Center зерттеу зертханасы ұйымдастырған іс-шараны Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы қолдап отыр. Орталық Азияда екінші рет өтіп жатқан хакатон Қазақстанның 17 өңірінде бір уақытта өтуде.