Тазалық шаралары Түркістан қаласының барлық білім мекемелерінде жалғасын тауып, шараға барлық мекеме-ұйымдар, түрлі сала қызметкерлері белсене қатысуда. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Еске салсақ, республика бойынша жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан бес аптаға жалғасты. Аталған акция шеңберінде өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру, тұрғындарды тазалыққа шақырып, аулаларды көшелерді ретке келтіру, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын, суайындарының маңын тазалау сияқты жалпы туған өлке табиғатына, қоршаған ортаға қамқорлық шаралары кеңінен атқарылады.
Түркістан қалалық білім бөлімі ссындай игі шараға барлық тұрғындарды белсене қатысуға шақырып отыр. «Тазалықтың өзімізден басталатынын ұмытпайық және әрқайсымыздың туған өлкеміздің гүденуіне үлес қосуымыз ортақ жауапкершіліктің үлгісі деп білеміз» дейді білім бөлімінің басшылығы.
Жалпы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан өңірінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған акцияға облыс жастары мен еріктілері белсенді атсалысуда. Таяуда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиынға аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары басшылары мен селектор режимінде аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен орталық басшыларына өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу, тұрғындардың экомәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстау бойынша түрлі тиімді жобалар жасап, тазалық шарасы аясында жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
– Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы бір реттік науқан емес, жыл соңына дейін жалғасатын акция. Бүгінде облыста осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып келеді. Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда «Үлгілі аула» жобасы аясында белсенді азаматтардың бастамасымен көше бойлары, үй аулалары, көпқабатты үйлердің айналасы тұрақты түрде қоқыстан тазартылуда. Сондай-ақ «Үлгілі ауыл» жобасы облыстағы үздік ауылдар қатысуға өтінім берген бірегей жоба. Бұл жоба аясында инфрақұрылымы дамыған, тазалығы тұрақты жүргізілетін ауылдар өзара бәсекеге түспек. Аталған бағыттағы жұмыстарды ары қарай жандандыру қажет, – деді Б. Тәжібаев.
Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейітжановтың айтуынша, акция аясында өткізілген іс-шараларға 80 мыңға жуық ерікті қатысты. Сондай-ақ 17 аудан, қала көлемінде 92 мыңға жуық ағаш көшеті және 10 мыңға жуық гүл отырғызылып, 1174 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 198 киелі-мекенде, көше бойларындағы ағаштарды әктеу, сырлау жүріп, қоқыс қалдықтары шығарылса, 230 қарт кісінің үйілеріне тазалық жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Жас Түркістан» еріктілер ассоциациясы құрылып, «Бұл сенің өңірің» акциясы негізінде 500 жастың қатысуымен тимбилдинг ұйымдастырылса, «Асыл мұра» жобасы асында Түркістан облысының тарихи мәдени орталықтары мен туристік аймақтарында аптасына 1 рет 300 жастың қатысуымен квест ойындары өткізілді. Айта кетейік, биыл Түркістан облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мемлекеттік бағдарламасына 1500 жасты қамту жоспарлануда.
Түркістан облысында 3 млн 131 мың гектар орман қоры жерлері бар, оның 50 % -дан астамы орманмен көмкерілген. Өткен жылы орманды молайту шаралары бойынша 11 610 гектар жерге мәдени орман екпелерін жүргізу жоспарланып, толығымен орындалды. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында Республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту үшін 2 млрд ағаш көшеттерін отырғызу тапсырылған болатын. Осыған орай биыл Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі деп жоспарланып отыр.
Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту және тұрақтандыру мақсатында қала айналасынан 2019-2023 жылдары 7700 гектар аумаққа «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, қазіргі таңда бес жылға жоспарланған меже артығымен орындалды. Дәл осы тұста әр талды егіп, баптаудың оңай соқпайтынын атап өткен жөн. Түркістан облысының климатына байланысты көшеттердің жерсінуі 50 % -дан аспайды. Өзге өңірлерде 70% төңірегінде. Су тапшылығы кезең-кезеңмен шешілуде. Әр тал жеке-жеке суарылады. Алда облыс орталығының айналысындағы 20 мың гектар аумаққа жасыл белдеу қалыптасатын болады.
Облыс көлемінде 5 жылда 110 210 гектар жерге 170 млн. ағаш көшеттерін отырғызу бойынша Кешенді жоспар бекітіліп, жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Облыс әкімдігіне қарасты орман шаруашылығы мекемелеріндегі 21 питомникте бүгінде 8,6 млн. аса әртүрлі ағаш көшеттері өсірілуде. Олардың санын 30 млн-нан асыру жоспарланған.
Еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағындағы сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынған болатын. Осыған байланысты, сексеуілді заңсыз кесу оқиғаларын тоқтату мен сауда орындарында сатылуының алдын алу барысында орман шаруашылығы мекемелері, аумақтық инспекция, Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мен облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полиция қызметкерлерімен халық арасында түсіндірме жұмыстары мен қатар рейдтік шаралар ұйымдастырып, тұрақты түрде жұмыстар атқарылғанын айта кетейік.
Тағы бір айта кетерлігі, Түркістан облысыда тазалық, абаттандыру жұмыстары жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйелене түседі. Президент «Таза Қазақстан» акциясын науқан емес, қалыпты өмір дағдысына айналдырып, жыл он екі ай бойы осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге, облыс басшысы көшесін, ауылын таза ұстаған тұрғындарды ынталандыру мәселесін көтеріп келеді. Мысалы, әлеуметтік нысандар мен жолды бірінші кезекте тазалық талаптарын сақтаған елді мекендерге салып беру және де ынталандыру шараларын әзірлеуді жүктеді.
– Тазалық пен абаттандыру – жыл он екі ай тоқтаусыз жүретін жұмыстар. «Таза Қазақстан» акциясы өмірлік дағдыға айналуы тиіс. Өңірдегі барлық мемлекеттік, бюджеттік, жеке меншік, ауыл шаруашылығы, спорт, мәдениет, жалпы мекемелердің бәрінің басшылығына тиісті ұсыныс берілсін. Әр мекеме ұжымы өздері тұратын нысанды сәндеп, жан-жағын көгалдандырып, тазалық жұмыстарын атқарсын. Әрбір аудан, қала, ауыл әкімдері өздері басқаратын аумақтағы мекемелер қызметкерлерін, тұрғындарды тазалық акциясына шақырсын. Жұмысты үйлестірсін. Бұл – бір. Екіншіден, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын науқанмен шектемей, проблемаларын анықтап, жүйелі түрде шешуіміз керек. Коммуналдық мекемелер құру, оларды қаржыландыру жұмысы жандансын, – деді Дархан Сатыбалды.
Өңір басшысы Дархан Сатыбалды көктемде «Белсенді демалыс» саябағына ағаш отырғызып, «Таза Қазақстан» шарасына қолдау білдіргені белгілі. Жаңа акцияны қолдау жөнінде өз үндеуін де жариялады. Экологиялық акцияға қатысқан жастармен жүздесіп, пікір алмасты. Отаншылдық – тазалықтан басталатынын айтып, ағаш егіп, туған жердің тазалығын сақтау, табиғатын қорғау әрбір адамның міндеті екенін жеткізді.
«Бүгін біз қоғам үшін маңызды экологиялық іс-шарада кездесіп тұрмыз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдады. Өйткені, өңірімізде белсенді, отаншыл азаматтар өте көп. Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» акциясын бастадық. Осыған байланысты өткен аптадан бері аудан, қалаларда тазалық, көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Бұл – бір айлық науқан емес. Мақсатымыз – тазалық сақтау, ағаш, гүл егуді өмірлік дағдыға айналдыру. Осы салаға жауапты басқармаларға, аудан, қала әкімдеріне, коммуналдық мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Арнайы техникалар, ресурстар бөлінді. Біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістанымызды одан сайын түрлендіре түсеміз! Оған мүмкіндігіміз жетеді», – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды. Республикалық акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
«Табиғат — ел байлығы» демекші, мемлекет дамуы үшін табиғатқа деген құрмет болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау арқылы Отанға деген патриоттық сезім оянады. Сондықтан, біз өз ортамызды, көшемізді, ауылымызды, қаламызды таза ұстауымыз керек. Арықтарды тазалап, бұлақ көздерін ашу – міндетіміз! Осы бағытта жұдырықтай жұмылып жұмыс істейміз деп сенемін! Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2021-2025 жылдар аралығында өңіріміздегі 800-ден астам елді мекенді көгалдандыру үшін 4 миллионнан астам көшет егу көзделген. Қазір жұмыстар жүруде. Биылдың өзінде 1 миллионнан астам көшет егілуде. Таулар да, ормандар да, өзен-көлдер де, байтақ дала да, ауылдар да, қалалар да – біздікі. Осы байлығымызға жанашырлықпен қарайық! Көшесінің тазалығына қарап, азаматын, халқын танисың. Ендеше, барша Түркістан өңірінің тұрғындарын осы акцияны қолдауға шақырамын! Бірлік пен еңбектің арқасында Түркістанымызды жасыл аймаққа айналдырайық!» - деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
«Таза өлке» науқаны басталғалы бері облыста 1500 көше және 33 мыңнан астам аяқжол тазаланып, 850 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ 140 мыңнан астам ағаш әктеліп, 138 мыңға жуық көшет отырғызылды. Бұдан бөлек 275 саябақ және сквер, 192 дана балалар және спорт алаңшалары тазаланды. Бұл іс-шараларға 279 техника және 15 мыңнан астам адам қатысты.
Тағы бір айта кетерлігі, облыстың орман тұқымбақтарының көлемі екі есеге ұлғайып, онда әр жылы 35-40 млн әртүрлі ағаш көшеттері өсіріледі. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған «Сексеуілді сақтайық» республикалық ақпараттық науқанның аясында бұдан біраз бұрын Түркістанда арт-инсталляция ашылғанын да болатын. Құмды шөлдің қорғаны, «шөл даланың падишасы» атанған сексеуілді қорғау, сақтау, оны пайдалануға тыйым салу төңірегіндегі мәселелелер осыдан бірнеше жыл бұрын Түркістан облысы әкімінің сол кездегі орынбасары Ұлан Тәжібаев пен БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш қатысқан басқосуда да көтерілген-ді.
Шөлейтті дала құм көшкінін «кісендеп» ұстайтын, ұлан-ғайыр адырлардың топырағын эрозиядан сақтап, дауылдардан қорғайтын сексеуілдің басым бөлігі Отырар, Созақ, Шардара аудандарында өседі. Сексеуіл алқаптарын ұлғайту мақсатында әр жылы 11 400 га, оның ішінде 900 га сексеуілді көшеттерімен егу және 10500 га тұқымынан себу арқылы мәдени екпе алқаптарын құру жұмыстары жоспарланып, мерзімінде атқарылуда.
Түркістан облысында 3 млн 131 мың гектар орман қоры жерлері бар, оның 50 % -дан астамы орманмен көмкерілген. Өткен жылы орманды молайту шаралары бойынша 11 610 гектар жерге мәдени орман екпелерін жүргізу жоспарланып, толығымен орындалды. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында Республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту үшін 2 млрд ағаш көшеттерін отырғызу тапсырылған болатын. Осыған орай биыл Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі деп жоспарланып отыр.
Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту және тұрақтандыру мақсатында қала айналасынан 2019-2023 жылдары 7700 гектар аумаққа «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, қазіргі таңда бес жылға жоспарланған меже артығымен орындалды. Дәл осы тұста әр талды егіп, баптаудың оңай соқпайтынын атап өткен жөн. Түркістан облысының климатына байланысты көшеттердің жерсінуі 50 % -дан аспайды. Өзге өңірлерде 70% төңірегінде. Су тапшылығы кезең-кезеңмен шешілуде. Әр тал жеке-жеке суарылады. Алда облыс орталығының айналысындағы 20 мың гектар аумаққа жасыл белдеу қалыптасатын болады.
Облыс көлемінде 5 жылда 110 210 гектар жерге 170 млн. ағаш көшеттерін отырғызу бойынша Кешенді жоспар бекітіліп, жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Облыс әкімдігіне қарасты орман шаруашылығы мекемелеріндегі 21 питомникте бүгінде 8,6 млн. аса әртүрлі ағаш көшеттері өсірілуде. Олардың санын 30 млн-нан асыру жоспарланған.
Еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағындағы сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынған болатын. Осыған байланысты, сексеуілді заңсыз кесу оқиғаларын тоқтату мен сауда орындарында сатылуының алдын алу барысында орман шаруашылығы мекемелері, аумақтық инспекция, Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мен облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полиция қызметкерлерімен халық арасында түсіндірме жұмыстары мен қатар рейдтік шаралар ұйымдастырып, тұрақты түрде жұмыстар атқарылғанын айта кетейік.
Тағы бір айта кетерлігі, Түркістан облысыда тазалық, абаттандыру жұмыстары жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйелене түседі. Таяуда өткен облыс әкімі аппаратының апталық отырысында өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық пен абаттандыру мәселелерін шешудің жаңа жоспарын әзірлеуді ұсынды. «Таза Қазақстан» акциясын науқан емес, қалыпты өмір дағдысына айналдырып, жыл он екі ай бойы осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге көшесін, ауылын таза ұстаған тұрғындарды ынталандыру мәселесін көтерді. Мысалы, әлеуметтік нысандар мен жолды бірінші кезекте тазалық талаптарын сақтаған елді мекендерге салып беру және де ынталандыру шараларын әзірлеуді жүктеді.
– Тазалық пен абаттандыру – жыл он екі ай тоқтаусыз жүретін жұмыстар. «Таза Қазақстан» акциясы өмірлік дағдыға айналуы тиіс. Өңірдегі барлық мемлекеттік, бюджеттік, жеке меншік, ауыл шаруашылығы, спорт, мәдениет, жалпы мекемелердің бәрінің басшылығына тиісті ұсыныс берілсін. Әр мекеме ұжымы өздері тұратын нысанды сәндеп, жан-жағын көгалдандырып, тазалық жұмыстарын атқарсын. Әрбір аудан, қала, ауыл әкімдері өздері басқаратын аумақтағы мекемелер қызметкерлерін, тұрғындарды тазалық акциясына шақырсын. Жұмысты үйлестірсін. Бұл – бір. Екіншіден, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын науқанмен шектемей, проблемаларын анықтап, жүйелі түрде шешуіміз керек. Коммуналдық мекемелер құру, оларды қаржыландыру жұмысы жандансын, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» акциясының үш аптасында атқарылған істерге тоқталды. «Таза өлке» науқанында 4352 шақырым көше бойлары және 120 мың шақырым аяқжолдар тазаланды. Бұдан бөлек, 608 шақырым өзен, көпір, канал бойлары және 1380 көпқабатты тұрғын үйлер аулалары тазаланған. Жалпы 1225 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 14571 адам, 692 техника тартылды. «Киелі мекен» апталығында 226 ауқымды іс-шаралар өткізіліп, тарихи-мәдени орындар тазартылды. Осы жұмыстарға 22251 адам, 496 техника тартылып, 1410 тонна қоқыс шығарылды. «Жасыл аймақ» науқанында 153 мыңнан аса ағаш көшеті егіліп, 175 мыңға жуық ағаш әктеліп, бұталды. Сондай-ақ 346 саябақ пен сквер, 731 балалар ойын алаңшасы акция аясындағы жұмыстармен қамтылды. Жалпы 22 мыңнан аса адам, 477 техника тартылып, 983 тонна қоқыс тазартылды. Акцияның ауқымдылығын қамтамасыз ету үшін, салалық басқармаларға нақты тапсырмалар беріліп, 775 діни мекеме, 912 білім беру орны, 853 денсаулық сақтау, 46 спорт және 853 мәдениет мекемесі науқанға атсалысқан.
Түркістан облысында көгалдандыру, санитариялық тазалықты сақтау, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дегенмен, әлі де олқылықтар бар. Аталған кемшіліктер жақында өткен Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмай отырған аудан, қала әкімдеріне ескерту жасады.
– Елді мекендерді абаттандыру, нысандарды әктеу, сырлау, тазалау жұмыстарын апта сайын жиналыста қадағалап отырамыз. Басқа мемлекеттердің, облыстардың тәжірибесін қарап көріңіздер. Ауылдар мен елді мекендердегі қоқыс мәселесін шешу керек. Оны сырттан біреу келіп тастамайды, өзіміздің адамдар тастайды. Полиция, прокуратура, әкімдік, және тиісті басқармалар бірлесе жұмыс атқарғаны жөн. Тұрғындардың қоршаған ортаны қорғауға деген ынтасын ояту керек. Аудан, қала әкімдері гүл, ағаш егуді жандандырыңыздар. Тазалық, абаттандыру бойынша тапсырманы орындамаған басшылардың жауапкершілігі бойынша заң шеңберінде жұмыс жүргізіледі, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің инспекторы Жамбыл Қожамбеков санитарлық тазалау жұмыстары барысындағы кемшіліктер мен мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, аудан, қалаларда абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру жұмыстары тұрақты бақылауда. Қозғалыс, тиісті жұмыс бар. Алайда бірқатар кемшіліктер жүйелі түрде қайталануда. Зерделеу жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер анықталып, жауапты лауазымды тұлғаларға тәртіптік шара қабылданған. Облыс әкімінің тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Еліміздегі аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелерді жатқызуға болады. Осы жағдайға қатысты бүгінгі таңда елімізде түрлі ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Ал қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді.
Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажет, жер бетіне көрік берген сәні. Халқымызда табиғат деген сөз жер, туған жер, атамекен ұғымдарымен қатар тұрады. Әрбір азамат табиғат алдында өзін жауапты, барлық жануарды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан балаларының санасына сіңіріп, бойларын жақсылыққа үйреткен.
Қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау үшін, адамның, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгертіп, табиғат пен адам арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтарымен таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықты жою жергілікті биліктің халық арасында жүргізетін маңызды мәселелеріне айналуы тиіс және тұрғындар өздері тұратын жерлерді таза ұстауға тырысып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін сезіне білуі тиіс.
Табиғатты қорғау қарапайым дүниеден басталатыны белгілі. Мәселен, жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеу ұлттық негіздегі балабақшадан басталады. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру, жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Біз бәріміз де табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақ алдында, тарих алдында жауаптымыз.
Міне, осы тұрғыдан барлық жеткіншікке экологиялық тәрбие мен білім беру – олардың дұрыс дүние тану көзқарасын қалыптастырады. Қашан да табиғатты аялайық. Ол өктемдікті көтермейді. Табиғатқа адал болайық, ал адалдық табиғат үйлесіміндегі қатынастардың шынайылығы мен табиғилығын айқындайтын категория екені сөзсіз. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп халық даналығында айтылғандай, табиғатты қорғау біздің міндетіміз, болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Сондықтан табиғаттың жанашыры болу әр адамның міндетті борышы екенін біліп жүрген дұрыс.
Тазалық - баршаға ортақ іс. Қаланың да, ауылдың да таза да көрікті болуы әрбір адамның жауапкершілігіне тығыз байланысты. Оған үлес қосу - әр тұрғынның міндеті деп білеміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, оған жергілікті әкімшіліктің, оған жауапты мекемелердің шаруасы деп қарамай, өзіміз тұратын үйдің төңірегін, көшемізді тазалап отырсақ - өңіріміз ажарлана түспей ме? Өйткені елдің мәдениеті, әдептілігі, жауапкершілігі, өзін-өзі сыйлауы тазалық шараларынан айқын көрініс табатындығы айдан анық.
Тазалықпен айналысатын мекемелердің, ақылы қоғамдық жұмысшыларының ықпалымен көптеген көшелер тазаланып жатыр. Осыған қарамастан сол көшелерді тұрғындар қайтадан ластауда. Ауласынан шығарылған қоқысты тазаланған арықтарға, одан қала берсе, кез келген жерлерге апарып төгетін жағдайлар да жиі кездеседі. Бұндай әрекеттер ұсақ құқық бұзушылыққа жататындығын ескере бермейді. Өмір сүріп отырған жеріңнің тазалығын сақтау - бүгiнгi күннiң басты талабы. Ауылды, қаланы таза ұстау мәселесi арнайы мамандарға да, тұрғындарға да жүктелген мiндет. «Ауыл көркі – өз көркің» деген сөздің түп төркіні әр ауылдың, әр елді мекеннің ажары оның әрбір тұрғынына, ондағы үлкенді-кішілі кәсіпорын-мекемелердің ұжымдарына қатысты екенін аңғартады. Туған жерінің көркейіп-көгалдануы барлық тұрғынға ортақ міндет деп санаймыз. Сондықтан әрбір тұрғын өзі тұрған көшесіне тазалық жұмыстарын жүргізсе, дер кезінде күл-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызып жатса нұр үстіне нұр болар еді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат