Мақтааралда мектеп оқушыларының мектеп формасына қатысты мәселе шешімін тапқан
Жаңадан құрылған Мақтаарал ауданында 2018-2019 оқу жылы қарсаңында мектеп оқушыларына «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы №26 бұйрығы таныстырылып, аудандық білім бөлімі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілген. Алайда, Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдауси ауылындағы А.Фердауси атындағы жалпы орта мектептің кейбір оқушылары министрдің бұйрығындағы талаптарды сақтамаған болатын.