Түркістан облысы: Келес ауданында «МӘМС» туралы заңның талаптарын түсіндіруге арналған жиын өтті
16 қазан күні Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы және Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институтционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 80 қадамын, ҚР Президентінің 10.01.2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауының 7 бағытында көрсетілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы өзекті мәселелер, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу жайлы жиын өтті.