Шымкенттік олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталып және олардың жетекшілеріне құрмет көрсетілді. «AUEZOV UNIVERSITY»: БІЛІМ КӨШБАСШЫЛАРЫ - 2024» атты жеңімпаздар үшін арнайы ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада республикалық додаларда топ жарған оқу ордасының 100-ге жуық студенті Алғыс хатпен марапатталды.