Түркістан облысында қашықтықтан оқыту телеарналар арқылы жүзеге асырылады

Түркістан облысында шалғай ауылдарда ғаламтор желісі сапасының тиісті деңгейде болмауына байланысты онлайн оқыту жүйесі алынып тасталды. Осыған байланысты қашықтықтан білім беру процесі «Балапан», «Еларна», «Оңтүстік» телеарналары, «Қазақрадиосы» және «Қазпошта» АҚ-ның көмегі арқылы жүзеге асырылады.




