Биыл Түркістан облысында 12 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Түркістан облысында жалпы 906 мектеп бар. Оның 900-і — мемлекеттік, 6-ы — жекеменшік. Биыл қосымша 12 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев мәлімдеді. Оның айтуынша, облыста 5 үш ауысымда білім беретін мектеп бар. Өткен жылы үш ауысымда білім беріп келген 3 мектептің құрылысы пайдалануға берілген.
