Түркістан қаласында Ұлттық валюта күніне орай көрме ұйымдастырылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы  Н.А.Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіздік нышаны – төл теңге» атты көрме және «Қазақстан территориясындағы ақша айналымы» тақырыбында лекция өтті. 

Түркістанда «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті

Бұған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы ұйытқы болды. Жиынға департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев және облыстағы барлық 16 ауданнан келген 1000-ға жуық аталмыш ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты. 

Түркістан облыстық педагогикалық идеялар байқауы: Жетісай ауданының ұстаздары үздік атанды

2019 жылдың 13 қарашасында Түркістан облысы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауына ауданнан 12 пән мұғалімі қатысты. Байқауда І орынға 7 мұғалім, ІІ орынға 5 мұғалім ие болды. 

Түркістан облысы: Отырарлық қарияның инновациялық идеялары

 

Елбасының «Қолжетімді баспана» жобасы өңірде өз деңгейінде қолға алынуда. Осы ретте өзіндік тың идеясын ұсынып, жүзеге асыруға талпынып жүргендер де аз емес. Солардың бірі – Отырар ауданының Құрметті азаматы Бекбатыр Әйменов. 

Түркістан облысы: Кентау қаласы әкімі заманауи зертхананың ашылуына қатысты

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Кентау институты қабырғасында заманауи, озық үлгідегі ғылыми зертхана кабинеттері пайдалануға берілді.  Бұл бастама аталмыш оқу ордасы сенатының шешімімен және «Кентау Трансформатор Зауыты» АҚ қолдауымен жүзеге асып отыр. Ашылған зертхана кабинеттерінің бірі «Alageum Lab» және екіншісі Ілияс Қожабаев атындағы Smart Sensor Systems кабинеті атауына ие болды. Иновациялық жүйедегі заманауи жабдықтармен жабдықталған зертхана құрылымы электро-энергетика, автоматизация және басқару білім беру бағдарламаларының траекториясына сәйкес студенттерге және ғылыми жұмыстар жүргізу үшін магистранттар мен докторанттарға арналған. 

Түркістан облысы: Шардарада ұлттық нақыштағы балабақша жұмыс істеп тұр

Түркістан облысы, Шардара қаласындағы №8 «Балапан» мемлекетік бөбекжай-балабақшасының негізі 1972 жылы қаланған. 2016 жылы қала басшысы Ережеп Бекет мырзаның бастамасымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.