Түркістан облысы: 500 талапкер білім грантын иеленді

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркия елінің квотасын жеңіп алған талапкерлерге тегін білім беру сертификаттары табысталды. Биыл аталған оқу орнына Түркия Республикасынан 500 грант бөлінген. Бұл Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тесттен жоғары ұпай жинап, Қазақстанның грантына іліге алмаған талапкерлерге тегін білім алуға берілген мүмкіндік.

Шымкент: №125 мектеп үшін алар асу да, ұшар биік те алынбас қамал емес

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын үй алабындағы №125 жалпы орта мектепте 1 қыркүйек – Білім күніне орай осымен екінші мәрте алғашқы қоңырау соғылды. Өткен оқу жылының басында ел игілігіне беріліп, тұсауы кесілген, 1200 орындық білім ошағындағы биылғы салтанатты шара «Рухани жаңғыру – Елорданың еңселі белестері» атты тақырыптың аясында Астана қаласының 20 жылдығына, Ақтау қаласының 55 жылдық мерекесіне және шырайлы Шымкенттің республикалық маңызға ие қалаға айналып, мегаполис атануына арналды. Жиынға «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК пен Қаратау ауданы әкімдігінің заңгері Қанатбек СӘМБЕТОВ қатысып, барша ұстаздар мен шәкірттерді, ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. 

Түркістан облысы: Шардарада мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

Қаладағы «Абай» Мәдениет сарайында аудандағы білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Алқалы жиын басталар алдын аудан әкімі Болатбек Қыстауов пен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова, аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев бастаған топ Мәдениет сарайының фоесінде компьютер арқылы әрбір мектептің жетістіктерімен танысып шықты. 

Түркістан қаласында «Мектепке жол» басталды

Жаңа оқу жылы қарсаңында көші-қон ісімен бәйек болып жүрген түркістандықтар да қарбалас. Облыс орталығында «Мектепке жол» акциясы басталды. Аталмыш шара аясында биыл шаһарда 1361 оқушы мектепке қажетті заттармен қамтылатын болады. Олардың 900-іне демеушілер есебінен көмек көрсетілсе, қалғаны мемлекет тарапынан көмек алады. 

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Келес ауданында жаңа мектептің лентасын қиды

Келес ауданына жасаған ресми сапары аясында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ошақты ауылдық округіндегі 600 орындық №105 Қоңыртөбе жалпы орта мектебінің ашылу салтанатына қатысып, лентасын қиды. Айтулы шарада сөз алған Жансейіт Қансейітұлы жергілікті жұртты жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында екі мектеп пайдалануға берілді

Өткен бейсенбі, яғни 23 тамыз күні Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды. Өңір басшысы Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округінде орналасқан 600 орындық орта мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.  Облыс әкімі мемлекет тарапынан білім саласына көңіл бөлініп жатқанын, білім ұяларының саны артқанын айта келе жаңа мектептің ұстаздары мен оқушыларына сәттілік тіледі.

Түркістан облысының 20 мұғалімі Мәскеу мемлекеттік университетінде тегін оқитын болды

Түркістан қаласында өткен облыстық Тамыз кеңесінде облыс басшысы Жансейіт Түймебаев  ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне тоқталды. Ұстаз бедеді — мемлекет беделі екенін атап өткен ол білікті маман, отаншыл азамат тәрбиелеу үшін мұғалімдердің білімі мен қайраты мол болу керектігін айтты. Облыста түлеп ұшып, өзге өңірлерде қызме етіп жүрген білікті мамандар мен педагогтарды туған жерге шақыру керектігін жеткізді.