Отырарлық оқушылар жазғы лагерлерде демалуда
Отырар ауданында балалардың жазғы демалысы жыл сайын аудан сыртында, мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде және спорттық секцияларда, тарихи орындарға саяхат үлгісінде ұйымдастырылып келеді.
Отырар ауданында балалардың жазғы демалысы жыл сайын аудан сыртында, мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде және спорттық секцияларда, тарихи орындарға саяхат үлгісінде ұйымдастырылып келеді.
Бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудандағы жоғары балл жинаған түлектерді қабылдап, алғыс хатпен марапаттады. Қабылдау барысында аудан басшысы түлектерге өзінің ізгі тілектерін жолдап, болашақта ел мақтанатын азаматтар болуын тіледі.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Әуелбеков қалалық аппараттық жиналыста жасаған баяндамасында осылай деп мәлім етті. Кентау қаласы бойынша 2018-2019 оқу жылында 1731 оқушы мектеп бітірді.
Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков білімге деген айрықша құштарлығы мен еңбекқорлығының арқасында Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балға ие болған ауданның мектеп бітірген түлектерін және олардың ата-аналары мен ұстаздарын қабылдады.
Биыл Жетісай ауданында «Дарын» мектебін қоса есептегенде 2689 оқушы мектеп бітірді. Оның 1709-ы Ұлттық бірыңғай тестке қатысуға өтініш білдірген. Солардың ішінде 1626 түлек қазақша, 82 оқушы орысша, тәжік тілінде мектеп бітірген 1 шәкірт қазақ тілінде тест тапсыратын болады. 1709 оқышының ішінен ауылдық мектепте оқитын 1294 түлек ҰБТ өтетін күндері тестілеу өтетін орындарға тасымалданып, оларға тегін тамақ берілетін болады. Бүгін осы және өзге де дайындық жұмыстары туралы аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың қатысуымен өткен жиында әңгімеге арқау болды.
Түркістан облысы бойынша 2018-2019 оқу жылында 11 сыныпты 24 513 оқушы бітірді. Қазіргі таңда 24 513 түлектің 16364-сі (66,8%) ҰБТ тапсыруға өтініш берген. 20 маусымда 9 аудан, қалада 332 мектептен 4 190 бітіруші тест тапсыруға өтініш берген. Қазірдің өзінде түркістандық түлектер жоғары балл алып үлгерген. Ең жоғары 137 балл жинаған Түлкібас ауданының оқушысы Сүйрік Қасым болса, 135 баллды Ордабасы ауданының оқушысы Лаура Мұратбек мен Түлкібас ауданының оқушысы Аружан Меирбек жинады.
Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова бүгінгі күннің қорытындысымен облыстың орта балы – 69,9 балды құрағанын жеткізді. «Тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ қағида талаптарының бұзылуы орын алмады. Барлық мектеп бітірушілер арнайы рамалы металіздегіштер арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынды. Облыста 15 ҰБТ өткізу пункті бар. 16 онлайн трансляцияға үлкен экрандар орнатылған. ҰБТ өткізу пунктеріне түлектерді тасымалдау, жатын орындарын дайындау және тамақтандыру басқарма тарапынан қамтамасыз етіліп отыр. Қазіргі таңда 100 балдан жоғары жинағандар – 766 (20,9%) оқушы. Бүгін 21 маусымда 4 ауданда өткізілуде. Оған 1914 бала қатысып жатыр», – деді Ардақ Мәдіханқызы.
Сондай-ақ, брифинг спикері өңірдегі мұғалімдерді аттестациядан өткізу жұмыстарын баяндады. «Түркістан облысы көлемінде 2019 жылғы жазғы мезгілде 13004 мұғалім тестілеуден оң қорытынды алып, аттестаттаудың екінші кезеңіне келді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында педагогтарды аттесттауының екінші кезеңін автоматтандыру бойынша пилоттық жоба басталды. Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында jumys.sitcen.kz порталында арнайы аттестация бөлігі ашылды», – деді ол. Порталмен жұмыс жүргізу ережесі облыс педагог қызметкерлеріне таныстырылуда. Бұл жұмыстардың қорытынды нәтижесі жоғары болады деп күтілуде.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»
Тілдерді оқыту – өзектілігін жоймайтын, күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі. Осыған орай Түркістанда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» байқауы өтті. Онда тілдерді оқыту орталықтарынан таңдалған 15 оқытушы қатысып, бақ сынады.
Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінде «Көктөбе» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Табиғат аясындағы демалыстарын асыға күткен балалар лагердегі күндерін жақсы көңіл-күймен бастап кетті.