Шымкентте жаңа балабақша ашылды
Шымкент қаласындағы «Кіші Самал» шағынауданында «Лилия» балабақшасының ашылу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин қатысты.
Шымкент қаласындағы «Кіші Самал» шағынауданында «Лилия» балабақшасының ашылу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин қатысты.
Түркістан облысында 2018-2019 жаңа оқу жылында 1 381 балабақша, 907 мектеп және 94 колледж жұмыс істейтін болады. Бұдан өткен жылмен салыстырғанда биыл білім беру нысандары 4-уге артқанын көруге болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді.
Білім беруге бөлінген қаражаттың жыл сайын ұлғаюы олардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттырады. Осы мақсатта, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде білім беру гранты мен мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындаудағы конкурстық комиссияның жұмысына қоғам өкілдерін қатыстыруды жоспарлап отыр екен.
«Шырайлы Шымкент қаласында бізбен бірге жеңімпаз атан» атты ментальды арифметика бойынша жазғы турнир өтті. Аталмыш шараны «Юсимас-Қазақстан» және «Алиар-Юсимас» Халықаралық интелектуалды даму академиясы ұйымдастырған болатын. Іс-шара елордамыз Астананың 20жылдығы, сондай-ақ Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына арналған турнир еді. Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімі хабарлады.
Жақында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Селекторлық жиында еліміздегі «ақылды қалалар» жобасын іске асыру мәселелері қаралды. Олардың арасында Шымкент қаласы да бар. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

Шымкент қаласындағы 128 мектептің барлығында "Күнделік" электронды журналы мен күнделік жүйесі енгізілген. Соның нәтижесінде шаһардағы оқушылар арасындағы тәртіп бұзушылық деңгейі 75%-ға азайды.
Шымкент қаласы аумағындағы 459 балабақшаға бүлдіршіндер автоматты түрде қабылданады. Аталмыш жүйе балабақшаға кезекке тұру мен жолдама беруге, сондай-ақ балабақша ауыстыруға мүмкіндік береді.