Түркістан қаласы: пилоттық жоба жоспары таныстырылды

Бүгін Түркістан қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында маңызды басқосу өтті. «Көрсетілген білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобасын жүзеге асыру қадамдары тақырыбында өткізілген басқосуға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу департаментінің директоры М.Елекеновна, Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Е.Илясұлы, «Smart Nation» орталығының маманы Г.Есет және ата-аналар қатысып, тақырыпқа сай мәселені талқылады.

МӘРТЕБЕЛІ МЕРЕЙТОЙ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің География және табиғатты пайдалану факультетінің құрылғанына 75 жыл толды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі, еліміздің білім беру және ғылыми-зерттеу саласындағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі ретінде дараланған қара шаңырақ. ҚазҰУ құрамындағы География және табиғатты пайдалану факультеті де осы беделді оқу орнының негізгі құрылымдарының бірі ретінде ерекшеленеді. Оның тарихы мен даму жолы еліміздің география саласындағы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің қалыптасуымен тығыз байланысты.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясындағы жаңа мектептерде білім беру процесі басталып кетті

Елімізде пайдалануға берілгеніне 50-70 жылдан асқан 500-ден астам мектеп бар. Әрине, олардың бәрін ауыстыру керек. Сонымен қатар үш ауысымды және апатты жағдайда жұмыс істеп тұрған мектептер бар. Қазір ел бойынша 148 мектеп үш ауысымда бала оқытып жатыр. Бұл бала туу көрсеткішінің артуымен байланысты. Яғни бала туу оң динамиканы көрсетіп отыр. Былтыр ел аумағында 247 мектеп салынып, 135 мың оқушы орны пайда болды.

Шымкентте 12 жаңа мектеп ашылуға дайын

Шымкент қаласында 2023 жылы құрылысы басталған 12 жаңа "Жайлы мектеп" оқу мекемелеріне 2024 жылдың 12 маусымында қала әкімінің №2802 қаулысымен ресми атаулар беріліп, олар әділет органдарында тіркелді. Жаңа мектептердің 9-ына директорлар Оқу-ағарту министрлігінің "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" кадр резервінен тағайындалды. Қалған 2 мектептің басшылығын уақытша жақын маңдағы мектеп директорларының орынбасарлары атқаруда.

Ашылуға дайындалған 13 мектепке жалпы саны 7187 оқушыны қабылдау жоспарланып отыр, оның ішінде 530 бала бірінші сыныпқа қабылданады. Сондай-ақ, 494 мұғалімді ауысу тәртібімен жаңа мектептерге орналастыру көзделген. Оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа мектептерге басқа мекемелерден 9249 дана оқулық жеткізіледі.

Балаларға қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін жаңа мектептер қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуда:

• 1166 бейнебақылау камерасы,

• 29 дабыл батырмасы,

• 82 турникет,

• 1815 компьютер,

• 2575 оқу құралдары мен зертханалық жабдықтар,

• 26 635 жиһаз элементтері (парталар, орындықтар, шкафтар).

2024 жылғы қыркүйекке қарай бұл жабдықтардың 85%-ы сатып алынып, қоймаларға жеткізілді.

Айта кетейік, жаңа мектептер 300, 600, 900, 1 200, 1 500, 2 000 немесе 2 500 орын­дық деп белгіленген жеті түрлі нұс­қаның біріне сай салынуы қажет. Олардың әрқайсысында роботтехника кабинеті, бірнеше зертхана, ауданы 88 шаршы метр болатын хореография залы, үш коворкинг алаңы (бастауыш сынып оқушылары, орта сыныптар және мұғалімдер үшін) болуы керек. Сондай-ақ мектептерде бастауыш сыныптары (9х18м) мен орта буын, жоғарғы сынып оқушыларына (36х18м) бөлек спорт залдары болады. Әр сыныпта интерактивті тақта және мұғалімге арналған компьютер қойылады. Жаңа мектептерде ерекше балалар үшін кедергісіз орта құрылуы керек: арнайы пандустар, лифтілер, дәретханалар, инклюзивті білім беру бөлмесі дайындалады. Сонымен қатар интерьер дизайнының бірқатар элементі мен архитектуралық шешімдері ұлттық нақышта жасалуға тиіс.

Шымкентте "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жаңа мектептер салынып жатыр

Президент бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғаны белгілі. Оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын жоба аясында алдағы үш жылда 401 жаңа мектеп салынбақ. 2025 жылға дейін Шымкент қаласында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде 28 000 орындық 18 жаңа мектеп ашу жоспарлануда.