ТҮРКІ ӘЛЕМІН БІРІКТІРГЕН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ
«Түркология» журналы — Қазақстанда ғана емес, әлемде түркологиялық зерттеулерді жаңа деңгейге көтерген халықаралық ғылыми басылым. 2002 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор Шәкір Ыбыраевтың бастамасымен жарық көрген бұл журнал түркология ғылымының жаңа дәуірін бастады. Кеңес дәуірінде түркологиялық зерттеулер Мәскеу мен Бакуде шоғырланған еді. Ал тәуелсіз Қазақстанда Түркістан қаласында осындай журналдың шығуы еліміздің ғылыми дамуы үшін маңызды қадам болды.