Super User

Super User

Түркістан облысында 50 мың бас ірі қараға арналған бордақылау кешені 2026 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі

Өңірде агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі — 50 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау кешенінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды толық қуатына шығару 2026 жылдың шілде айына жоспарланған. Жоба «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында іске асырылуда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға, сондай-ақ отандық агросектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Түркістан облысында уран компаниясы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, «СП «Инкай» ЖШС-нің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Өңір басшысы кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымымен танысты.

Түркістан облысы: азаматтар өтініші - басты назарда

Түркістан облысы әкімдігінің жанынан құрылған Азаматтарды қабылдау орталығында облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Әділ Бектұрғановтың облыс тұрғындарын жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан Түркістан қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты бірқатар мәселелер, сондай-ақ бейнебақылау жүйесінің жұмысына байланысты түйткілдер көтерілді.

Түркістанда кәмелетке толмағандар құқығын қорғауға арналған көшпелі семинар өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру, құқықбұзушылықтарды ерте анықтау және олардың алдын алу жүйесін күшейтуді тапсырған болатын. Осы бағытта Түркістан қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған көшпелі семинар өтті.

Осы RSS каналға жазылу