Super User

Super User

Түркістан халықаралық әуежайын дамыту бойынша ынтымақтастық орнатылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев «JanaPort Holdings Ltd.» компаниясының директоры Мадина Ахмеджановамен кездесті. Кездесуде Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту және сенімгерлік басқаруға беру, ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары әуежейдың әлеуеті мен мүмкіндігі жоғары екеніне тоқталды.

Түркістан облысы: Жетісайда сымтемір өңдейтін цех іске қосылды

Түркістан облысы Жетісай ауданында шағын және орта бизнесті дамыту бағытында жаңа өндіріс орны іске қосылды. Жетісай қаласында орналасқан «Жасурбек строй» шағын цехы темір сымнан тоқылған қоршаулар өндірумен айналысады.

Түркістан облысына өңірлерден шақырылғандар сарбаздар келді

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальонына Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан жас толықтыру командалары келіп жетті. Бүгінгі таңда бөлім қатары шамамен 120 шақырылушымен толықты. Жақын арада олардың қатарына Жамбыл облысынан тағы 55 жас сарбаз қосылады деп күтілуде.

Түркістанда «Банктер және финтех–2026» екінші Орталық Азия қаржы-банктік форумы өз жұмысын бастады

Ауқымды іс-шараға отандық және шетелдік қаржы институттарының өкілдері, сарапшылар, инвесторлар мен IT саласының мамандары қатысып жатыр. Форумның ресми ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек қатысып, банк саласының өкілдерін құттықтады. Ол өз сөзінде өңірдің қаржы саласындағы дамуы, өндірістік парктер мен индустриалды аймақтар туралы айтып берді.

Осы RSS каналға жазылу