Түркістан облысы: мақтааралдық көлік жүргізушілері қайырымдылық шара ұйымдастырды
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде жүк көлік жүргізушілері мен такси жүргізушілері бірігіп, ауқымды қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Олар кенттегі орталық мешітте 500 адамға арнап құдайы ас беріп, ел бірлігі мен қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті.