Super User

Super User

Түркістан: Төтенше жағдайға байланысты тарифтік бағалар төмендетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде коммуналды қызмет түрлеріне тариф бағасын төмендетуді тапсырған болатын. Осыған орай, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, төтенше жағдай кезеңінде келесі коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетті.

Түркістан: Сарыағаштық шаруалар көршілес елдерге 500 тонна азық-түлік экспорттады

Сарыағаш ауданының дихандары көршілес елдерге 500 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерін экспорттап үлгерген. Бүгінге дейін ауданның тауар өндірушілері Ресейге 60 тонна азық-түлік өнімдерін экспорттады. Атап айтқанда, Жартытөбе ауылдық округінің шаруалары 22 тонна қырыққабат, 18 тонна көкөніс және 20 тонна қияр мен қызанақ өнімдерін жөнелтті.

Түркістан облысы бойынша 2000-ға жуық медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 1994 дәрігер үстемақы алды. COVID-19 инфекциясымен күресте аянбай еңбек етіп жүрген мамандар жұмыс қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген.

Түркістан: Мақтааралдық студенттер ерекше челлендж ұйымдастырды

Мақтаарал аграрлық колледжінің әйел ұстаздары мен оқушы қыздары ”Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз” қағидасымен қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту, жас қыздардың үй шаруасына икемділікке, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен ширақтыққа, жинақылық пен тазалыққа, ашық қабақтылыққа тәрбиелеу мақсатында челлендж ұйымдастырды.

Осы RSS каналға жазылу