Шымкент: той жасағандарға айыппұл салынды
Төтенше жағдайға қарамастан, той-томалақ тыйылмай тұр. Тұрғындар ауласында дастархан жайып, жақындарын жинауын қояр емес. Елдегі әкім-қаралардан бастап, тәртіп сақшылары ойын-сауық орындары мен мейрамхана, дәмханаларды жаппай тексеруге кіріскен. Кәсіп иелері сонда да ескертуге құлақ аспай отыр. Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.