Жарысқа Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, марафонға келген спортшыларға қолдау білдірді. Қала әкімі белсенділік танытып, спорттық шараға қатысқан тұрғындарға алғыс айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша жас санаттары бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар анықталып, оларға марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Марафон қала тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұқаралық шаралардың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат