Сенбі, 07 Қараша 2026 21:39

Кентау қаласында грек-рим күресінен ашық республикалық турнир ұйымдастырылды

Кентау қаласында грек-рим күресінен 2013, 2014 және 2015 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортқа еңбегі сіңген спорт ардагері Есқара Тоқтасынұлының құрметіне арналған ашық республикалық турнир ұйымдастырылды.

Турнирдің ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Салт-дәстүрімізге сәйкес спорт ардагеріне құрмет көрсетілді. Спорттық дода 14 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды. Жарысқа Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ Түркістан облысының Түркістан қаласы мен Кентау қаласы, Ордабасы, Сайрам, Созақ, Сарыағаш, Мақтаарал және Шардара аудандарынан келген жас спортшылар қатысты.

Сонымен қатар, байрақты бәсекеге көршілес Қырғыз Республикасының балуандары да арнайы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жалпы жарысқа 200-ден астам жас балуан қатысып, жеңіс жолында бақ сынады. Турнирдің негізгі мақсаты – жас балуандардың спорттық шеберлігін арттыру, грек-рим күресін кеңінен насихаттау және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 29 рет