Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев құттықтау сөз сөйлеп, Елбасы Жарлығымен құрылған Түркістан облысының мән-маңызына кеңінен тоқталып өтті. Қызықты өткен жағажай жарыстарында мықты деген командалар жеңіске жетті. Балық аулау жарысында түске дейін он келіден астам балық аулап үлгерген «Пират» командасы жеңіске жетсе, футбол ойынында аудандық футбол мектебінің ойыншалары жеңіс тұғырына көтерілді. Жағажай волейболы ойынында Шардара қаласының спортшылары жеңімпаз болып танылды. Жеңіске жеткен командалар мен жүлдегерлерге грамоталар мен сый-сияпаттар табыс етілді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.