–Бүгінгі Шардара спортының жетістігі облыс пен республикаға кеңінен танымал деп айтсақ жаңылыспаймыз. Ауданымызда спорт саласының дамуы – ең бірінші кезекте сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасы. Мемлекетіміздің алға қойып отырған бағыттарының бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт арқылы қазақ елін дүние жүзіне таныту болып отыр. Бұл ретте шардаралық спортшылар өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келе жатыр деп айтқан болар едім. Бүгінгі мерекеге қатысып отырған ардагер спортшылардың өмір жолдары маған жақсы таныс. Кезінде жастық жалындарын волейбол, баскетбол, футбол секілді спорт түрлерін дамытуға арнаған Оразбай Назарбеков, Есқуат Ерманов, Ермек Аманқұлов сынды ағаларымызды спорт саласының алтын діңгегі деп айтсақ жарасады. Қазіргі жастар осынау ардагер ағаларымызға қарап бой түзейді. Мереке құтты болсын тағы да, жеңісті сәттеріміз көп болсын! – деді Бауыржан Қуанышбайұлы.
Мұнан соң Бауыржан Шомпиев аудан әкімі Болатбек Қыстауовтың атынан «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті. Мереке барысында аудан әкімінің марапатына ардагер спортшылар Оразбай Назарбеков, Есқуат Ерманов, №1 БЖСМ директоры Абай Сәкиев, №2 БЖСМ директоры Бақыт Ереханов, облыстық гир спорты және армрестлинг федерациясы қоғамдық бірлестігінің директоры Нұржан Төреқұлов, №2 БЖСМ директорының оқу ісі орынбасары Бақберген Аманов, осы мектептің әдіскері Жарқынбек Сүгірбаев, спорт мектептерінің техникалық қызметкерлері Сәрсенкүл Сұлтанмұратова, Жанат Жұмаділлаева, жаттықтырушылар мен спортшылар Қадырхан Әкімбаев, Әбжаппар Айдаров, Тазабек Жомартов, Мейрамбек Нұрпейісов, Еркін Қалдаров, Мейірхан Тұрлыбеков, Азамат Өмірбеков, Берік Тұрманбетов, Жарас Қошқарбаев, Жиенбек Тәліпов, Ғани Малбасов, Дархан Асылбеков, Мұхан Әбдіраханов, Жарылқасын Рүстембеков, Талғат Өскенбаев, Мұңайтпас Ақжаров, Жамбыл Қуандықов, Жандос Жүнәлі, Нұрбол Байтүгелов, Нұрбол Шайманов сынды азаматтар ие болды.
Айта кетейік, шағалалы өңір спортшылары биылғы 7 айдың өзінде толағай табысқа қол жеткізді. Шардаралық 263 саңлақ – облыс чемпионы, 49-ы – Қазақстан Республикасының чемпионы, 52-сі – Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегерлері, 27-сі – Азия чемпионы, 19-ы – Азия чемпионатының жүлдегерлері, ал 5-і Халықаралық турнирлердің жеңімпаздары деп танылды. Сондай-ақ 56 спортшы – спорт шеберлігіне үміткер, 7 спортшы спорт шебері атақтарын иеленді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.