Шымкент: Әл-Фараби ауданына 114 бейнекамера орнатылады

Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев мәлімдеді. Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баспасөз конференциясын өткізген аудан әкімі жиыда аудан тұрғындарының көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 118 көшені жарықтандыру жоспарланғанын тілге тиек етті. Сәйкесінше, биылғы жылдың қорытындысымен жарықтандырылатын көше саны 242-ні құрап, әлеуметтік маңызы бар нысандар толық қамтылады. 

Шымкент: Әл-Фараби ауданында 70 көпқабатты үй «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылды

Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баспасөз конференциясы өтті. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті. Аудан инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 % қамтылған. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша 2024 жылы 70 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 1 млрд 717 млн. 971 мың 510 тг қаржы қаралған.

Отырар ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі

2024 жылы аудан бойынша 2 мектептің құрылысы аяқталып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл туралы аудан әкімінің міндетін атқарушы Сейтжанов Жансұлтан Әділжанұлы тоғыз жолдың торабы Темір және аудан орталығы Шәуілдір ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесу барысында атап өтті. Кездесуде ауданның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған соң, алда тұрған міндеттер мен атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Отырар ауданында 8 балалар ойын алаңшасы салынады

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сейтжанов Жансұлтан Әділжанұлы түс ауа Қоғам, Қарғалы ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесуде алдымен ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндаған соң, алда тұрған міндеттер мен атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Отырар ауданында 2024 жылы 2 мәдениет үйі пайдалануға беріледі

Отырар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сейтжанов Жансұлтан Әділжанұлы Отырар, Талапты ауыл округтерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде өткен жылдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, алдағы уақытта ауылдарды дамыту бағытында атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті.

Өткен жылы іске асқан ауқымды жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын табады деп күтілуде. Атап айтқанда, аудандағы Ақтөбе, М.Шойманов елді мекендерінде 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүруде. Аталған нысандар 2024 жылы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, ұлттық қор қаражаты есебінен Талапты елді мекеніндегі жаңа тұрғын үй алабына инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысы жүргізілетін болады.

Мұнан бөлек жергілікті бюджет қаражаты есебінен Отырар ауыл округі, Арыс елді мекеніндегі «Парасат», Қ.Толбасиев, К.Қарабеков, Қорқыт ата, Талапты ауыл округі, Көкмардан елді мекеніндегі «Бейбітшілік», Шытты елді мекеніндегі «Ынтымақ» көшелерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Халық денсаулығын жақсарту мақсатында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 2024 жылға аудан бойынша емдеу мекемелеріне жаңа құрылыс қажет ететін 2 нысан енгізіліп отыр. 2023 жылы облыстық құрылыс басқармасы тарапынан «Аққұм» дәрігерлік амбулаториясы мен «Шытты» фельдшерлік - акушерлік тіректің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылыстарын жүргізу үшін бюджетке ұсынылған. Аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан орталығынан қашықта орналасқан елді мекендердегі 3175 адам сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіліп, халықтың қолайлы өмір сүру сапасы артпақ.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары ішкі жолдарды жөндеу, аяқжол салу, жарықтандыру мәселелері бойынша көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауапты мамандар тарапынан тұщымды жауаптар алды. Жиыннан соң Жансұлтан Әділжанұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, қабылдауда көтерілген мәселелерге заң аясында нақты жауаптар берді.

Бүгіндері Түркістан облысында мәдениет саласын дамытудың тұжырымдамасы әзірленіп, негізгі бағыттары айқындалған. Таяуда ғана облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында осы мәдениет саласындағы жоспарлар талқыланған болатын. Өңір басшысы өңірдің рухани және мәдени әлеуетін көтеру, өнер саласында Түркістанның өз брендін қалыптастыру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

– Киелі қаланың, облыстың брендін жан-жақты қалыптастыруымыз керек. Әсіресе, мәдениет саласында өз бренді болғаны дұрыс. Біздің бишілеріміз де, әншілер мен ансамбльдеріміз де өзімізден шығатын әрі жергілікті екенін білдіріп тұратын сәнді киіммен өнер көрсетулері керек. Таланттарды іздеңіздер, конкурс ұйымдастырыңыздар. Өткізетін мәдени іс-шараларымыз республикалық, халықаралық деңгейде болуы қажет. Мәдениеттің барлық бағытын дамыту жұмысын жандандырыңыздар. Жауапты басқарма болғасын, аудан, қалалардың да мәдениетін жандарыңыздар. Мәдениет үйлері тек жиналыс өткізетін орынға айналмасын. Әрбір ауданның өзіндік тіршілігі болғаны сияқты, қайталанбас мәдениет бағдарламасы да болуы тиіс. Олардың заманауи бағытта жұмыс істеуін қадағалаңыздар. Сонымен қатар кітапхана пунктерін ашуды көбейтіңіздер. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру қажет. Қазір жас режиссерлар аз қаржыға жақсы сериалдар түсіріп жатыр. Туындылары орталық Азия елдерінде таралуда. Солармен байланыс орнатып, Түркістанды насихаттайтын жобаларды жасау керек. Креативті индустрияны дамыту – уақыт талабы, – деген Дархан Сатыбалды басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берген болатын.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың айтуынша, креативті индустрия аймағын құру жұмыстары қолға алынуда. Биыл мәдениет саласын дамытудың негізгі 6 бағыты бойынша жоспарлар дайындалған. Түркістан қаласының монументті өнер туындыларының орнатылуы туралы тұжырымдама дайындалды. Соңғы 3 жылда орнатылған монументті өнер туындыларына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, 17 заңсыз орнатылған монумент заңдастырылды.

Биыл ЮНЕСКО-ның халықаралық тізіміне енгізу мақсатында «Арпаөзен» тарихи-мәдени кешеніне археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде 5000-нан астам петроглиф сыры ашылып, халықаралық тізімге енгізу бойынша ұсыныс жолданады. Қазіргі таңда петроглифтердің есеп карточкалары, ғылыми сараптамалары дайындалып, жаңадан тарихи-мәдени мұра нысандары анықталды. Биыл аталған петроглифтерге зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі жүзеге асырылмақ. Облыстағы алдын ала есепке алу тізімінде тұрған жергілікті 100 тарихи-мәдени мұра обьектілеріне ғылыми сараптама жүргізіледі.

2023 жылы «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында 13 мәдениет үйін (кітапханасымен бірге) пайдалануға берілді. Биыл мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында өнім беруші үйірмелер арасында тұңғыш рет облыстық өнер байқауы ұйымдастырылмақ. «TURKIsTANYM» жобасы аясында өңірдегі киелі орындар мен Түркістан қаласындағы ерекше орындар туралы танымдық роликтер түсіріліп, әлеуметтік желілер арқылы насихатталуда. Ауылдарда отандық киноларды насихаттау бойынша тұрақты түрде кинокөрсетілімдер ұйымдастырылған. Сондай-ақ кітап оқитын оқырмандар санын арттыру, халық мәдениетін көтеру мақсатында бірқатар ауқымды жобалар ұйымдастырылды.

Биыл тұңғыш рет республикалық деңгейде жаңа термелер байқауын ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар республикалық деңгейде атап өтілетін тұлғалардың мерейтойларын атқару бағытындағы шаралардың жоспары әзірленуде.

Облыстағы өнер мекемелеріне қосымша штаттық бірліктер беріліп, кәсіби мамандар тұрақты жұмысқа тартылды. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде «Jana Lep» өнер ұжымы қалыптасты. «Құстар қайтып келеді» мюзиклі сахналанып, өнер майталмандары мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Аталған ұжым аудан, қалалардан бөлек, көрші облыстарда да өнер көрсетпек.

Облыста әлемге белгілі көркемөнер ұжымдары мен орындаушылардың, театрлардың гастрольдерін, сондай-ақ ірі шетел музейлерінің көрмелерін ұйымдастыру көзделуде. Облыстық «Балтаңдай», республикалық «Түркістан дауысы» дәстүрлі форматта өткізіледі. Халықаралық «Voice of Turan» байқауы биыл ерекше форматта өтеді деп жоспарлануда.

Жалпы Мәдениет саласындағы инфрақұрылым тәуелсіздік жылдарынан бергі уақытта қарқынды дамып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында тың серпіліс алды. Аталған стратегиялық құжатта 2025 жылға дейін елімізде 1 500 мәдениет нысанының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жоспарланған. Былтыр ғана республикада 22 нысанның құрылысы мен 287 объектіге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жоспар бойынша 40 объектінің құрылысы мен 260 нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізілуі тиіс. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Отырар ауданы: Ш.Қалдаяқов ауылында жабық спорт залының құрылысы басталады

Отырарда бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы жүйелі жұмыстар жалғасын тауып келеді. Қарақоңырлық тұрғындардың көптен бері көкейінде жүрген мәселелердің бірі ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану үшін жабық спорт залын салу болатын.

Отырар: аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов Көксарай, Аққұм ауыл округтерінің халқымен кездесті

Отырар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сейтжанов Жансұлтан Әділжанұлы түс ауа Көксарай, Аққұм ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, алда тұрған міндеттер мен атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Отырар: аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Сейтжанов Балтакөл және Маяқұм ауылының тұрғындарымен кездесті

Отырар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов Балтакөл және Маяқұм ауыл округтеріне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасап, алдағы уақытта ауылдарды дамыту бағытында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

Отырар ауданында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы Ә.Байтанаев, Ш.Уәлиханов, Ергөбек мектептерінде өткізілді.