218 шымкенттікке тұрғын үй сертификаты берілді

2024 жылға 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып, 2024 жылдың 22 қаңтарынан бастап құжат қабылдау басталды. Бүгінгі таңға 218 азаматқа 199,9 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді.

Шымкент: Жыл соңына дейін жұмыс істейтін 900 жас сатып алу құқығынсыз пәтерлі болмақ

2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 364 пәтердің құрылысы жүргізілуде, бүгінде аталған көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарланған. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, соның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады.

Шымкент: «Zhas Project» жобасының жеңімпаздары белгілі болды

«Zhas Project» жастардың бастамалары мен идеяларын қолдауға арналған мемлекеттік жоба. Жеңімпаздарға мемлекеттік грант, яғни қаржылай сыйақы беріледі. Бұл жоба 2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап Қазақстанның 20 аймағында басталған болатын. Шымкент қаласымен Батыс Қазақстан Облысында Жастар корпусын дамыту бойынша «Zhas Project» жобасын «Корган-М» ҚБ жүзеге асыруда.

Талап бойынша конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын әлеуметтік жобалар жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы келмеуі тиіс.

Шымкент: Мемлекеттік қызмет саласындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары қалада қарқынды және тұрақты жүргізіліп келеді. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік істері агенттігі Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Мақсаты – екі қолға бір күрек таппай, оқыған мамандығының нанын жегісі келіп жүргендерге көмектесу. Мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібін түсіндіру, іріктеудің қағидаларын, өңірдегі бос орындармен таныстыра отырып, жастарды мемлекеттік қызметке тарту.

Шымкентте бір мезетте 12 мыңға жуық адам мінәжат ететін мешіт ашылды

Шаһарда жаңадан бой көтерген «Сейітжан қари Есжанұлы» атындағы үлкен мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, дін ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, зәулім мешіттің ашылу рәсіміне Меккеден шейх Осман Тоhа да арнайы келген.

Шымкентте 272 мектеп оқу жылын қорытындылады

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде «Білімім-Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өтті. Шымкентте қалалық білім басқармасына қарасты 272 мектептің барлығы бірыңғай сынып сағатын еліміздің Әнұранымен ашты.

Сынып сағатының аясында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мектеп оқушыларын 2023-2024 оқу жылын табысты аяқтауымен құттықтады.

Шымкент: «Жас маман-2024» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқу орнының бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман-2024» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бұрын екіжақты келісімшарттар жасалған барлық өндірістік кешендері, ірі өндіріс орындары, орта білім беру мекемелері, жалпы саны 200 –ге жуық жұмыс беруші мемекенің өкілдері келді. Жұмыс берушілерді тікелей қатыстыра отырып, бос жұмыс орындарын ұсыну арқылы түлектерге қолайлы жұмыс орнын табуына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған жиынға келген студенттердің қатары қалың.

Шымкент аумағында шомылуға тыйым салынған 13 орын бар

Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. Нұржан Нұрханұлы атқарылған жұмыстар, қауіпсіздік талаптары мен ережелерін түсіндіріп, алдағы іс-шараларды баяндады.

Сауран ауданы: «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу өткізілді

Сауран ауданы Шаға ауылдық округіне қарасты "Молда Мұса" атындағы жалпы білім беретін мектепте «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті. Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің теолог маманы Д.Ажибай қатысты.

Шымкент: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 22 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында: 2024 жылы қаланың көркін аша түсіп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасы тарапынан 31 көпқабатты үйлердің қасбеттерін реттеу және әрлеу жұмыстары жүргізіліп, 22 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәтер иесінің өмір сүруіне қолайлы жағдай қамтамасыз етіліп, коммуналдық инфрақұрылым жақсарту жоспарлануда. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баспасөз конференциясында айтылды. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы айтып, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.