Отырар ауданында облыстық Фараби геометриялық олимпиадасы өтті

Таяуда Отырар ауданының алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі Ө.Жәнібеков атындағы №4-жалпы орта лицей-интернатында облыстық Фараби геометриялық олимпиадасы күткендегідей өз дәрежесінде жоғары деңгейде өткізілді.

Отырар ауданында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жалғасып жатыр

Түркістан облысында шіркейге қарсы күрес шаралары белсенді түрде жүріп жатыр. Бұған дейін 30 мың килограмға жуық биологиялық препарат суға жіберілген. Ал қазіргі таңда соның негізгі ошағына айналып отырған Отырар ауданында химиялық дәрілеу жұмыстары басталды. Бүгін бір топ БАҚ өкілдері жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысып қайтты.

Отырар ауданында экоакция аясында сенбілік өтіп, 300-ге жуық әртүрлі ағаш егілді

«Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Отырар ауданы Көксарай ауылдық округі әкімшілігімен бірлескен инспекторлар, ауыл тұрғындары және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жаппай сенбілікке шықты.

Отырар ауданы: көктемгі дала жұмыстарына қатысты өзекті мәселелерді шешу жолдары пысықталды

Көктемгі егіс науқаны кезінде ағын суды ретсіз пайдалану, электр қуатының берешегі, каналдарды тазалау, ағын тапшылығы секілді мәселелер пайда болып жатады. Ал, көктемгі дала жұмыстары қыза түскен шақта туындайтын мұндай мәселелердің дер кезінде алдын алмаса егістік алқаптардағы қиындықтар күрделене береді.

Отырар ауданында Арыстанбаб кесенесінің маңында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Түркістан – еліміздің туристік әлеуеті зор өңірдің бірі. Облыс орталығынан бөлек, Отырар өңірі де киелі аймақ саналады. Ежелден ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің ордасы болған Отырар - қазақ өркениетінің алтын діңгегі деп те аталады.

Отырарда жастар мен еріктілер киелі орындарда сенбілік өткізді

Отырар ауданында жастар киелі орындарда сенбілік жұмыстарын өткізіп, туристік аймақтарды күл-қоқыстардан тазартты. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында өткен шараға 150-ге жуық жастар мен еріктілер қатысты.

Отырарда адам құқықтарын қорғау жөнінде келелі жиын өтті

Отырар ауданында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Отырарда «Парктер шеруі – 2024» экологиялық акциясы ашылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Отырар ауданы Көксарай елді мекенінде «Парктер шеруі – 2024» экологиялық акциясының ашылу салтанаты өтті. Оған мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысып, мектеп аумағына 40 түп туя ағашы, 15 түп үйеңкі, 15 түп шаған көшеттерін отырғызды.

Отырарлықтар тазалық акциясында белсенділік танытты

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бастау алған болатын. Экологиялық шараны әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өткізу жоспарланған. Бүгін отырарлықтар республикалық акцияға өз үлестерін қосып, «Таза өлке» апталығы аясында аудан орталығындағы көшелердің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында «Жібек Жолы» даңғылының бойындағы арамшөптер оталып, арнайы техникалармен күл-қоқыстар шығарылды. Көше бойындағы, саябақтардағы орындықтар сырланып, ағаш-талдардың түптері әктелді.