Сауран ауданы: бөлім басшысы мен бас имам мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты

Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков және жаңадан тағайындалған Сауран ауданының бас имамы Акауов Бауыржан, Шаға, Ескі Иқан ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары аудан аумағындағы орналасқан мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Шаға, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан мешіттер мен намазханалардың жай күйін танысудан бастады.

Биыл Шымкенттегі 28 нүктеде мобильді интернет сапсы жоғарылайды

Бүгінде басқарманың мониторингтеу нәтижесінде шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы 50 нүктеде интернет сапасының төмендігі анықталған. Тест драйв жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында мобильді операторлармен 14 аумақта антенна-мачталық құрылғы қойылып оның 13 не базалық станция орнатылған. Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Шымкент қаласы бойынша қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал бар

«I-Shymkent.kz» - Шымкент қаласы бойынша қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал. Орталық атқарушы органдарының деректер базаларымен интеграциялау жұмыстарын жүргізу үшін «I-Shymkent» порталын ақпараттық қауіпсіздік сынақтарынан өту қажеттілігі туындаған. Бұл туралы өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Цифрландыру Басқармасының 2024 жылғы I тоқсандағы атқарған жұмысы мен жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды. 

Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады

Шымкентте 20-31 мамыр аралығында 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттың І-ші легі бойынша өтінім беру басталады. Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. 

Шымкенттегі балалар темір жолы серуен аймағына айналады

Қаладағы жаңғыртылып, жаңарып жатқан жобалардың басым бөлігі демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып отыр. Шымкенттегі балалар темір жолының бойы да дәл солай демеушілер көмегімен темір жол рельстері алынып, оның орнына заманауи талаптағы веложол, жаяу жүгіру жолдары, бірнеше воркаут алаңдары салынып, жан-жағы көгалдандырылатын болады. Яғни, балалар темір жолы қайта қалпына келтірілмейді. Бұл туралы қала әкімі Ғ.Сыздықбеков А.Асқаров атындағы дендробақтан бастау алған балалар темір жолын аралау барысында мәлімдеді. 

Шымкентте 13 мемлекеттік емхана халыққа медициналық көмек көрсетеді

Шымкент қаласында 13 мемлекеттік емхана халыққа медициналық көмек көрсетуде. Барлық емханаларда қызмет тіркеу орнынан басталады. Туындаған барлық сұрақтарға толық жауапты сол жерден алуға болады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде айтты. 

Шымкент: Денсаулық сақтау саласында ашықтықты енгізу мақсатында ауқымды жобалар қабылдануда

Шымкент қаласының денсаулық сақтау ұйымдарында жалпы 28 комплаенс офицерлері тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл туралы толығырақ Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде баяндады. 

Шымкентте жазушы Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті

"Шуақты күндер" кітабымен оқырманға, батыр Бауыржан келіні атымен қалың қазаққа таныс Зейнеп Ахметова шырайлы қаламызға келді. "Атамның арқасында бүгінгі дәрежеге жетіп, ел ішінде еркелеп жүрмін» деген Зейнеп Әскербекқызын Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Бақтияр Өнербаев күтіп алып, алдымен даңқты Бауыржан атамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. 

Отырар ауданының туристік әлеуеті дамып келеді

Түркістан – еліміздің туристік әлеуеті зор өңірдің бірі. Облыс орталығынан бөлек, Отырар өңірі де киелі аймақ саналады. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-на арнайы барды. Іссапар барысында Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, «Отырар төбе» қалашығының жұмысы барысымен танысты.