Түркістан облысы: бюджетке алты айта 517,5 млрд теңге салық түскен
Түркістан облысында 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік бюджетке 517,5 млрд теңге көлемінде салық түсті. Нәтижесінде жоспар 101,7 пайызға орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджет кірісі 56,8 млрд теңгеге артып отыр. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді.