Ордабасы ауданы: Наурыз айын тазалық жұмыстарына арнау керектігі айтылды
Таяуда аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигон орындары, көктем мезгіліндегі көшет егу жоспары мен елді мекендердегі тазалық жұмыстары, азаматтарды әскер қатарына жолдау, Жеңіс және Бөген ауылдық округтеріндегі нысандардың қас-келбеттерін ретке келтіру және көктемгі көшет егу шаралары бойынша жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы мәселелер қаралды.