Түркістан: тұрғын үй алу үшін алғашқы жарна 10%-ға төмендеді
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының «Отбасы банк» АҚ директорының орынбасары Дәурен Мырзатаев айтты.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының «Отбасы банк» АҚ директорының орынбасары Дәурен Мырзатаев айтты.
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Кентау қаласының ЖЭО-сына барып, ондағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысты.
Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінде 900 орындық, Жетісай қаласында 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінде 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінде 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нысандарды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Түркістан облысынан жұмыс сапарымен Қытай мемлекетіне барған делегаттар жергілікті ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бастаған делегация TOO «BNK Group LTD» компаниясының «RAGNAR», «YTO», «LUTONG» маркалы тракторлар шығаратын зауыттарына барды. Онда өндірушілермен бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыратын бірлескен зауыт салу мәселесі де қозғалды.
Ақтау қаласында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың көшпелі жұмыс отырысы және Қ.Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдығына арналған «Кітапхана ісін дамытудағы заманауи әлемдік үдерістер» тақырыбында конференция өтті.
Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылым басқармасы БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырып, қаладағы жылу қазандықтарының жай-күйімен таныстырды.
Шаһарда қазір «Қуатжылуорталық -3» мекемесіне тиесілі 23 қазандық пен 17 сорғы станциясы халыққа жылу беруде үздіксіз жұмыс істеп тұр. БАҚ өкілдері алдымен Нұрсәт шағынауданындағы көпқабатты үйлерді жылумен қамтып отырған қазандық жұмысымен танысты. «Қуатжылуорталық-3» мекемесі директорының бірінші орынбасары Нұрбек Орынбаевтың айтуынша, бұл қазандық 127 көпқабатты үй мен 8 әлеуметтік нысанды жылытады.
– «Қуатжылуорталық-3» мекемесіне тиесілі қазандықтардың 21-іне табиғи газ, 2-еуі қатты отын қолданылады. Жылу беру маусымына дейін 1100 тонна көмір алынды. Қазір барлық қазандық жоспарға сай жұмыс істеп тұр. Үйлерге жылу беру ісі даладағы ауа райына тікелей байланысты. Қазір ауа райы +15-+20 С көрсетіп тұрса, жылу қазандықтарынан +65 С жылу беріліп жатыр. Біз бұл мақсатта «Қазгидромет» мекемесімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Қолайсыз ауа райы туындайтын болса алдын ала хабар беріп, кестеге сәйкес мамандар жылудың градусын белгілейді. Мәселен, өткен жылы ауа райы -27С көрсеткенде орталықтағы қазандықтардың градусы +90 +95 С-ке көтерілді, – деді Н.Орынбаев.
Жалпы «Қуатжылу орталық-3» мекемесіндегі 823 шақырым жылу жүйесі қаладағы 2076 көпқабатты үйді, 1200-ге жуық әлеуметтік нысан мен кәсіпкерлік ғимартқа жылу жеткізеді екен.
–Биылғы жылу беру маусымы алдында 8,9 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы, 4,5 шақырым жүйеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Күрделі жөндеу екі насында, яғни Нұрсәт шағынауданы мен Адырбеков көшесіндегі жылу құбырлары жаңаланды. Қазіргі сәтте Шымкентте жылу құбырларының тозу деңгейі 37 пайызды құрап отыр. Алдағы 2024 жылы 10 шақырым жылу құбырын жаңалау үшін бюджеттік өтінім берілді, – деді қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Тимур Оспанов.
Мұнан кейін БАҚ өкілдері Солтүстік-Батыс шағынауданында орналасқан қазандықтың жұмысымен танысты. Кеңестік дәуірден келе жатқан жылу қазандығы әр жылы өз уақытында жөндеуден өтіп, құрылғылары жаңаланады екен. Жауапты өкіл Әбісаттар Әбдіғаппарұлының айтуынша, мұндағы үш қазандықтың біреуі іске қосылған. Қалған екеуі резервке алынған.
–Ауа райының жылылығына байланысты қазір бір қазандықтан жылу таралып жатыр. Күн -10 градусқа төмендесе екінші қазандықты іске қосамыз. Қақаған аяз болып, ауа райы -30 градустан да төмен болса, резервтегі үшінші қазандық іске қосылады. Өздеріңізге белгілі өткен қыс мезгілінде, атап аятқанда қаңтар айы өте суық болды. Сол кезде біз екінші қазандықты қосып, 440 көпқабатты үй мен өзге нысандарға жылу қалыпты деңгейде жетті, – деді ол.
Созақ ауданында 2027 жылға дейін 1 трлн. теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, келер жылы жоба құны 100 млрд. теңге болатын «Қазатомпром» компаниясының күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталады. «Маңғышлақ-Мұнай» компаниясы табиғи газ өндіру кәсіпорнының құрылысы басталады деп жоспарлануда. Жоба құны - 89 млрд. теңге.
Түркістан облысындағы білім нысандарының алдағы жылу беру маусымына дайындығы қатаң бақылауда. Қыстан қысылмай шығу үшін дайындық жұмыстары үлкен жауапкершілікті талап етеді. Соның ішінде жыл сайын жылу қазандықтары мен жылыту құбырларын жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары қатаң сұралады. Бұл тұрғыда Түркістан өңірінде де биылғы қысқа дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оған жауапты мамандардың қам-қарекеті Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды.
Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығы 95% пайызды құрайды. Биыл бірқатар білім ошақтарында қазандықты жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы, мемлекеттік білім беру ұйымдары орталықтандырылған, газ, сұйық отын және қатты отынмен жылытылады.
Облыста 1 275 білім беру мекемесінің ішінде 1274 білім беру ұйымының жылыту жүйелеріне гидравликалық сығымдаудан өткізілді. Білім беру ұйымдарын қатты отынмен жылыту пештерін табиғи газға ауыстыру жоспарлануда. Яғни, ол 5,5%-ға артып, 84 білім беру мекемесі, оның ішінде 6 балабақша, 77 мектеп және бір колледж қосылатын болады. 580 білім беру нысандарына қажетті 120,8 мың тонна көмір сатып алу бойынша жеңімпаздар анықталып, келісімшарт жасалды.
Арнайы мониторинг жұмыстары кей мекемелердің дайындығы мардымсыз екенін көрсетті. Қысқа дайындық жұмыстары барысын пысықтау мақсатында өткен мәжiлiсте аймақ басшысы жауапты сала басшыларына әлеуметтік нысандардың әзірлігін қатаң бақылауда ұстап, қажетті отын қорын уақытылы жеткізуді тапсырды. Дархан Сатыбалды қызметіне сарғырт қараған мекемелерге қатаң ескерту жасады. Жауапты сала басшыларына қысқа дайындықты кешіктірген білім нысандарының басшыларына шара көруді тапсырды.
- Қысқа қамдануға жаздан бері уақыт жеткілікті болды. Кестеден қалып қою, отын дайындау деңгейінің төмен болуы секілді жайттарға жол беруге болмайды. Бұның бәрі – бос сылтау. Жылыту маусымына барлығы толық дайын болуға міндетті. Бұл жұмыстарға ең алдымен әр мекеменің басшылары тікелей жауапты. Бұдан бөлек, білім ошақтарындағы мұнтаздай тазалықты сақтауға да аса мән беру керек. Тазалықты сақтамау – нағыз салғырттық,-деді облыс әкімі.
Барлық білім беру мекемелерімен қатты және сұйық отынды жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған. Қатты отын бекітілген кесте бойынша жеткізілуде. Ал, сұйық отын білім беру нысандарының резервуарларының көлеміне сәйкес бекітілген кесте бойынша жеткізілетін болады.
Жиналыста білім саласының басқару жүйесіне енгізілген өзгерістер жайлы айтылды. Үкімет тапсырмасымен аудан, қалалардың әкімдіктеріне мемлекеттік білім беру ұйымдарын әкімшілік-экономикалық қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде қаржыландыру – тиісті аудан, қаланың бюджеті есебінен жүзеге асырылады.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат
Түркістан қаласында түркі елдерінің өкілдері арасында туристік форумы басталды. Келелі жиынға Түркі Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы орынбасары, Түркістан облысы мен Қоқан қаласының әкімі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, түркі елдерінің туризмге қатысты министрліктері мен ҚР орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті, туризм саласының және қоғамдық қауымдастық өкілдері қатысты.
Түркістанда жаңадан ашылған «Мұз сарайы» алдындағы ашық алаңда «Жаңарған жер, бақ қонған ел –Түркістан!» атты мерекелік концерті өтті. Бес жылдық белеске арналған кешке облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарды құттықтады.