Созақ ауданында 6 айда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 40 миллиард теңгені құраған

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен тұрақты кездесуі Созақ ауданында жалғасты. Ел алдында есеп берген облыс басшысы биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылап, жеткен жетістіктер пен жасалған жұмыстың мән-жайымен тұрғындарды таныстырды. Сонымен қатар алға қойылған мақсат-міндеттермен бөлісіп, қолға алынатын жобаларға кеңінен тоқталып өтті. Халықпен кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Нұралы Әбішев, облыстағы барлық басқарма басшылары қатысты.

ШЫМКЕНТТЕ «САПАЛЫ ӨНІМ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата басшылары, Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің жетекшілері, кәсіпкерлер қатысып, «Сапалы өнім» тұжырымдамасы талқыланды. Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев алдымен шымкенттік кәсіпкерлердің «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастыратын ҚР Президентінің «Алтын сапа» республикалық сыйлығын алуға арналған байқауына жыл сайын тұрақты түрде қатысып, жүлделі орын алып жүргенін мәлімдеді. Бұл байқау отандық өнімнің сапасын арттыруға, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыруға жағдай жасау және халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту үшін ұйымдастырылады. Ал сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Оспан Әбиев «Сапалы өнім» тұжырымдамасы іске қосылғанын айтты. «Мұндағы мақсат – сапалы өнімдер көлемін арттыру, сатылымдағы тауарлар арасынан сапасыз өнімдерді анықтап, шара көру. Осы мақсатта қаламызда ситуациялық штаб құрылды. Оның құрамында біздің департаментімен қоса, санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің, техникалық реттеу және метрология департаментінің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар. Бүгінге дейін азық-түлік, тұрмыстық заттар мен сусындардың бірнеше түріне зерттеу жүргізілді», – дейді Оспан Әбиев.

«Сейдалиев атындағы тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша» қоғамдық бірлестігінің өкілі Айжан Сейдалиева бүгінге дейін 28 өнімге жасалған зертханалық зерттеудің нәтижесі алынғанын, нәтижелері сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жолданғанын мәлімдеді.Жиын барысында «Сапалы өнім» тұжырымдамасының мақсаты, халықаралық тәжірибесі, іске асыру тәсілдерін және алгоритмі талқыланды. Қалалық ситуациялық штабтың атқарылған жұмысы жайлы айтылды.

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 34 БАЛАЛАР ЖӘНЕ 7 СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

2023 жылы 41 балалар және 12 спорт алаңшасын салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, бүгінде 34 балалар және 7 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Қалған орындарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 30 мекенжай анықталып, 2022 жылы 22 орынға ұзындығы 13,7 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылды. 2023 жылы 17 орынға 15,1 шақырымды ирригациялық арық жүйелерін салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырым шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелерді құрайды.

2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшені асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда, 64 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.

2024 жылы жалпы 87 көшеге 48,8 км.асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қаратау ауданы аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған. 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 30 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылуда. Ал, 18 көше тұрғындар тарапынан жарықтандырылып, Шымкент қаласының энерегетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өткен.

2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Аудан аумағындағы тұрғындардың өтініштері негізінде 240 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылатын болады.

Елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша бүгінде Тұран ш/а құрылыс жұмыстары аяқталып абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Тассай т/а, Нұртас ш/а құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. Бүгінде ауданда табиғи газбен қамту көрсеткіші - 96% құрайды. 2025 жылға дейін елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткішін 100% жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Халық қатысатын бюджет шеңберінде 2023 жылы 92 жобаны жүзеге асыру жопарланған. Бүгінде 92 жобадан 62 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, 52 жобаның құрылыс жұмысы аяқталды.

«2023 жылы Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылатын болады», - деді Р.Мүлкеманов.

Сонымен қатар, 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағын (1200 абонент) электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылатын болады. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан инвест бағдарлама аясында Тассай, Таскен, Қайтпас және Сайрам елді мекендерінде электр желілерімен трансформаторлар алмастырылуда.

 

 

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 64 КӨШЕНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛЫП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұл туралы  Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов айтты.

Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырым шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелерді құрайды.

2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшені асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда, 64 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.

2024 жылы жалпы 87 көшеге 48,8 км.асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қаратау ауданы аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған. 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 30 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылуда. Ал, 18 көше тұрғындар тарапынан жарықтандырылып, Шымкент қаласының энерегетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өткен.

2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Аудан аумағындағы тұрғындардың өтініштері негізінде 240 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылатын болады.

2023 жылы 41 балалар және 12 спорт алаңшасын салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, бүгінде 34 балалар және 7 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Қалған орындарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 30 мекенжай анықталып, 2022 жылы 22 орынға ұзындығы 13,7 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылды. 2023 жылы 17 орынға 15,1 шақырымды ирригациялық арық жүйелерін салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша бүгінде Тұран ш/а құрылыс жұмыстары аяқталып абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Тассай т/а, Нұртас ш/а құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. Бүгінде ауданда табиғи газбен қамту көрсеткіші - 96% құрайды. 2025 жылға дейін елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткішін 100% жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Халық қатысатын бюджет шеңберінде 2023 жылы 92 жобаны жүзеге асыру жопарланған. Бүгінде 92 жобадан 62 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, 52 жобаның құрылыс жұмысы аяқталды.

 

 

 

ҚАЛАНЫҢ СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік спорт мектептерін аралады.

Ең алдымен, «№ 15 жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен» танысты. Мұнда олимпиадалық спорт түрлері бойынша еркін күрес, әйелдер күресі, құзға өрмелеу, грек-рим, дзюдо, таеквондо, каратэ, қабырғаға оқ атудан 531, ал олимпиадалық емес кикбоксинг, самбо спорт түрлерінен 202 спортшы шұғылдануда. Топ саны – 88, 71 жаттықтырушы бар. Биыл дүбірлі додаларда 21 алтынға қол жеткізді.

Аталған спорт мектебінің жай-күйін бақылаған қала басшысы жаңа ғимарат салуға және қасында орналасқан футбол алаңын мемлекет меншігіне алып, спорт мектебінің игілігіне айналдыруға тапсырма берді.

Қаладағы «№ 16 гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» жер көлемі 0,4241 гектарды құрайды. 505 спортшы шұғылдануда. Едендік жаттығуларға арналған гимнастикалық платформа, 4 батут, 2 акробатикалық жолақ, қонуға арналған көбік шұңқыры, әйелдер мен ерлер штангалары, сақиналары бар жақтау, атта тербелу жабдықтары, гимнастикалық бөренелер, спортшылардың жаттығу үдерісіне арналған тіреп секіру үстел спорт жабдықтары бар.

Жабдықтар залдың көп бөлігін алатындықтан, қосымша зал қажеттілігі туындап отыр. Қала әкімі мәселенің шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

«Ләззат Тәжиева атындағы № 4 олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде» шахмат, дойбы, қазақ күресі, белбеу күресі, баскетбол, гандбол, жүзу, триатлон, байдарка және каноэ спорт түрлерінен саңлақтарды дайындайды. 1 493 спортшы, 92 жаттықтырушы бар. Биыл аталған мектептің спортшылары ескек есуден байрақты бәсекелерде топ жарды. Азия ойындарында 1 алтын, 3 күміс, 1 қола, Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, ал Әлем кубогында 1 алтын медалды ел қоржынына салды.

Спорт мектебінің жағдайын бақылаған қала басшысы жауаптыларға жүзу бассейнін заманауи үлгіде қалпына келтіруді жүктеді.

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БІР МЫҢНАН АСТАМ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

Шымкентте жыл басынан 766 отбасы тарихи отанына оралып, 1 мыңнан астам этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алды. 6 айға қандас мәртебесін ұзартқандар саны 47 отбасынан 62 адамды құраған.

Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сабыржан Арапбайдың БАҚ өкілдеріне арналған брифингі барысында қоныс аударған қандастарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау барысы баяндалды. Спикердің айтуынша, қандас мәртебесін алған азаматтардың 612-і ер адам және 584 әйел адам. 400-ге жуығы 18 жасқа дейінгі жастар, 93 зейнеткер және қалған 712 адам еңбекке қабілетті азаматтар. Оның ішінде 121 адам жоғары білімді, 328 орта арнайы білімді, 226 азамат жалпы орта білімді.

Қандастардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан қоныс аударғандар. Көрші елден 1166 адам қоныс аударып отыр. Қытайдан – 16 адам, Ресейден –8 азамат, Қырғызстаннан – 1 және Ауғанстаннан 2 адам келген. Тәжікстаннан 1 және Туркиядан 2 адам қоныс аударған. Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда – саттықпен және басқа да жалдамалы жұмыстармен айналысуда. Шымкентте оларға қолдау көрсету мақсатында 2008 жылдан бері "Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы" жұмыс істейді. Сала мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 86 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда бос жұмыс орындарына, жастар практикасы және әлеуметтік, алғашкы және қоғамдық жұмыс орындарына жолданған. 46 адам «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде білім алған.

Биылдан бастап Әлеуметік Кодекс аясында қандас мәртебесін берудің жаңа тәсілі енгізіліп отыр. Құжаттар Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдігі арқылы "бір терезе" қағидаты арқылы қабылданатын болады. Сондай-ақ тарихи отанымен байланысты нығайту мақсатында шет елде тұратын этникалық қазақтарға Қазақстанда еңбек етуге және кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін «Ата жолы» картасы енгізілді. Аталған картаның иесіне елге кіру үшін ұзақ мерзімді виза алу құқығымен беріледі. Өз кезегінде "Ата жолы" картасын ұсыну туралы өтінішті этникалық қазақ Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға "Құтты мекен" ақпараттық жүйесінің мобильдік қосымшасы арқылы бере алады. "Ата жолы" картасы қолданылу мерзімі он жыл. Бірақ азаматтығы бар елдің паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімде тоқтатылады.

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 25 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Халықтың әл-ауқатын жақсартуда жұмыспен қамту аса маңызды мәселе. Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде Шымкентте жыл басынан бері 61 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 36 мың адамға жұмыспен қамтудың түрлі бағыттары бойынша қолдау көрсетілді. Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, Субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған.

Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы бүгін Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сабыржан Арапбай қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында баяндады.

БАҚ өкілдеріне арналған жиында атап көрсетілгеніндей, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша биыл 6 065 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған. Қазіргі таңда нақты – 8349 адам қамтылды. Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар мен «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы, «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс орындарына орналастырылған.

Сонымен қатар қазіргі таңда жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүзеге асырылуда. 800-ге жуық азамат жұмыс беруші мекемелерде және 1500-ден астам адам оқу орталықтарында тегін кәсіптік білім алып жатыр. Оқу сәтті аяқталған соң оларға сертификат табысталып, жұмыс беруші мекемелермен әлеуметтік келісім шарт негізінде тұрақты жұмыс орындарымен қамтылатын болады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту онлайн платформа арқылы да жүзеге асырылады. https://skills.enbek.kz/ сайты арқылы бүгінгі таңға 2 жарым мыңнан астам азамат онлайн білім алған.

Жалпы, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша биыл 23 420 жұмыс орыны (тұрақты – 22 044, уақытша – 1376) құрылатыны жоспарланған. Бүгінгі таңға 25 462 жұмыс орны ашылған.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖОБА ШЕҢБЕРІНДЕ 8 ПАЙЫЗДЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕС ЖЫЛҒА ДЕЙІН БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрмановтың қатысуымен 2021-2025 жылдарға арналған бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және өңірлік инвестицияларды ұлғайту төңірегінде өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.

Баспасөз мәжілісінде спикер кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалар және өңірдің инвестициялық ахуалына толық тоқталып өтті.

«2021-2025 жылдарға арналаған ұлттық жоба шеңберінде пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау – кіші және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналаған бағдарлама. Кәсіпкер үшін 8 пайыздық жеңілдетілген несие бес жылға дейін беріледі. Аталған субсидия экономиканы жоғарылатуға арналған салаларға басымдық береді. Несиенің ең жоғарғы мөлшері 3 млрд. теңгені құрайды. Осы ретте, кәсіпкер субсидиялау механизімі аясында өтінім беру арқылы банкке жүгінеді. Ал банк жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау жүргізеді. Одан кейін банк оң шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкерге несие ұсыну бойынша хабарлама жолдайды. Кәсіпкер банк қарастырған оң шешім бойынша «Даму» қорына өтінімімен жүгіне алады. Аталған қор оң шешім қабылдаса, кәсіпкер мен банк арасында субсидия ұсыну бойынша үш жақты келісім шарт түзіледі. Кәсіпкер банктен 21,75 пайызбен кредит алады, ал оның 13,75 пайызын «Даму» қоры арқылы субсидиялайды», - деді басқарма басшысының орынбасары.

Сонымен қатар жобаның екінші бағыты – ішінара кепілдендіру. Кепілдендіру – әрбір кәсіпкер несие алған кезде кепілдік заттары жетпеген жағдайда жаңадан өз кәсібін бастаған кәсіпкерлерге «Даму» қоры 360 млн. теңгеге дейін кепіл бола алады. Ал іс әрекеттегі кәсіпкерлер үшін 1 млрд. теңгеге дейін кепілдік береді. Бұл кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндік.

Бұдан өзге, ұлттық жоба шеңберінде кіші кәсіпкерлер үшін мемлекет – жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант ұсынады. Ол мемлекеттік грант 5 млн. теңгеге дейін. Ол үшін кәсіпкер өзінің бизнес жоспарын әзірлейді. Негізігі талап – грант иегері инновациялық жобаны ойластырып шығуы керек. Айта кетейік, бұл грантқа конкурс жылына 2 рет өткізіледі. Биыл бұл бойынша конкурс өткізілмеген.

Шымкент қаласының кәсіпкерлері үшін Ерімбетов көшесінің бойындағы №304 Г мекенжайында орналасқан арнайы фронт-офис құрылған. Онда бизнеске арналған консультация беріледі, бизнеске сүйемелдеу жұмыстары, бизнес-жоспар жазу және жеке, заңды тұлаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу қызметтері көрсетіледі.

Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламадан бөлек «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы шеңберінде кіші кәсіпорындарды қолдау шарлары жүгізіледі.

Нақтырақ айтқанда, тоқтап қалған кәсіпорындардың жұмысын жандандыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлерге дайын өдірістік алаңдар ұсынылады. Қазіргі таңда 3 өндірістік алаң жұмыс істейді. Яғни кәсіпкер бизнеске арналған жобасын жоғарыда аталған фронт-офиске алып барып, тапсырады. Ол өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралады. Бағдарламаның тиімділігі – кәсіпкер ғимарат салғаннан гөрі дайын ғимаратқа шет елден қажетті құралдарын алдырып, жұмысын дереу бастап кете алады. Өндірістік тараптың жалдау ақысын да мемлекет өтеп береді. Кәсіпкерге бірінші жылы 75 пайыз мемлекет тарапы өтеп берсе, екінші жылы 50 пайызы, үшінші жылы 25 пайызын өтейді. Аяқтан тұрып кеткен жағдайда кәсіпкер ары қарай бизнесін ұлғайтуға ұсыныс білдірсе, арнайы индустриалды аймақтардан жер учаскесін де қарастыруға мүмкіндік бар. 

ШЫМКЕНТ: АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында "Қыс - 2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы қарсаңында қысқы кезеңге қалалық коммуналдық қызметтер және азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының дайындығы тексерілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, ТЖ департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев қатысып, арнайы техникалардың дайындығын пысықтады.

– Оқу-жаттығу жиынының мақсаты – қыс мезгіліне инертті материалдардың қорын және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаменті арнайы техникасының дайындығын тексеру, техникалардың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтау, қауіпті метеорологиялық құбылыстардың пайда болуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу. Қысқа дайындық барысында анықталған барлық кемшіліктер қалалық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында қаралады, – деді ТЖ департаменті бастығының орынбасары Ж.Жабаев.

Қысқы маусымда қаланың автомобиль жолдарында 20 бағытта қалалық коммуналдық-техникалық қызметінің 155 бірлік техникасы және жеке құрамда 1385 адам жұмыс істейтін болады.

Жалпы ұзындығы 891 шақырым, қаланың 443 көшесінде қар тазалау жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда 6990 тоннадан аса тұз, 31594 текше метр құм дайындалған, инертті материалдар қорын толықтыру жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 29 бірлік техникасы мен 130 адам жеке құрамы дайындалды.

Қажет болған жағдайда қыс мезгіліне 58 жиналу-эвакуациялық пункті дайындыққа келтірілді.

 

Одан соң қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс барысын бақылады.

Аталған орталықта 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар І-ІІ топ мүгедектеріне стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Атап айтсақ, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық және педагогикалық 8 әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Қазіргі таңда 240 мүгедектігі бар азамат стационарлық режимде ем алуда. Орталықта 55 бейнебақылау орнатылған. Жалпы аумағы 0, 946 гектарды құрайды. Бүгінде арнаулы әлеуметтік орталықты күрделі жөндеуден өткізу мәселесі туындап отыр.

Орталықтың жағдайымен танысқан қала басшысы жауаптыларға мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайластыру мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және кез келген мезгілде ыңғайлы болу үшін спорт алаңшасының шатырын орнату бойынша нақты тапсырмалар берді.

ШЫМКЕНТ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫНДА БОЛЫП ҚАЙТТЫ

Отандық өнеркәсіпті дамыту, оның танымалдылығын арттыру бағытындағы «Отандық өндіріс» медиа-жобасы аясында баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шара барысында БАҚ өкілдері «Тассай» индустриялық аймағындағы жиһаз өндіруге маманданған «Mega SMART» ЖШС-ның жұмыс барысымен танысты.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі отандық өнеркәсіпті танымал ету және қазақстандық тауарлардың имиджін арттыру мақсатында бірлескен «Отандық өндіріс» медиа-жобасын іске қосқан болатын. Жоба еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарының оң тәжірибелерін көрсету, отандық тауарлар мен қызметтердің имиджін жақсартуды мақсат еткен.

«Мега Смарт» ЖШС-і МДФ жылтыр плитасын дайындап, кеңселерге қажетті жиһаз өндіреді. Еліміздегі баламасы жоқ бірегей өндіріс орны 2016 жылы іске қосылған еді.

Кәсіпорын Оңтүстік Корея технологиясымен жабдықталған. Жылына 120 мың плитаны нарыққа шығаруда

Цех басшысы Мардан Сәлімбековтің айтуынша, дайын өнімдер Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия елдеріне экспортталады. Ішкі нарықта 11 аймақ қамтылған. Бүгінгі таңда 57 жұмысшы бар. Цех басшысы мамандар жеткілікті екенін атап өтті.

Кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар шығаратын «Мега Смарт B2B» ЖШС былтыр іске қосылған болатын. Кәсіпорынның техникалық бөлімінің басшысы Руслан Тұрмаханов қазіргі таңда жылына 5000 дана жиһаз жиынтығы дайындалатынын айтады. Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер Ресей, Германиядан алынады екен.

Мұнда барлығы автоматтандырылған. Дайын өнімдер Астана, Алматы қаласына, Түркістан облысына жіберілуде. Қазіргі уақытта жиһаз өндірісінде 150 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын басшылары өндірісті одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.