ШЫМКЕНТ: САЛА МАМАНДАРЫ ЖҰМЫСШЫЛАРҒА ЕҢБЕК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Шымкент қаласының «Оңтүстік» индустриалды аймағында прократура өкілдері мен еңбек инспекторларының қатысуымен синтетикалық есірткінің қауіпі мен еңбек заңдылығын сақтау жөнінде жиын өтті. Алдымен қалалық прокуратураның басқарма прокуроры Қанат Дәрібай қоғамға үлкен қауіп төндіріп отырған нашақорлық жайында сөз қозғады.

–Синтетикалық есірткілер жасанды химиялық заттардан жасалады. Көбіне мұны есірткіге қауіпсіз балама деп сатады. Ал, шындығында химиялық есірткі адам болжап болмайтын қауіпті әсерге ие. Мұны қолдан жасағанда химиялық элементтер дұрыс араластырылмай, қабылдаған адам бірден қайтыс болуы да мүмкін. Негізінде синтетикалық есіткіні тұрақты қолданатын адамдар 5 жылдан артық өмір сүре алмайды. Мұндай нашақорлар көбіне жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болады. Нашақор болған адамда ең алдымен еңбек өнімділігі төмендеп, жұмысынан айырылады. Қоғамда абройынан, жақындарынан, отбасынан және баспанасын да жоғалтып алады. Сондықтан бұл індетпен қоғам болып бірге күресейік, - деді Қ. Дәрібай.

Мұнан кейін қалалық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов өндіріс орындарында еңбек заңдылығы жайында баяндады.

–Осы жылдың 10 айында азаматтардан еңбек құқығы бұзылғаны жайында 1301 арыз түсті. Соның аясында мекемелерге 277 тексеру ұйымдастырдық. Байқалғандай ең көп құқықбұзушылық жұмыс берушілер тарапынан орын алған. Жұмысшылардың еңбекақысын уақытылы төлемеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бұзу жағдайы жиі кездеседі. Бұл әкімшілік құқықбұзушылық болғандықтан ескерту мен айыппұл төлеуге алып келеді. Ірі кәсіпорындарға 150-200 АЕК, шағын кәсіпорындарға 60 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Азаматтарымыз ең алдымен жұмысқа орналасар алдында еңбек шартын жасау қажет.

Онда жұмысшының құқықтары мен әлеуметтік қорғалуы толық қаралған, — деді басқарма басшысы.

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН 100% ҚАМТЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов айтты.

«2023 жылы Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылатын болады», - деді Р.Мүлкеманов.

Сонымен қатар, 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағын (1200 абонент) электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылатын болады. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан инвест бағдарлама аясында Тассай, Таскен, Қайтпас және Сайрам елді мекендерінде электр желілерімен трансформаторлар алмастырылуда.

Сонымен қатар елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша бүгінде Тұран ш/а құрылыс жұмыстары аяқталып абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Тассай т/а, Нұртас ш/а құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. Бүгінде ауданда табиғи газбен қамту көрсеткіші - 96% құрайды. 2025 жылға дейін елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткішін 100% жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Халық қатысатын бюджет шеңберінде 2023 жылы 92 жобаны жүзеге асыру жопарланған. Бүгінде 92 жобадан 62 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, 52 жобаның құрылыс жұмысы аяқталды.

Айта кетейік, 2023 жылы 41 балалар және 12 спорт алаңшасын салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, бүгінде 34 балалар және 7 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Қалған орындарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 30 мекенжай анықталып, 2022 жылы 22 орынға ұзындығы 13,7 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылды. 2023 жылы 17 орынға 15,1 шақырымды ирригациялық арық жүйелерін салу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

2025 жылға дейін аудан аумағындағы 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Аудан аумағындағы тұрғындардың өтініштері негізінде 240 орынға бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін атқарылатын болады.

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА КӨП ҚАБАТТЫ 25 ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек айтты.

Ауданәкімі: «Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған»,-деді.

Нақтылап айтсақ:

Әл-Фараби ауданына – 364 үй (299 аула)

Қаратау ауданына – 4 үй (4 аула) өтті.

Қазіргі таңда аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.

Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады.

«2023 жылы 35 үйдің ауласын абаттандыру және 4 жеке сектор балалар ойын алаңшасын құру жоспарланған.

Қазіргі таңда көпқабатты 25 үйдің ауласын абаттандыру және жеке секторда 2 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары аяқталып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды»,-деді Д. Есілбек.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2024 жылға 44 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 7 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнатуға сметалық құжаттамалар әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді.

Қалған абаттандыруды қажет ететін 39 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2023 жылға 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланып, қазіргі таңда 6 алаңшаларды орнату жұмыстары аяқталу сатысында, 1 алаңшаны құру жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы 11 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.

ЖиындаДосболЕсілбекаудандаатқарылыпжатқанбасқа да шаруаларға толқалды.

 

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРЫНА АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек айтты.

2022 жылы ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,5% құраған. Биылғы жылдың қорытындысымен Шымкент қаласына қосылған 7 елді мекеннің 3724 абонентіне ауыз су құбырларын тарту жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде, Қарабастау -1590 аб., Жұлдыз-484 аб., Қаратөбе-144 аб., Тоғыс-117 аб., Жыланбұзған-16 аб., Айнатас-17 аб., Исфиджаб -1356.

2024 жылы Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысында - 340 учаске (3 үй), Оңтүстік-Жаңақұрылыста - 989 учаскеге (15 үй), Жастар көшесі және Қазығұрт станциясы (102 аб) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірленуде.

2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылады. Ал жаңақұрылыс аумақтарды 2024-2025 жылдары 100 пайыз ауыз сумен қамту жоспарланған.

Бүгінде Еңбекші ауданында табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 81,8%, жекеменшік жүйедегі 8,9%-ды құрайды.

Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді.

Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе т.а. жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» және «SK BEST SPREC STORY KZ» ЖШС-тері әзірлеп, сараптананың оң қорытындысы алынды. 2024 жылға бюджеттік өтінім ұсынылады.

Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 12,8%-ды құрайтын 5992 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.

Еңбекші ауданы бойынша кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды. Бүгінде аудан аумағында «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан құрылысы аяқталып, пәтер иелері абоненттеу жұмыстарын жүргізді.

 

 

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ТАБИҒИ ГАЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 90,7% ҚҰРАЙДЫ

Бүгінде Еңбекші ауданында табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 81,8%, жекеменшік жүйедегі 8,9%-ды құрайды.

Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді.

Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе т.а. жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» және «SK BEST SPREC STORY KZ» ЖШС-тері әзірлеп, сараптананың оң қорытындысы алынды. 2024 жылға бюджеттік өтінім ұсынылады.

Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 12,8%-ды құрайтын 5992 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланған.

2022 жылы ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,5% құраған. Биылғы жылдың қорытындысымен Шымкент қаласына қосылған 7 елді мекеннің 3724 абонентіне ауыз су құбырларын тарту жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде, Қарабастау -1590 аб., Жұлдыз-484 аб., Қаратөбе-144 аб., Тоғыс-117 аб., Жыланбұзған-16 аб., Айнатас-17 аб., Исфиджаб -1356.

2024 жылы Бадам тұрғын алабының жаңақұрылысында - 340 учаске (3 үй), Оңтүстік-Жаңақұрылыста - 989 учаскеге (15 үй), Жастар көшесі және Қазығұрт станциясы (102 аб) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірленуде.

2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылады. Ал жаңақұрылыс аумақтарды 2024-2025 жылдары 100 пайыз ауыз сумен қамту жоспарланған.

Еңбекшіауданыбойыншакәрізжүйесіменқамтылужағдайы 41%-дықұрайды. Бүгіндеауданаумағында «Ұлағат» шағынауданындакәрізжүйесініңқұрылысжұмыстарыаяқталып, қазылғанжерлердіқалпынакелтіружұмыстарыжүргізілуде.

Сондай-ақ, Жұлдызтұрғыналабындағыкөпқабатты 27 үйдікәрізжүйесіменқамтумақсатындақұрылысжұмыстарыжүргізілді. Қазіргітаңданысанқұрылысыаяқталып, пәтериелеріабоненттеужұмыстарынжүргізді.

 

 

 

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: КЕЛЕР ЖЫЛЫ 40 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек айтты.

Шымкент қаласында 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында бірқатар жобалар жүзеге асып келеді. Биыл тұжырымдаманың «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Еңбекші ауданында көпқабатты 35 тұрғын үйдің ауласына абаттандыру жұмысы жүргізіліп, ойын алаңшалары орнатылып жатыр. Сонымен қатар, жеке сектор аумағындағы 11 мекенжайда заманауи кешенді спорт және ойын алаңшаларын құру жұмыстары жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері көпқабатты 28 үйдің ауласын абаттандыру, жеке сектордағы 8 мекенжайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жұмысы аяқталған. Бүгінде Еңбекші ауданының тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасының игілігін көріп отыр. Сондай-ақ, жобасы аясында 2024 жылға бюджеттік өтінім берілген. Оның ішінде 2 гүлзар, 40 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру және жеке секторда 23 мекенжайда кешенді балалар ойын және спорт алаңшасын орнатуға арналған сметалық құжаттамалар әзірленген.

Еске сала кетейік, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың өтінімдері әр жылдың 20 қаңтарынан 1-наурызына дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімде тұрғындар өтінім беріп, екінші кезеңде электронды түрде дауыс беру процессі жүргізіледі. Тұрғындар арасында 50 дауыс жинаған жоба әкімдіктін жұмыс жоспарына енгізіліп, іске асырылады.

Еңбекші ауданы аумағындағы 2022 жылы 121 көшесі жарықтандырылған болатын. Қазіргі таңда аудан шекарасының өзгеруіне байланысты жарықтандырылған көше саны – 89 құрап отыр.

2023 жылы – 28 көшенінің 24 жарықтандырылып, 4 көше 2024 жылға өтпелі.

2024 жылға 96 көшені жарықтандыру ұсынылды. Қазіргі таңда бірінші кезекті жарықтандыруды қажет ететін көшелер тізімі жасақталуда.

Сонымен қатар, аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп 57 мекен-жай анықталған. 2022 жылы су алу қауіпі жоғары 21 мекен-жайларға ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнатылды.

Ал, 2023 жылы 13 мекен-жайға ұзындығы 6,3 шақырым ирригациялық арықтарды орнату жұмыстарын мердігер мекемелер «Маверикс», «Сәтті құрылыс» ЖШС-тері жүргізуде. Қосымша 1 көшеге салу жоспарланды.

Қалған 23 көшеге ирригациялық арық орнату 2024-2025жж. жоспарланған.

 

 

ШЫМКЕНТТЕГІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН КӨШЕЛЕР ТІЗІМІ ЖАСАҚТАЛУДА

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек айтты.

Еңбекші ауданы аумағындағы 2022 жылы 121 көшесі жарықтандырылған болатын. Қазіргі таңда аудан шекарасының өзгеруіне байланысты жарықтандырылған көше саны – 89 құрап отыр.

2023 жылы – 28 көшенінің 24 жарықтандырылып, 4 көше 2024 жылға өтпелі.

2024 жылға 96 көшені жарықтандыру ұсынылды. Қазіргі таңда бірінші кезекті жарықтандыруды қажет ететін көшелер тізімі жасақталуда.

Сонымен қатар, аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп 57 мекен-жай анықталған. 2022 жылы су алу қауіпі жоғары 21 мекен-жайларға ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнатылды.

Ал, 2023 жылы 13 мекен-жайға ұзындығы 6,3 шақырым ирригациялық арықтарды орнату жұмыстарын мердігер мекемелер «Маверикс», «Сәтті құрылыс» ЖШС-тері жүргізуде. Қосымша 1 көшеге салу жоспарланды.

Қалған 23 көшеге ирригациялық арық орнату 2024-2025жж. жоспарланған.

«Еңбекші ауданында ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды.

Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді», - деді Д.Есілбек.

Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен демеуші есебінен «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.

2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 70 көшені асфальттау жұмыстары аяқталып, 3 көшеде жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

2024 жылға ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеуге ұсынылды.

 

«КІТАП— АМАНАТ» ЖОБАСЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСТЫ

 


Өнерлі, білімді ұлттың жүзі – жарық, мұраты – асқақ. Ал, білім кітаппен келеді. Сондықтан да заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен — кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген аталы сөзі ешқашан маңызын жойған емес.

Шымкентте «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, қалалық филиал Төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық филиалдың Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, «Miras» аймақтық кеңесінің төрағасы, жазушы, публицист Момбек Әбдіәкім және өңірдің зиялы қауым өкілдері, фракция мүшелері мен оқырмандардың қатысуымен партия филиалы ғимаратында «Кітап – AMANAT» дүкенінің ашылу салтанатты өтті.

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған болатын. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Адал азамат» тұжырымдамасының мән-мағынасына терең тоқталды. Осыған орай, «AMANAT» партиясы Президенттің бастамаларына демеу болып, өз деңгейінде ұлттың зияткерлік дамуына жан-жақты қолдау көрсетуді бастап кетті. «Қазақстан Республикасы баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, нақты жоспарлар бекітілді. Міне, енді барлық облыс пен қалаларда, тіпті үлкен аудан орталықтарында да осы жылдың соңына дейін жергілікті «AMANAT» партиясының жанынан қолжетімді бағада түрлі бағыттағы кітаптар сату ісі жолға қойылады.

Жиын барысында партия хатшысы Шолпан Каринова зиялы қауыммен және жас оқырманмен әңгімелесіп, өз ойымен бөлісті.

— Бүгін «Кітап – AMANAT» жобасы аясында алтыншы кітап дүкені ашылып отыр. Жобаның болашағы зор, өміршең болады деген сенімдемін. Біздер осылайша жастарға бағыт-бағдар көрсетіп отыруымыз керек деп санаймын. AMANAT кітап дүкендерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, кітапсүйер оқырман қауымның сүйікті мекеніне айналатынына сенімдімін, — деді Шолпан Каринова.

Алқақотан жиында көрнекті ақын Ханбибі Есенқараева бастаған қауым сөз алып, өз ойларымен бөлісті.Іс-шарада Шымкент қаласының Құрметті азаматы Еркін Сатқанбаев партиялық жобаға қолдау білдіріп, өскелең ұрпақты кітап оқуға үндеді.

— Кітап – рухани азық. Рухы мықты адам, руханият көкжиегі кең ұлт қана ұлы мақсаттар жолында ешкімге есесін жібермейді. Біз осы тұрғыда кітап шығару ісін, оны тарату жолдарын, халық арасында кітап оқу мәдениетін арттыру үшін тынбай жұмыс істеуіміз қажет. Себебі, кітапты қалқан, қару еткендер ғана рухани азат бола алады. Халқымызда «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз бар, — деді ол.

Айта кетейік, партия бастамасымен ашылған кітап дүкендерінде тек кітаптар сатылып қана қоймай, авторлар, баспагерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар, жаңа басылымдардың тұсаукесерлері мен талқылаулары ұйымдастырылатын болады. Мұндағы кітап сөрелерінен оқырмандардың талғамына қарай мыңнан астам түрлі жанрдағы еңбектерді табуға болады. Осыған дейін Алматы, Астана қалалары мен Жамбыл, Павлодар, Жетісу облыстарында ашылған кітап дүкендері тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

 

ШЫМКЕНТ: ДЕПОЗИТТІК ШОТТАҒЫ ҚАЛДЫҚ 742 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

Биыл ҚР Ұлттық Банкі Шымкент филиалының депозиттік шоттағы қалдықтары – 742 млрд. теңгеден асты. Оның ішінде, заңды тұлғалар – 186 млрд.теңге, жеке тұлғалар – 556 млрд. теңгені құрайды. Ұлттық валютада 603 млрд.теңге, шетел валютасында – 139 млрд. теңге сақталып отыр. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде ҚР Ұлттық Банкі РММ Шымкент филиалының директоры Әнуар Ботанбеков мәлімдеді.

— Шымкент қаласында ЕДБ-дің 16 филиалы, оның ішінде 64 бөлімше қызмет көрсетеді. 136 айырбастау пункті, оның ішінде банктердің 73 айырбастау пункті, 63 уәкілетті ұйым жұмыс істейді.

Қала аумағында 15 МҚҰ, 5 кредиттік серіктестік, 49 ломбард микроқаржы қызметін жүзеге асырады. 33 коллекторлық агенттік жұмыс істейді. Бүгінгі таңда теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі болып табылады. Ұлттық валютаның дизайны Қазақстанның қазіргі заманын бейнелейді, барлық мемлекеттік рәміздерді, елдің сәулет объектілері мен табиғи ландшафттарының бейнелерін қамтиды. Қазақстан танталы монеталардың жалғыз өндірушісі болып табылады. 2011 жылы біздің кәсіпорын тантал енгізілген монеталар жасауға арналған инновациялық патенттің иегері болды. Тантал қазақстандық монеталардың бірегей ерекшелігіне айналды. Сонымен қатар, бізде танталдың түсін өзгерту бойынша технологиялар бар, бұл бұйымдарды жобалауға кең мүмкіндіктер ашады. Монета сарайының мамандары танталды 18 түрлі түске мен реңкке өзгертудің технологиялық әдістерін ойлап тапты, бұл монеталар дизайнын өзгертудің мүмкіндіктерін кеңейтті, — деді Әнуар Амангелдіұлы.

Айта кетейік, Халықаралық банкноттар қауымдастығының «2011 жылдың үздік банкноты» деп аталатын бірінші наградасы 2012 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік естелік банкнотына берілді.«Қазақ Елі» сериясындағы номиналы

5 000 теңгелік банкнот «2012 жылдың үздік банкноты» деген екінші наградаға ие болды. 2014 жылы ҚР Ұлттық Банкі тағы да «Жылдың үздік банкноты» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Ол «Күлтегін» түркі жазуына арналған номиналы 1 000 теңгелік естелік банкнотқа берілді.

 

Сауран: «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында кездесу өтті

Бүгін Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округіндегі Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өтті.