Сауран ауданы: майданталдық тұрғындар ағын судың жоқтығын, тас арықтардың ескіргенін айтып, жаңартуды сұрап отыр

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаты Арсылан Раматуллаев, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Әшірбеков ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады. Алдымен Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Ескі Сауран елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.

Сауран ауданында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты іс-шара өтті

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай, аудан жастары арасында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты жастарға арналған шығармашылық кеш өтті.

Сауран ауданы: Шаға ауылдық округінде жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз өсіру жобасы жүзеге асырылады

Сауран ауданы әкімінің орынбасарлары Мақсат Таңғатаров, Серік Садибаев, аудандық мәслихат депутаты Ерсұлтан Елеуов Шаға ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Сауран ауданы: тұрғындар «Иқан су» суқоймасын салу бойынша нендей жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады

Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев, аудандық мәслихат депутаттары Нұржол Қоңқабаев, Дилмухаммед Ирисбаев Жаңа Иқан ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Сауран ауданының шаруалары Алматыдағы жәрмеңкеге 40 тоннаға жуық ауыл шаруашлығы өнімдерін апарған

Қазан айының 7-8 күндері Алматы қаласында жыл сайынғы дәстүрге айналған Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеде 400 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті қайта өңдеу өнімдері нарықтан 15-20 пайыз арзандатылған бағада ұсынылды.

Сауран ауданы бойынша биыл 126,9 гектар жайылымды жерді ортақ пайдалануға қайтару жоспарланған

Ауыл тұрғындарының негізгі тіршілігі – төрт түлік. Ал жайылымдық жердің жетіспеушілігі бүгінгі күннің басты мәселесіне айналған. Өйткені ауыл іргесіндегі жерлердің басым бөлігі кезінде кәсіпкерлердің иелігіне өтіп кеткен. Соның салдарынан ауылдағы ағайын азын-аулақ малын көбейтіп, барын қорадан ұзатып баға алмай отыр.

Сауранда облыстық кітапханашылар слеті өтті

Сауран ауданында «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақпараттық мәдениет – кітапханашы, оқырман, кітап» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Шараға Облыстық мәдениет және туризм басқармасының Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің маманы Нұрдәулет Сұлтанбек, «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және 17 аудан-қаладағы кітапхана делегациялары қатысты.

Сауран ауданы: Бабайқорған ауылдық округіндегі 1147 гектар жер ортақ жайылымға қайтарылуда

Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев, аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев Бабайқорған ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Сауран ауданы: ауыл шаруашылығы бағытында несие алғандардың жалпы саны 71-ге жеткен

Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев бастап, аудан әкімінің орынбасарлары Серік Садибаев пен Мақсат Таңғатаров Иассы және Оранғай ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛ- ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ 99,9 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

Әл-Фараби ауданы Шымкент қаласының орталығында орналасқандықтан ауыз су, электр жарығы толық тартылған. Табиғи газбен қамтылуы 99,9 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда Сәуле шағынауданындағы 276–орамда табиғи газ құрылысы аяқталып, абоненттеу жұмыстары жасалып жатыр. Қарашаның соңында бұл аумақ көгілдір отынның игілігін көреді. Баспасөз брифингте аудан әкімі Рашид Мыңбаев осылай деді.

Аудандағы 390 көшенің 90,4 пайызына асфальт төселген, қалғаны тас жолдар. Биыл ұзындығы 20,9 шақырым болған 12 орталық көшеге ағымдағы жөндеу жүргізіліп, асфальт қабаты төселген. Ішкі орамнан 29 көшеге құрылыс жүргізу жоспарланып, қазір 26 көше жөндеуден өтіпті.

Осы жылдың сәуір айында аудан әкімдігіне қарасты «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында 39 қызмет түрін жүзеге асыруда. Көрсететін қызметтердің ішінде балалар және спорт алаңшаларын күтіп-ұстау, кепілдік мерзімі аяқталған алаңшаларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, зираттар мен өзге де жерлеу орындарын күтіп-ұстау, ауданның теңгеріміндегі барлық мүлікті күтіп- ұстау, көпқабатты үйлердің ауласын, ішкі орам көшелердің санитарлық тазалығы және бей-берекет жиналған қоқыстарды жинау, көпқабатты тұрғын үйлерде қысқы маусымға дайындық кезінде сығымдау жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. жұмыстар бар.

–Бүгінге дейін мекеме қызметкерлері 93 көпқабатты үйдің ауласындағы орындық тақтайшаларын ауыстырып, ойын алаңшаларындағы істен шыққан элементтерді, спорт алаңшасы қоршауларын қайта қалпына келтірілді. Сондай-ақ, 12 жаяу жүргінші жолын қайта қалпына келтірді. Мекеме қызметкерлері жыл бойы осындай қызметтерді атқара береді. Мекеменің тиімді тұсы – олқылық орын алса, дер кезінде жоюға мүмкіндік бередіі — деді аудан әкімі.

Р.Мыңбаев өз сөзінде ауданың қысқы дайындығына да тоқталды. Ауданда 926 көпқабатты тұрғын үйдің 857-сі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қазір сығымдау жұмыстары аяқталып, барлық үйге жылу берілді. Ал, қар күреу жұмысы үшін орталық көшелерге 30 техника, 6000 текше метр құм, 1300 тонна тұз әзірленген. Ішкі орам көшелеріне 16 техника, 1351 текше метр құм, 1000 тонна тұз дайындалыпты.