Сауранда «Армысың, ағайындар алыстағы» атты кеш өтті

Сауран ауданындағы мәдениет үйінде ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, Түркістан, Кентау қалаларының, Сауран ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, жерлесіміз Қасымхан Бегмановтың «Армысың, ағайындар алыстағы» атты шығармашылық кеші болып өтті.

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТИІМДІ БАҒАДА ТҰТЫНУҒА МҮМКІНДІГІ МОЛ

Мегаполис тұрғындары бір жылда 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын тұтынады. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Қала халқын ұнмен «Алтын-Дән», «Пионер», «Дос», «Тұрар», «Кемел ұн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қамтамасыз етсе, нан өнімдерімен «Ассоциация «НАН» қоғамдық бірлестігіндегі наубайханалар халық қажеттілігін өтеп отыр. Ал, макарон өнімдерімен «Барыс-2007», күнбағыс майымен «Шымкентмай», тауық еті және жұмыртқасымен «Шымкент құс», «Тассай құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері 100 пайыз қамтиды. Сиыр етімен тұрғындарды 34 пайыз қамтамасыз етіп, қосымша қажеттілік Түркістан облысынан тасымалданады.

Басқарманың ресми деректеріне сүйенсек, сүт өнімдерімен қамту орта есеппен 40-50 пайызды құрап, қалғаны Солтүстік өңірлерден және Түркістан облысынан тасымалданады. Көкөніс өнімдеріне келсек, картоп – Павлодар облысы, Қырғызстан мен Ресейден, пияз – Жамбыл облысы мен Өзбекстаннан, сәбіз – Павлодар, Жамбыл, Түркістан облысы және Ресейден, ал қырыққабат Түркістан облысы мен Өзбекстаннан тасымалданады. Бакалея өнімдерінен қарақұмық жармасы Шығыс Қазақстан облысы мен Ресейден, күріш Қызылорда облысынан келеді.

Ал, шымкенттіктерді құмшекермен Жамбыл облысы мен Ресейдің, ас тұзымен Қызылорда облысының өндірушілері қамтамасыз етіп отыр. Аталған өнімдерді жеткізумен «Каис Инвест», «Ас-Ан», «Meir-Trade Distribution company», ЖК «Сидельников» және «Прима Дистрибьюшн» секілді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, ірі дистрибьютерлік желілер айналысады.

Сонымен қатар, ұн, жұмыртқа, нан, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті өнімдерін өндіретін тауар өндірушілермен айналым бағыты бойынша келісімшарттар жасалған. Бұл қала тұрғындарына азық-түлікті тиімді бағада тұтынуға мүмкіндік береді. Ал, көкөніс өнімдерінің бағасын маусымаралық кезеңде тұрақты ұстап тұру және баға өсімінің алдын алу мақсатында шаруа қожалықтармен форвардтық келісімшарттар түзілген.

Сондай-ақ, апта сайын жергілікті тауар өндірушілердің және шаруа қожалықтардың қатысуымен қаланың 8 жерінде жәрмеңке ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда.

Айта кетейік, 2022-2026 жылдар аралығында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жол картасы аясында 61 млрд. теңгеге 45 жобаны жүзеге асырып, нәтижесінде 1 435 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Биыл 11 жоба жүзеге асырылып, 111 жаңа жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, 2023 жылы жалпы құны 15 млрд. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.

 

 

 

Сауранда Қасымхан Бегманов атындағы мектеп-гимназия ашылды

Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, Түркістан, Кентау қалаларының, Сауран ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, жерлесіміз Қасымхан Бегманов атындағы мектеп-гимназия және бөбекжай-балашасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Сауран ауданында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес қатаң жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 11-12 қазан күндері аудан көлемінде жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларды анықтау және оларға зерделеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысшы топ алгоритмге сәйкес, рейдтік жұмыстарын жүргізді.

Сауран ауданы: қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сауран ауданы, Шорнақ елді мекеніндегі А.Байтұрсынов атындағы атындағы жалпы орта мектебінде қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, әсемдік, жақсы қарым-қатынас секілді ұғымдарды таныстыруға бағытталды.

ШЫМКЕНТ КӘСІПОДАҒЫ БАЛАЛАР СУРЕТТЕРІ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗДІ

«25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы кәсіподақ мүшелерінің 7-16 жас аралығындағы балаларының арасында республикалық балалар суреттері мен плакаттары байқауының Шымкент қалалық деңгейіндегі конкурсы өткізіліп, оған қатысқан 9 оқушының үздік жұмыстары келіп түскен.
Оның ішінен, үздік деп танылған 3 оқушының үздік жұмыстары республикалық байқауға жолданып, қорытындысы бойынша оларға белсенді қатысқаны үшін «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы М.Жақыповтың атынан дипломдар және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының атынан белсенді қатысқан барлық конкурс қатысушыларына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Салтанатты марапаттау жиындары 268 адам кәсіподақ мүшесі бар Шымкент қаласының білім басқармасының №89 ІТ мектеп-лицейінде, 100-ден астам кәсіподақ мүшесі бар №95 жалпы орта білім беру мектебінде және 115 адам кәсіподақ мүшесі бар Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өткізілді.
Жиындарға арнайы барып қатысқан Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов конкурсқа қатысқан оқушылар мен мекемелердің басшыларын, мұғалімдерін, қызметкерлерін және кәсіподақ төрағаларын мерекелерімен құттықтап, конкурсқа белсенді қатысқан оқушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстап, оларды дайындаған жетекшілеріне алғыстарын айтты.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағының және Шымкент қалалық филиалының дипломдары мен бағалы сыйлықтары белсенді қатысқан төмендегі оқушыларға табысталды:
1. Қалдыбай Шұғыла - Шымкент қаласының білім басқармасының №95 жалпы орта білім беру мектебінің 5«А» сыныбының оқушысы, 10 жаста, сурет тақырыбы: «Республика күні», жетекшісі: Бердикулова Маржангүл.
2. Қабылбекова Айдана - Шымкент қаласының білім басқармасының №95 жалпы орта білім беру мектебінің 7«Б» сыныбының оқушысы, 12 жаста, сурет тақыры: «Қазақ елі», жетекшісі: Джанбуршиева Мадина.
3. Толқынбай Аида - Шымкент қаласының білім басқармасының №95 жалпы орта білім беру мектебінің 10«А» сыныбының оқушысы, 15 жаста, сурет тақырыбы: «Республика күні», жетекшісі: Бердикулова Маржангүл.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының дипломдары мен бағалы сыйлықтары:
4. Сайткәрім Інжу - Шымкент қаласының білім басқармасының №95 жалпы орта білім беру мектебінің 4«Б» сыныбының оқушысы, 9 жаста, сурет тақырыбы: «Менің Астанам», жетекшісі: Бердикулова Маржангүл.
5. Жақсылықов Нұрасыл - Шымкент қаласының білім басқармасының «№89 ІТ мектеп-лицейі» КММ-нің 8«А» сыныбының оқушысы, 13 жаста, сурет тақырыбы: «Республика күні», жетекшісі: Тукушев Амирхан.
6. Айтбай Диас - Шымкент қаласының білім басқармасының «№89 ІТ мектеп-лицейі» КММ-нің 5«Л» сыныбының оқушысы, 10 жаста, сурет тақырыбы: «Республика күні», жетекшісі: Тукушев Амирхан.
7. Камелхан Әдеміай - Шымкент қаласының білім басқармасының «№89 ІТ мектеп-лицейі» КММ-нің 5«Е» сыныбының оқушысы, 10 жаста, сурет тақырыбы: «Республика күні», жетекшісі: Тукушев Амирхан.
8. Камалдин Бексултан - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің оқушысы, сурет тақырыбы: «Менің Астанам».
9. Давлатбек Жақсылық - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің оқушысы, сурет тақырыбы: «Республика күні».
Жиын соңында №89 ІТ мектеп-лицейінің директоры Қ.Атабаев, №95 жалпы орта білім беру мектебінің кәсіподақ төрайымы А.Жупарбекова «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғыстарын білдірді.

ҰЛТ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ТАРИХИ ШЕШІМДЕР ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Қазақстанның алдында тұрған қазіргі ең басты міндет – толыққанды ұлттық-демократиялық мемлекетке айналып, тек қана заң үстемдік ететін әділетті қоғам орнату. Бірақ, бұл бір ғана билік немесе мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаруа емес, мұндай елдік мақсатқа қол жеткізу үшін бүкіл қоғам күш біріктіріп, тізе қосып әрекет етуі керек. Бір сөзбен айтқанда, бізге ұлттық бірлік керек. Ал, бірлік қайткенде болады? Елдің ішкі бірлігі бекем болуы үшін барлық саяси партиялар, қоғамдық инстиутттар мен ұйымдар және қатардағы азаматтар өз ой-пікірін ашып айтып, идеялары мен ұсыныстарын ортаға салу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

Міне, осындай сындарлы қоғамдық диалогты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылдың 14 маусымында Ұлттық құрылтай құрылды. Ол ҚР Президентінің жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесіне ие болды. Оның басты міндеті ашық қоғамдық диалогтың институтционалды моделін қалыптастыру болатын. 

 

Менің ойымша, бұған дейінгі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі пікірталастардың тақырыбы негізінен ағымдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар және саяси реформалар мәселесі болса, ал, Ұлттық құрылтайда талқылау тақырыбы жалпыұлттық құндылықтар негізінде қоғамның бірлігін бекемдеу және мемлекетті одан ары дамытуға қатысты ұзақмерзімді сипаттағы мәселелер болып отыр. 

 

Ұлттық құрылтай билік пен халық арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет атқара отырып, ұлтты біріктіре түсетін тың әрі рационалды идеяларды талқылайтын алаңға айналып келеді. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай барлық өңірлердегі Қоғамдық кеңестерді өзінің маңына топтастыра отырып, аталған ұйымдардың орнықты түрде дамуына да ықпал етіп келеді. Құрылғанына ұзақ уақыт өтпесе де ол азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес сектор, саяси партиялар мен мемлекеттік органдар арасында конструктивті диалог орнауына ықпал етіп, бүкіл қоғамның ұлттық құндылықтар арқылы бірігуіне елеулі ықпалын тигізе бастады. 

 

Ұлытау өңірінде өткен алғашқы құрылтайда Президент елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың мән-мағынасын көпшілікке түсіндіріп, жаңа технологияларды қолдана отырып аталған реформаларды жүзеге асыру ісіне қалың бұқараны тарту жайын әңгімеледі. Сонымен бірге Мемлекет басшысы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, латын әліпбиіне көшудің қыр-сыры және 25 қазан – Республика күніне ұлтық мереке мәртебесін беру секілді бірқатар өзекті мәселелерді қозғады. 

 

Ұлттық Құрылтайдың екінші отырысы исі қазаққа қастерлі шаһар Түркістанда өтіп, онда мемлекеттік нышандарды жетілдіру, ұлттық сананы жаңғырут, жас ұрпақтың тәрбиесін жетілдіру, еңбек адамының мәртебесін көтеру мен мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру секілді мәселелер сөз болды. 

Қорыта айтқанда, Ұлттық құрылтай - ел дамуына қатысты келелі мәселелер талқыланып, ұлттың болашағын айқындайтын тағдырлы шешімдер қабылданатын кеңеске айналып келеді.  

 

Бауыржан ӘЛТЕЕВ, 

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Саурдандық сарбаздар әскерге аттанды

Сауран ауданы әкімдігі мен Түркістан қаласы және Сауран ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының ұйымдастыруымен «Отанды қорғау – азаматтық борышың» атты әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Отан алдындағы абыройлы борышын өтеуге Саурандық 11 жас аттанды.